Күн көкөнісі
Күн өнімі
Сіз білесіз бе...
Ақжелкен

100г ақжелкенде – 60 ккал
Ақжелкеннің құрамында A1, B1, B2, C және E дәрумендері, сондай-ақ натрий, фосфор, темір және магний бар.
Ақжелкен ас үйдеАқжелкен тамырын көбінесе көжелерде немесе салаттарда пайдаланады. Оның хош иісті жапырақтары танымал дәмдеуіш болып табылады және ас үй шөптерінің арасында маңызды орын алады, сондай-ақ дайын тағамдарды сәндеу үшін пайдаланылады. Ақжелкен бүкіл әлемде әйгілі және италия, француз немесе араб асханаларында бағаланады.
Дәрілік өсімдіктер Ақжелкен жапырақтарында өте көп А провитамині бар. Онда темір және C дәрумені бар, бұл оның сіңірілуіне мүмкіндік туғызады. Ақжелкенді темірге бай басқа өнімдермен бірге қолдануға кеңес беріледі. Ол ас қорыту жүйесіне, несеп орындары жүйесіне жағымды әсер етеді, асқазан-ішек жолының жұмысын қуаттандырады және антисептикалық әсері болады.
Кептірілген немесе мұздатылған?
Ақжелкен жапырақтарын мұздатуға немесе кептіруге болады, бірақ мұздатылған ақжелкен көптеген мұздатылған көкөністер сияқты, көп дәрежеде қоректік құндылықтарын, әдемі түсін және хош иісін сақтайды.

Ақжелкен денсаулық үшін Аөжелкеннің кез келген бөлігі құнды және фитотерапияда қолданылады. Ақжелкен тамыры (Radix Petroselini), ақжелкен жемісі (Fructus Petroselini), ақжелкен көгі (Herba Petroselini) және ақжелкен майы (Oleum Pertroselini) дәрілердің және қайнатындылардың белгілі компоненттері болып табылады.













