Күн көкөнісі
Ақ сабақтағы ақ қалпағы бар өсірілетін саңырауқұлақ. Ең алдымен, Еуропада және ағылшын тілінде сөйлейтін елдерде өсіріледі.
Күн өнімі
Мексикандық тұздығындағы жүгері қосылған қызыл үрме бұршақ 212 мл. Қанық әрі ащы томат тұздығындағы қызыл үрме бұршақтың жүгерімен ерекше үйлесімі. Жеке тағам немесе гарнир ретінде үстелге қойыңыз.
Сіз білесіз бе...
Альфахорес
дайындау уақыты:
60 min
тағам үлестері:
20
қиындық:
орташа
Көптеген латынамерикандық елдерде және Испанияда осындай атаулы печеньені кездестіруге болады, бірақ олардың рецептілері мүлде әр түрлі.
Өнімнің сипаттамасы
Альфахорес – Аргентинада өте жақсы мәлім қоюлатылған сүт немесе джем қосылған бисквиттер (dulce de leche – “тәтті сүт”), олардың үстіне қант ұнтағын себеді немесе қара (ақ болуы да мүмкін) шoколад құяды.
Пайдаланушылар бағалары:
Сенің бағаң:
Құрамдас бөліктері
100 г ұн
150 г қант
1 жұмыртқа
2 жұмыртқаның сарысы
200 г бидай ұны
2 ас қасық коньяк
1 ш.қ. ваниль
300 г крахмал
½ ш.қ. қамырға арналған қопсытқыш
½ лимонның қабығы
қайнатып пісірілген қоюлатылған сүт
кокос жаңқасы
Дайындау әдісі
- Алдымен қамыр илеу керек. Май мен қантты бірге ерітіп, жұмыртқаның сарысын, ванильді, қамырға арналған қопсытқышты, крахмалды, лимонның қабығын қосу керек, біркелкі масса болғанша, барлығын ұнмен бірге араластыру керек.
- Қамырдан қалыңдығы 2.5-3 см және диаметрі 5 см печенье жасау керек. Жылтыр қағазға жайып қойып, 150°C температурада 20 минутқа жуық пісіру керек.
- Печенье суығанда, бір жартысына қайнатып пісірілген қоюлатылған сүт жағу, ал екіншісін үстіне қойып, жайлап қысу керек.
- Печеньені кокос жаңқасына аунату керек.
Тегтердi бұлт
Күн рецептісі
Caldo Verde – дайындау үшін "couve gallega" қырыққабатының жапырақтары пайдаланылатын дәстүрлі португал сорпасы.
ЕҢ ӘЙГІЛІ 5 рецептілер
Біздің жейтін тамағымыз біздің өмір сүруімізге мүмкіндік береді, сондай-ақ біздің денсаулығымыздың жағдайына және бақытты сезінуімізге әсер етеді. Макробиотикалық емдәм осы принципке негізделеді.













