Қоректiлiктердiң көкөнiс, диеталар, калькуляторы, рецепттер, сау қоректену

www.bonduelle.kz
en ru ro ua bg by kz

Bonduelle

Күн көкөнісі

Саңырауқұлақтардың әсерін тегін көшіріп алу
Ақ сабақтағы ақ қалпағы бар өсірілетін саңырауқұлақ. Ең алдымен, Еуропада және ағылшын тілінде сөйлейтін елдерде өсіріледі.

Күн өнімі

Мексикандық тұздығындағы жүгері қосылған қызыл үрме бұршақ 212 мл. Қанық әрі ащы томат тұздығындағы қызыл үрме бұршақтың жүгерімен ерекше үйлесімі. Жеке тағам немесе гарнир ретінде үстелге қойыңыз.
Мексикандық тұздығындағы жүгері қосылған қызыл үрме бұршақ 212 мл. Қанық әрі ащы томат тұздығындағы қызыл үрме бұршақтың жүгерімен ерекше үйлесімі. Жеке тағам немесе гарнир ретінде үстелге қойыңыз.

Сіз білесіз бе...

Американдық тағамдар

Әлемнің әр бөлігіндегі мәдениеттің, нәсілдің және діннің араласуын Американдық тағамның әр түрлілігі ең анық сипаттайды.

Көптеген халықтардың тағамдары

Американдық тағам өзінің әр түрлілігімен үнділердің, африкалықтардың, сонымен қатар Еуропа мен Азиядан ауып келгендердің тигізген әсеріне міндетті. Жеке аймақтарда аспаздық мәдениеттің қалыптасуына сол жерде өмір сүретін адамдардың салт дәстүрлері әсер етті. Сонымен қатар, американдық тағамның әр түрлілігіне елдің орасан зор аумағы да  әсерін тигізді.

 
Фаст-фуд немесе тез тамақтану
Әрине, американдық тағаммен ең бірінші біз тамақтанудың қасиетті мәдениетінен алыс түсінік – тез тамақтанумен немесе фаст-фудпен байланыстыруға дағдыланғанбыз. Осы бағытта әрі қарай айтсақ,  хот дог, гамбургер, буффало вингс сияқты ең әйгілі американдық тағамдар ойымызға келетіні шүбәсіз.
 
 
 америкалық салт- дәстүр
Қазіргі таңда, бұл тағамдар бүкіл әлемге танымал және кез келген елде қол жетімді.  Ең бастысы, американдық тағам тез дайындалумен байланыстырылады, оның нәрлілігі жоғары және жиі  салауатты емес, ал американдық тамақтанудың мәнері, тағам ұсынуы және тамақтануы тез, онша пайдалы емес қысқа жұмыс үзілістерінде үйден тыс жеңіл тамақтанумен байланыстырады.

 

Көкөністерді үстел үстіне

Басқа жағынан, құрамына жемістер мен көкөністер кіретін дәстүрлі сорпалар, бәліштер, консервілер мен салаттар да, сондай-ақ американдық мәдениетте кең таралған. Жүгері немесе асқабақ сияқты көкөністердің маңызды роліне назар аудармаса болмайды. Жүгерінің түрлері өте көп, ол көптеген тағамдардың құрамдас бөлігі болып табылады, сонымен қатар жеке де қолданылады. Маймен және тұзбен дайындалған жүгері собықтарын, танымал попкорнды немесе қуырылған жүгері дәндерін, жүгері ұнымен себілген және фрютирде қуырылған шұжықша - корн догты бүкіл дүние жүзі біледі.

Сонымен қатар, асқабақ та ерекше көкөніс болып табылады, ол, мүмкін, бәрінен бұрын 31 қазанда тойланатын Барлық әулиелер күні – Хэллоуин мерекесімен байланыстырылады. Осы күні Америка түсін қызғылтқа ауыстырады және ішкі бөліктерін алып тастағаннан кейін лампиондар түрінде қолданылатын осы көкөністердің керемет көрінісін кез келген жерден кездестіруге болады. Ең әйгілі тағамдар –  асқабақтан дайындалған сорпа, сонымен қатар асқабақты бәліш. 
 фаст фуд
 
 
Американдық дәстүр
Сонымен қатар, тартылған күрке тауық, тәтті картоп немесе Алғыс күні мейрамында ұсынылатын мүкжидекті тұздық сияқты тағамдар Американдық мәдениетте қалыптасқан.
 
Бірге тамақтана отырып, мереке үстелінің маңында барлық отбасы мүшелері жиналады. Бұл мереке егін жинауды шығарып салатын дәстүрлі алғыс дұғасымен байланысты. Американдық өмірдің ажырамас элементі болып табылатын достық кездесудің себебі барбекю немес гриль сияқты танымал таза ауадағы дәстүрлі кездесулер, сонымен қатар бақшада қабылдаулар - гарден пати болып табылады. Грильде кез келген етті - көкөністерде немесе тіпті, жемістерде дайындауға болады . Американдық гриль – бұл, ең біріншіден, әртүрлі тұздықтармен берілетін тауық қабырғалары мен қанаттары.

Сонымен қатар салаттар да орасан танымалдылыққа ие. Ең әйгілісі – Винегрет тұздығы мен рим салаты қосылған Цезарь, көкөністер мен асылған жұмыртқа қосылған Шеф салаты  - Chef’s salad,  қырыққабат пен сәбізден дайындалған Коулслоу салаты, сонымен қатар балдыркөк, алма және жаңғақтар қосылған Уолдорф-Астория салаты. Сондықтан жоғарғы тағамдық құндылығы бар қызық, салауатты тағамдардың рецептілерін өмірге әкелуге тырысу қажет, сонымен бірге ас – бұл аз уақыт пен күш жігерді арнауға тұратын өнер екендігін есте ұстау қажет.

Күн рецептісі

сіңімді португалдық сорпа
Caldo Verde – дайындау үшін "couve gallega" қырыққабатының жапырақтары пайдаланылатын дәстүрлі португал сорпасы.
Ұзақ өмір сүруге болысатын диета
Біздің жейтін тамағымыз біздің өмір сүруімізге мүмкіндік береді, сондай-ақ біздің денсаулығымыздың жағдайына және бақытты сезінуімізге әсер етеді. Макробиотикалық емдәм осы принципке негізделеді.

Дене белсенділігі

Тай Чи - негізі белсенді медитацияға бағытталған дәстүрлі Қытай тәжірибесі
Негізгі назарды белсенді медитацияға аударатын дәстүрлі қытай әдістеріне негізделген дене жаттығуларының түрі.