Қоректiлiктердiң көкөнiс, диеталар, калькуляторы, рецепттер, сау қоректену

www.bonduelle.kz
en ru ro ua bg by kz

Bonduelle

Күн көкөнісі

Саңырауқұлақтардың әсерін тегін көшіріп алу
Ақ сабақтағы ақ қалпағы бар өсірілетін саңырауқұлақ. Ең алдымен, Еуропада және ағылшын тілінде сөйлейтін елдерде өсіріледі.

Күн өнімі

Мексикандық тұздығындағы жүгері қосылған қызыл үрме бұршақ 212 мл. Қанық әрі ащы томат тұздығындағы қызыл үрме бұршақтың жүгерімен ерекше үйлесімі. Жеке тағам немесе гарнир ретінде үстелге қойыңыз.
Мексикандық тұздығындағы жүгері қосылған қызыл үрме бұршақ 212 мл. Қанық әрі ащы томат тұздығындағы қызыл үрме бұршақтың жүгерімен ерекше үйлесімі. Жеке тағам немесе гарнир ретінде үстелге қойыңыз.

Сіз білесіз бе...

Дәмді фрактал көкөнісі
Гүлді қырыққабат пен романесконың қаржы және медицина саласымен не байланысы бар ... ?

Араб тағамдары

Ислам - тек дін ғана емес,- мұсылман мәдениеті жүздеген жылдар бойы әлемдегі ең дәмді тағамдардың бірін дайындаған.

Араб тағамдарында Жерорта және Африка тағамдарының элементтері бар.  Осы тағамдарға тән ұғымдар – бұл кус-кус, қой еті, түрік бұршағы, кәді, зәйтүн, құрма, хош иісті су (апельсин ағашы мен раушан гүлінің хош иісімен), ағаш көмір және жалбыз шайы.

 
Араб дастарханында
Араб тағамында тамақтану   – бұл ең алдымен отбасында және достармен кездесу мүмкіндігі. Дәстүр бойынша барлығы дөңгелек үстелдің айналасында жастықтарда немесе аласа орындықтарда отырады. Асты тыныштықты бұзбай, әрбір тіліммен рахаттана отырып ішеді. Астан кейін шай ішу және әңгімелесу мезгілі келеді. Қолында металл құманы және мыс табақта алтын жиекті кішкентай шыны аяқтары бар үй иесін көргенде... бірден шайдың дәмін татқың келеді!
 
 
 араб тағамдары пайдалы
Қақталған тамақтар Мароккалық отбасында дәстүр бойынша әйел адам ас дайындайды. Әр адам қуырылған қой еті немесе кәуәп сияқты отқа дайындалатын тамақтарды дайындаумен айналысады.  «Ер адамдар» тамақтарының бірі құмыра түріндегі ыдыста дайындалатын дәстүрлі тамақ болып табылады. Оған қой етінің тілімдерін, көкөністер, дәмдеуіштер салып, бірнеше сағатқа ыстық күлге қояды. Бұрын мұндай тамақты карта ойынынан жеңіліп қалған адам дайындайтын.

 

араб аспаздығының құрал - жабдықтары 
 
Арабша жақсы мінез ережелері 
Ислам тағамдарында тажин немесе кус-кус  сияқты басты тамақтар дастарханның ортасында тұрады. Өзіне нан тілімдерімен көмектесе отырып, әрқайсысы тәбетті бөлікті қолымен алып, оны домалатады. Бұл ғажап шапшаңдықты талап етеді. Тек оң қолмен ғана жеуге болады, өйткені исламда сол қол  таза емес болып есептеледі (және ол гигиенаға арналған).
 

Қандағы шай промилесіМароккалықтар шай ішу үшін кез келген мүмкіндікті  – достармен кездескенде, сондай-ақ іскерлік кездесулер кезінде пайдаланады. Дәстүрлі шайды көк шай, жалбыз жапырақтарынан демдейді және көп мөлшерде қант қосады.

 

Арак

Арак Ливанның ұлттық спиртті ішімдігі болып табылады. Бұл әніс дәмі бар жүзім арағы. 2:1 мөлшерінде  сумен араластырылған, мұз қосылған аракты ішкен жақсы. Оған меззе – түрлі-түсті кішкентай жеңіл тамақтар жақсы келеді. Сондай-ақ  жақсы компания қажет.

  
 
жүзім шырыны тері мен иммунитетке пайдалы
Шанышқының орнына "өмір" 
Жеңіл тамақтарға хобз немесе айш деп аталатын нан беріледі, ол араб тілінен аударғанда «өмір» дегенді білдіреді. Көбінесе тұздықты және ет тілімдерін асхана құралдарының орнына нанмен алады. Нанның қызықты түрлерінің бірі «айш би заатар» , яғни жебіршөп және басқа дәмділіктер қосылған нан болып табылады.

 

Mezze

Таяу Шығыста дәстүрлі тамақтану меззеден, яғни жылы және суық жеңіл тамақтар жинағынан басталады. Кейде олардан тұтас түскі ас құрастыруға болады. Танымал жеңіл тамақтарға баба гануж, хуммус, фатаер немесе табуле жатады.

 араб аспаздығының рецептілері
 
 
Араб тағамдарының шағын-сөздігі
Фалафель - ұнтақталған түрік бұрышынан дайындалады
Шаурма - грек гиросының немесе түрік кебабының арабша  аналогы
Фуль - қоңыр үрме бұршақтан дайындалған қою езбе, әдетте ол жұқа нанға - питаға салынады
 
Түйенің өркешіндегі консервілер?

Араб тағамдары - бұл бұрыннан шөл дала көшпенділерінің тағамдары. Ас дайындауға арналған құрамдас бөліктерді тасымалдау үшін қолайлы болуы тиіс болды: күріш, құрма. Көшпелі керуен жолда сатып алынған өнімдерді, мысалы көкөністерді қосып, ас мәзіріне өзгерістер енгізген. Өкінішке орай, ол кезде консервілер сияқты  таңқаларлық құбылысты әлі білмеген.

 

Бақытты жетілікЖеті саны бақытты болып есептелетіндіктен, бұл сондай-ақ тағамдарда да байқалады. Дәстүрлі тамақтардың бірі жеті көкөніс (цуккини, түрік бұршағы, ащы бұрыш, сәбіз, қызанақ, пияз және асқабақ сияқты) қосылған кус-кус болып табылады.

Күн рецептісі

сіңімді португалдық сорпа
Caldo Verde – дайындау үшін "couve gallega" қырыққабатының жапырақтары пайдаланылатын дәстүрлі португал сорпасы.
Ұзақ өмір сүруге болысатын диета
Біздің жейтін тамағымыз біздің өмір сүруімізге мүмкіндік береді, сондай-ақ біздің денсаулығымыздың жағдайына және бақытты сезінуімізге әсер етеді. Макробиотикалық емдәм осы принципке негізделеді.

Дене белсенділігі

Ең жақсы жүгіруге арналған тренажер - салмақ төмендетудің ең тиімді тәсілі
Жүгіру қуаныш әкеледі, күйзеліспен күреседі және өзіңе деген сенімділік береді. Ал егер біз арықтағымыз келсе, онда джогинг ең жақсы құрал. Бұл бүкіл өмірге арналған спорт.