Күн көкөнісі
Күн өнімі
Сіз білесіз бе...
Аспаздық кітап

Біздің аспаздық кітаптың құрамында мұқият таңдалған аспаздық рецептілердің үнемі көбейіп отыратын саны бар. Сіз бүкіл әлемнің асханаларының дәмді тағамдарын, нәзік асарлықтарды және тамсанатын басытқыларды дайындауды біртіндеп түсіндіретін толық нұсқаулықпен бірге, ерекше отырысқа арналған көптеген қызықты идеяларды таба аласыз. Егер Сіздің әуесқойлығыңыз ас дайындау және тамақтану болып табылса, онда осы жер дәл Сізге арналған. Біз дәмді тағамды дайындау үшін ерекше біліктіліктің қажеті жоқ деп ойлаймыз. Кішкене ғана ықылас пен жақсы аспаздық кітап болса жеткілікті.
Сайт бойынша навигация өте қарапайым, интуициялық. Тағамның рецептісі анық бір жағдай үшін қажет пе, отбасыға арналған тағамның дәмді идеясы қажет пе немесе әлем тағамдарымен эксперимент жасағымыз келеді ме – бізге тек осыны ғана анықтау қажет.
Тағамды қалай таңдау қажет?
Біздің рецептілерімізді тексеріңіз және Сіздің тамақтануыңызды бізбен жоспарлаңыз. Бізбен бірге таңқаларлық пирожныйлар, басытқылар, пісірмелер, салаттар, балықты, етті және сорпаларды дайындаңыз. Сіздің таңдауыңызға Ratatouille – рататуй, Ниццадан алынған көкөністі тағам, Пекинше үйрек немесе керемет сицилия спагетти сияқты негізгі тағамдардың алуан түрлі рецептілері ұсынылған. Үйде дайындалған майонездің және цацикидің, сонымен қатар, осы қосымшалар қосылған тағамдардың қызықты ұсыныстарын ұсынамыз. Осында, сондай-ақ, тұздықтардың жинағы және салаттарға арналған әшекейлер бар.
Азаңғы асқа, түскі асқа және кешкі асқа не жейміз?
Сіз жақсы тағам үшін идея іздеудесіз бе? Сіз көптеген аспаздық идеяларды таба алатын, біздің аспаздық кітабымызды қарап көріңіз. Жақсы тағамның дәмін татыңыз. Балапан еті қосылған қытай омлеті және ванильді мүйіз нандар - дәмді азаңғы астың ұсыныстарын, сонымен қатар құнарлы ланч пен нәзік кешкі астың идеяларын пайдаланыңыз. Ал басытқыға Гулаб джамун – үнді басытқысы, Aльфахорес – қойылтылған сүт қосылған аргентин бисквиттері, Тирамису – маскарпоне ірімшігі бар италия басытқысы сияқты және басқа көптеген танымал әрі сүйікті тәттілер бар.
Әр күнге және мереке күнге арналған рецептілер
Сіздің есіңізден шығып кеткен мереке тақап қалды ма? Сіздің шыны аяқ кофе барысында сәтті кездесу үшін ешқандай идеяңыз жоқ па? Біздің рецептілерімізді қарап көріңіз. Сіз осы жерден маңызды жылдық мереке, туған күн, рождестволық мерекелер бойынша ұмытылмайтын кездесулер немесе жәй күнделікті тамақтану үшін шабыт аласыз. Әсіресе, қонақ күткен кезде шағын ғана асарлық ретінде мінсіз жарасатын асшаяндармен және шошқа етінен тартылған еттен дайындалған қытай шағын тұшпаралары – Вонтон рецептісін ұсынамыз.
Ұлттық тағамдардың таңдаулы рецептілері және басқа
Ұлттық тағамдардың аспаздық рецептілері барлығын жаңа тағаммен және дәммен таң қалдырғыңыз келсе бұл ең жақсы идея. Сіз бұл жерден лазань рецептісі бар әйгілі әрі сүйікті италия тағамы және ақ шараптан жасалған тұздықта бұқтырылған, нәзік француз тағамына тән құрбақа аяқтарының рецептісі сияқты еуропа асханасының рецептілерін таба аласыз. Тағамды ұнататындардың әрқайсысы шығыс тағамдарының – қытай, жапон, тай асханаларының дәмді, салауатты және, көбінесе, тез тағамдарының дәмін татып көруі қажет. Осы жерден Сіз қытай қышқыл-тәтті шошқа етін, жапон көкөністер қосылған асшаяндарын немесе шошқа етімен және асшаяндармен бірге қуырылған кеспе - тай Mи Kрoбын таба аласыз. Осы тарауда Сіз төмен калориялы вегетариандық тағамның, сонымен қатар, «фаст фудтың» дәмдерін де таба аласыз.
Екі адам немесе барлық отбасы үшін
Күнделікті тағам дайындаудың өзіңіз үшін ұлы ғанибет сезімін ашыңыз және таныстарыңызбен немесе отбасы мүшелерімен серік болғанда әсіресе дәмдірек болатын тағамдардың біздің сыннан өткен рецептілерді сынап көріңіз. Пиццалар, грильдегі тауықтың төс еті, мексика тортильясы, суши түріндегі тағамдар – осының бәрін, негізігнен, бір ыдыстан, тіпті, қолмен де жеуге болады. Сіз осы жерден, сондай-ақ, екеуге арналған романтикалық кешкі ас үшін үйлесетін рецептілерді, сарымсақты тұздықтағы креветкалар сияқты табиғи афродизиактардан тұратын тағамдарды да таба аласыз. Біздің аспаздық кітабымыздың қосымша мүмкіншілігі тағамдарды безендірудің әр түрлі әдістерін жақсы көрсететін және өз идеяларыңызды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін көптеген фотосуреттердің бар болуы болып табылады.
Сізді аспаздық жаңалықтарды ашуға шақырамыз. Егер Сіз тағам талғағыш болсаңыз, тамақ дайындағанды және өз жақындарыңызды жаңа тағамдармен таң қалдырғыңыз келсе, онда біздің біздің аспаздық кітабымызға жиі кіріп тұрыңыз. Бізбен бірге ас дайындау жеңіл әрі жағымды болады. Астарыңыз дәмді болсын!













