Қоректiлiктердiң көкөнiс, диеталар, калькуляторы, рецепттер, сау қоректену

www.bonduelle.kz
en ru ro ua bg by kz

Bonduelle

Күн көкөнісі

Саңырауқұлақтардың әсерін тегін көшіріп алу
Ақ сабақтағы ақ қалпағы бар өсірілетін саңырауқұлақ. Ең алдымен, Еуропада және ағылшын тілінде сөйлейтін елдерде өсіріледі.

Күн өнімі

Мексикандық тұздығындағы жүгері қосылған қызыл үрме бұршақ 212 мл. Қанық әрі ащы томат тұздығындағы қызыл үрме бұршақтың жүгерімен ерекше үйлесімі. Жеке тағам немесе гарнир ретінде үстелге қойыңыз.
Мексикандық тұздығындағы жүгері қосылған қызыл үрме бұршақ 212 мл. Қанық әрі ащы томат тұздығындағы қызыл үрме бұршақтың жүгерімен ерекше үйлесімі. Жеке тағам немесе гарнир ретінде үстелге қойыңыз.

Сіз білесіз бе...

Атбас бұршақтар

Латын атауы:
Vicia faba
Бұршақ тұқымдастарынан шыққан бір жылдық өсімдік, көптеген елдерде өсіріледі.
Пайдалы азықтық бұршақтар
 

100 г атбас бұршақта – 88 ккал бар.

Атбас бұршақтардың құрамында ағуыздар мен жасұнықтың, кальцийдің, фосфордің, темірдің, магнийдің, каротиннің және A, B1, B2, C, E дәрумендерінің көп мөлшері бар.

 

Ағуыздар

Атбас бұршақтардың құрамында шамамен 25% өсімдік ағуыздары бар, олардың қоректік құндылығы дәнді өнімдірдің ағуыздарынан әлдеқайда жоғары. Ол, сонымен қатар, жасұнықтың, көмірсулардың, майлардың, дәрумендердің және минералдардың көп мөлшерінің арқасында бағаланады.

 

Холестерин жоқ

Атбас бұршақтардың құрамында холестерин жоқ, оны қан айналымы жүйесінің аурулары барысында қолдануға кеңес беріледі. Сонымен қатар, асқорыту жүйесінің жұмысын да реттейді – жасұнықтың арқасында зат алмасу үдерісі тездетіледі, сондықтан емдәмдерде жиі қолданылады.

 

Трояндықтар да атбас бұршақтарды жеген

Атбас бұршақтар 5000 жыл бойы танымал. Оның іздері Қытайда, ежелгі Мысырда және, тіпті, Трояның қираған құрылыс үйінділерінен де табылған. Олар өсірілуі жеңіл, нәрлі, күш пен қуат беретін, сонымен қатар аштықты тез басатын көкөніс ретінде бағаланады – негізінен, қоғамның кедей тобымен қолданылған. Ежелде атбас бұршақтар өлімнің белгісі деп есептелінген, сондықтан оны дін қызметшілері қолдана алмаған.

 
 

 

Дәмді азықтық бұршақтар





















Дәмді әрі пайдалы

Аз тұздалған және сары майдың аз ғана мөлшері қосылған суда дайындалған жас атбас бұршақтар ең дәмділері болып табылады. Оларды салаттарға, сорпаларға және үрме бұршақ пен ас бұршақ сияқты басқа бұршақ тұқымдас өсімдіктерімен жақсы үйлесетін барлық тағамдарға да қосуға болады.

Күн рецептісі

сіңімді португалдық сорпа
Caldo Verde – дайындау үшін "couve gallega" қырыққабатының жапырақтары пайдаланылатын дәстүрлі португал сорпасы.
Ұзақ өмір сүруге болысатын диета
Біздің жейтін тамағымыз біздің өмір сүруімізге мүмкіндік береді, сондай-ақ біздің денсаулығымыздың жағдайына және бақытты сезінуімізге әсер етеді. Макробиотикалық емдәм осы принципке негізделеді.

Дене белсенділігі

Тай Чи - негізі белсенді медитацияға бағытталған дәстүрлі Қытай тәжірибесі
Негізгі назарды белсенді медитацияға аударатын дәстүрлі қытай әдістеріне негізделген дене жаттығуларының түрі.