Қоректiлiктердiң көкөнiс, диеталар, калькуляторы, рецепттер, сау қоректену

www.bonduelle.kz
en ru ro ua bg by kz

Bonduelle

Күн көкөнісі

Саңырауқұлақтардың әсерін тегін көшіріп алу
Ақ сабақтағы ақ қалпағы бар өсірілетін саңырауқұлақ. Ең алдымен, Еуропада және ағылшын тілінде сөйлейтін елдерде өсіріледі.

Күн өнімі

Мексикандық тұздығындағы жүгері қосылған қызыл үрме бұршақ 212 мл. Қанық әрі ащы томат тұздығындағы қызыл үрме бұршақтың жүгерімен ерекше үйлесімі. Жеке тағам немесе гарнир ретінде үстелге қойыңыз.
Мексикандық тұздығындағы жүгері қосылған қызыл үрме бұршақ 212 мл. Қанық әрі ащы томат тұздығындағы қызыл үрме бұршақтың жүгерімен ерекше үйлесімі. Жеке тағам немесе гарнир ретінде үстелге қойыңыз.

Сіз білесіз бе...

Күлімдеген шляпа киген қытай әйел
Кәді - әдемі күлкі үшін.

Бакалеядағы калориялар мөлшері

Пайдаланушылар бағалары:
Баға жоқ
Сенің бағаң:
Сіз осы жерден кептірілген жемістердегі, жаңғақтардағы, күнжіт және күнбағыс дәндеріндегі ағуыз, май және көмірсулар мөлшерінің кестесін таба аласыз.

Кептірілген жемістердегі калориялар

Кептірілген жемістер бастапқы шикізаттың дәмі, хош иісі, түсі сияқты белгілерін мардымды түрде сақтайды. Дегенмен, олар жаңа піскен жемістерге қарағанда әлдеқайда жоғары энергетикалық құндылығымен сипатталады. Сонымен қатар, олар, атап айтқанда, бета-каротин, калий, магний, Е және С дәрумендері сияқты көптеген құнарлы заттардың көзі болып табылады, ширығуды жеңуге көмектеседі.


Кептірілген жемістер нәрлілігінің кестесі
Өнімдер
Сан
Энергетикалық құндылығы (ккал)
Ағуыздар (г)
Майлар (г)
Көмірсулар (г)
Асқабақ тұқымы 100 г 556 24,5 45,8 18,0
Бадам 100 г 572 20,0 52,0 20,5
Грек жаңғақтары 100 г 645 16,0 60,3 18,0
Жер жаңғақтары 100 г 560 25,7 46,1 19,2
Қара өрік 100 г 267 3,5 1,2 68,9
Кептірілген алма 100 г 238 2,1 2,1 62,3
Кептірілген алмұрт 100 г 270 2,3 0,6 62,6
Кептірілген банан 100 г 390 3,9 1,8 80,5
Кептірілген итмұрын 100 г 110 3,4 0,0 21,5
Кептірілген құрма 100 г 277 2,0 0,4 74,0
Кептірілген фиги 100 г 290 3,6 1,2 78,0
Кептірілген шабдалы 100 г 254 3,0 0,4 57,7
Кешью 100 г 633 25,2 53,6 12,6
Кокос жаңғағы 100 г 380 3,4 33,5 29,5
Көкнәр 100 г 478 20,1 42,9 24,7
Күнбағыс тұқымы 100 г 561 24,4 43,7 24,6
Күнжіт 100 г 565 19,4 48,7 12,2
Қуырылған каштандар 100 г 182 3,2 2,2 33,8
Қыша тұқымдары 100 г 474 25,8 30,8 23,4
Мейіз 100 г 277 2,3 0,5 71,2
Орман жаңғақтары 100 г 640 14,4 63,0 14,9
Өрік қағы,  кептірілген сүйексіз өрік 100 г 284 5,4 1,2 72,2
Өрік, кептірілген сүйегі бар өрік 100 г 227 5,0 0,0 53,0
Пісте 100 г 589 20,5 48,5 25,0
Самырсын жаңғақтары 100 г 629 12,0 61,0 12,0
Фундук 100 г 707 16,1 66,9 9,9


Бакалея құрамындағы қоректік құндылықтар Жаңғақтар денсаулыққа пайдалы қанықтырылмаған май қышқылдары түрінде бейнеленетін ағуыз бен майдың жақсы көзі болып табылады. Асқабақ дәндерінің құрамында ағуыз, омега – 3 қанықтырылмаған май қышқылдары, селен, магний және мырыш, сонымен қатар С дәрумені және В тобы дәрумендері бар. Олар несеп органдары жүйесінің көп ауруларын емдеуде көмектеседі. Несеп айдағыш, қабынуға қарсы және өт айдау әрекеттері бар. Күнбағыс дәндері, негізінен, B1 дәруменінің, Е дәруменінің, магний мен мыстың жоғары мөлшерінің арқасында ұсынылады.

 

Бакалея және денсаулық және сұлулық

Балласт заттың арқасында бакалея ішектердің жиырылуына себепші болады, сонымен қатар қанның құрамындағы холестеринді төмендетуге көмектеседі. Сонымен қатар, балласт зат асқазанды толтыра отырып, тоқмейілділік сезімімен ұзаққа қамтамасыз етеді, бұл артық салмақпен күресуде қажет болуы мүмкін. Өз кезегінде, майлар бізге энергия береді, ағзаның дұрыс жұмыс жасауын қамтамасыз етеді, терінің жағдайына тиімді әсер етеді. Олардың арқасында, ағза майда ерітілген A, D, E, K дәрумендерін алады. Біздің ағзамызды энергиямен қамтамасыз ететін келесі құрам бөлшек көмірсулар болып табылады, оның арқасында майға деген қажеттілік төмендейді. Кальций, магний және мырыш, сонымен қатар В тобының дәрумендері мида орналасқан аштық пен тоқмейілділік аймағының жұмысн реттейді, терінің, шаштың және тырнақтардың жағдайын жақсартады. Бета-каротин қатерлі ісіктердің пайда болуымен күреседі, сонымен қатар, қартаюы салдарларынан қорғайды.
Бакалейлік емдәм, әсіресе, менопауза кезеңіндегі әйелдерге және іш қатумен қиналатын барлық адамдарға, соынмен қатар, қалжырау кезеңдерінде, ширығу жағдайларында, шиеленіс кезінде ұсынылады. Жаңғақтарға аллергиясы бар, бауыр аурулары және асқазанда жаралары бар адамдар аулақ болуы қажет.

Бакалеяның, әсіресе, жаңғақтардың мұқият шайналғаны маңызды, өткені қарама-қарсы жағдайда іш ауруларына әкелуі мүмкін.

Күн рецептісі

сіңімді португалдық сорпа
Caldo Verde – дайындау үшін "couve gallega" қырыққабатының жапырақтары пайдаланылатын дәстүрлі португал сорпасы.
Ұзақ өмір сүруге болысатын диета
Біздің жейтін тамағымыз біздің өмір сүруімізге мүмкіндік береді, сондай-ақ біздің денсаулығымыздың жағдайына және бақытты сезінуімізге әсер етеді. Макробиотикалық емдәм осы принципке негізделеді.

Дене белсенділігі

Фитнес жаттығулары біздің армандарымызды орындайды
Бұл, әсіресе соғы онжылдықта әйгілі болған миллиондаған адамдардың өмір сүру мәні.