Қоректiлiктердiң көкөнiс, диеталар, калькуляторы, рецепттер, сау қоректену

www.bonduelle.kz
en ru ro ua bg by kz

Bonduelle

Күн көкөнісі

Саңырауқұлақтардың әсерін тегін көшіріп алу
Ақ сабақтағы ақ қалпағы бар өсірілетін саңырауқұлақ. Ең алдымен, Еуропада және ағылшын тілінде сөйлейтін елдерде өсіріледі.

Күн өнімі

Мексикандық тұздығындағы жүгері қосылған қызыл үрме бұршақ 212 мл. Қанық әрі ащы томат тұздығындағы қызыл үрме бұршақтың жүгерімен ерекше үйлесімі. Жеке тағам немесе гарнир ретінде үстелге қойыңыз.
Мексикандық тұздығындағы жүгері қосылған қызыл үрме бұршақ 212 мл. Қанық әрі ащы томат тұздығындағы қызыл үрме бұршақтың жүгерімен ерекше үйлесімі. Жеке тағам немесе гарнир ретінде үстелге қойыңыз.

Сіз білесіз бе...

Пияздың көзді қатты жасаурататындығы мен ащы дәмі бәрімізге таныс. Сондай-ақ, пиязды қолданудың неше түрлі жолдары бар екенін білеміз. Ендіше пиязды пайдалану жолдарына тоқталып өтейік.

Балдыркөк

Латын атауы:
Apium Graveolens
Асқа шар тәрізді пішінді тамыры, сондай-ақ хош иісті қытырлақ сабақтары мен жапырақтары қолданылады.
Даярланған балдыркөк көкөністері
 
Балдыркөктің 100 г – 18 ккал
Құрамында калий, мырыш, кальций, темір, фосфор, магний, С дәрумені, В тобының, РР, Е дәрумендері, А дәрумен негізі сияқты маңызды көп минералды заттар бар.

 Қысымды реттегіш

Қытай медицинасында балдыркөкті жоғарғы қысымға қарсы дәрі ретінде қолданады. Зерттеулер балдыркөк құрамында артериалдық қысымды реттейтін заттардың барлығын растады.
  

Төзімділікті жоғарылатады

Балдыркөктің құрамында қабыну мен суық тиюге қарсылықты нығайта отырып, біздің төзімділік жүйемізге әсер ететін С дәрумені бар.

 

Көтеріңкі көңіл-күй үшін Емдік қасиеттерге ең алдымен шикі балдыркөк ие. Ол асқазан ауырғанда, буын ауырғанда, семіздікте, қуық ауруларында пайдалы. Балдыркөктен жасалған салаттар мен шырындар көтеріңкі көңіл-күйде болу үшін көмектесетін өте жақсы көкөніс болып табылады, олар ағзаны уыттардан тиімді тазартады.

 
Табиғи афродизиак
Тіпті, ежелгі заманда да балдыркөк афродизиак деп есептелген. Ерлерге балдыркөк қосылған дәмді тағамды, ал әйелдерге, ежелгі римдіктерге еліктеп, оның жапырақтарынан жеңімпаз гүлтәжін жасауды ұсынамыз. Ал адалдыққа діни ант бергендер үшін, балдыркөктің пайдалы әсерін тек буын ауруына қолдану ғана қалды. Сонымен қатар, көгерген жерге және жараларға балдыркөктің шырынынан жасалған компресс ұсынылады.
 
 
 Пайдалы балдыркөк көкөністері
Дәріханадан асханаға

Балдыркөк Еуропаның және Азияның батпақты жерлерінде өсетін жабайы өсімдіктерден шыққан. Алғашқыда ол емдік шөп ретінде қолданылды, сонымен қатар үстел әшекейі қызметін атқарды. Тек XVII ғасырда ғана оны өзінің тікелей мақсаты бойынша қолданыла бастады. Америкаға XIX ғасырдың басында жетті. Қазіргі таңда, ол екі түрде: сағақты және тамырлы түрде өсіріледі.

Күн рецептісі

сіңімді португалдық сорпа
Caldo Verde – дайындау үшін "couve gallega" қырыққабатының жапырақтары пайдаланылатын дәстүрлі португал сорпасы.
Ұзақ өмір сүруге болысатын диета
Біздің жейтін тамағымыз біздің өмір сүруімізге мүмкіндік береді, сондай-ақ біздің денсаулығымыздың жағдайына және бақытты сезінуімізге әсер етеді. Макробиотикалық емдәм осы принципке негізделеді.

Дене белсенділігі

Йога элементтері бұлшық еттерді созу және бүгу жаттығуларына қосылды
Бұл өте қиын түсінік, бірақ қазіргі таңда көбі йоганы денсаулықты және дене тұлғасын жақсартуға, ішкі тепе-теңдікті сақтауға арналған жаттығулар түрі деп есептейді.