Күн көкөнісі
Күн өнімі
Сіз білесіз бе...
Бөрікгүл
100 г бөрікгүлде – 57 ккал бар.
Бөрікгүлде жасұнық, калий, кальций, темір, фосфор, каротин, B1, B2, PP және C дәрумендері бар.
Қалай пайдалану қажет
Бөрікгүлде, ең алдымен, гүлтұғыры және жапырақтар жұмсағы жеуге жарамды болып табылады. Бөрікгүлдің сабағын және төбесін кесеміз, қарайып кетпес үшін лимон шырынын бүркеміз және тұздалған суда 20 минут қайнатамыз. Жапырақтар қалауыңыз бойынша дайындалған тұздықтарға батырылады, ал ішкі жағы – яғни гүлтұғыры бөрікгүлдің ең тәтті жері болып есептеледі және бөлек қолданылады немесе салаттарға қосылады.
Бөрікгүл денсаулық үшін пайдалы
Оның құрамында қант – инулиннің бар болуы арқасында – бөрікгүл қант сусамырымен ауыратын адамдармен қолданыла алады. Сонымен қатар, бөрікгүл холестерин мен триглицеридтардің деңгейін азайтатын дәрілер өндірісінде де қолданысын тапқан. Сонымен бірге, бөрікгүл жапырақтарында флаваноидтар бар, олар бауыр мен өт қабының жұмысын реттейді. Флавоноидтер қатты антиоксиданттар болып саналады – олар бос радикалдарды жояды және онкологиялық дерттердің пайда болу қаупін азайтады.
Афродизиак
Ежелгі заманның өзінде адамдар бөрікгүлдің күшейткіш күшіне сенген. Бөрікгүлдің жүрегі деп аталатын нәзік гүлтұғырын шикі немесе пісірілген күйде жыныстық қиыншылықтарға және жалғыз оған ғана емес…қарсы тамаша антидот ретінде қолдануға кеңес беріледі.

Табиғи косметикалық құрал
Бөрікгүл косметикада және косметика өндірісінде бағалы өнім болып табылады. Сүт, тоник, крем және бетперде сияқты косметикалық құралдардың құрамына кіреді. Теріге қорғаныш, тазалағыш, асептикалық және тартылу әсерін береді, қабыну үдерістерінің алдын алады, безеулерді емдеу кезінде көмектеседі. Ауырсындырмайтын, вирусқа қарсы және аллергияға қарсы қызмет атқарады.












