Қоректiлiктердiң көкөнiс, диеталар, калькуляторы, рецепттер, сау қоректену

www.bonduelle.kz
en ru ro ua bg by kz

Bonduelle

Күн көкөнісі

Саңырауқұлақтардың әсерін тегін көшіріп алу
Ақ сабақтағы ақ қалпағы бар өсірілетін саңырауқұлақ. Ең алдымен, Еуропада және ағылшын тілінде сөйлейтін елдерде өсіріледі.

Күн өнімі

Мексикандық тұздығындағы жүгері қосылған қызыл үрме бұршақ 212 мл. Қанық әрі ащы томат тұздығындағы қызыл үрме бұршақтың жүгерімен ерекше үйлесімі. Жеке тағам немесе гарнир ретінде үстелге қойыңыз.
Мексикандық тұздығындағы жүгері қосылған қызыл үрме бұршақ 212 мл. Қанық әрі ащы томат тұздығындағы қызыл үрме бұршақтың жүгерімен ерекше үйлесімі. Жеке тағам немесе гарнир ретінде үстелге қойыңыз.

Сіз білесіз бе...

Бұршаққынды үрме бұршақ

Латын атауы:
Phaseolus vulgaris
Жасыл және сары бұршаққынды үрме бұршақ өте жақын туыстықта тұрады. Бұл екі түрдің ұқсас дәмі және қоректік заттардың ұқсас мөлшері бар.
Собықты бұршақ көкөністері
 
 Бұршаққынды үрме бұршақтың 100 г - 24 ккал
Құрамында С дәруменінің елеулі мөлшері, А дәрумен негізі, В тобының дәрумендері, Е дәрумені, фолий қышқылы, минералдар және жасұнық бар.
 
 

Тіпті басқа
Бұршаққынды үрме бұршақты дайындау әдісі (тұтастай, тікелей бұршаққында) оны үрме бұршақтың барлық түрлерінен ерекшелейді.

 

Саулықпен жадыра
Бұршаққынды үрме бұршақтың құрамындағы C, A, E дәрумендері, сондай-ақ мырыш бос радикалдармен тиімді күреседі және біздің терімізді жас әрі сау реңмен қамтамасыз етеді.

Сау жүрек

Бұршаққынды үрме бұршақтың құрамындағы талшықтың, фолий қышқылының, магний мен калийдің үйлесуі инфаркт қауіп-қатерінің туындауын төмендетеді.

Жас әрі нәзік

Бастапқыды асқа бұл көкөністің тек дәндері ғана қолданылды. Үрме бұршақтың жас бұршаққындарынан ләззат табуды түсінгендердің алғашқылары итальяндықтар болды (XVII ғасыр). Сол заманда ол пісіп кетпеу үшін қамдана отырып, бақшаға күнде қарап, жас үрме бұршақты жинаған. Уақыт өте, бағбандар француз үрме бұршағы (French Beans) деп аталатын нәзік бұршаққынды сұрыпты шығарды.

 

Майлы үрме бұршақ
Сары бұршаққынды үрме бұршақты француздар майлы үрме бұршақ деп атайды, мүмкін бұл оның түсіне және ауызда еру қабілетіне байланысты болар.
 
 
Сары собықты бұршақтар
 

Мінсіз тұлға үшін

Жасыл және сары бұршаққынды үрме бұршақ жеуге жарамды жас бұршаққындарды асқа қолдану үшін өсіріледі. Бұл емдәмдік тағамның маңызды кұрамдас бөлігі. Ол басқа үрме бұршақтармен салыстырғанда ағуыздарға аса бай емес, бірақ құрамында көбірек дәрумендер бар.

Құрғақ бұршақтармен салыстырғанда құрамындағы талшықтардың азырақ мөлшерінің арқасында, оның нәрлілігі төмен және оңай сіңіріледі.

Қане, бұршаққынды үрме бұршақпен тамақтанайық, сонда біздің тұлғамыз оған ұқсас болады!

Күн рецептісі

сіңімді португалдық сорпа
Caldo Verde – дайындау үшін "couve gallega" қырыққабатының жапырақтары пайдаланылатын дәстүрлі португал сорпасы.
Ұзақ өмір сүруге болысатын диета
Біздің жейтін тамағымыз біздің өмір сүруімізге мүмкіндік береді, сондай-ақ біздің денсаулығымыздың жағдайына және бақытты сезінуімізге әсер етеді. Макробиотикалық емдәм осы принципке негізделеді.

Дене белсенділігі

Неліктен көпшілік әйелдер аэробика немес фитнестің орнына іш биін таңдайды
Ішпен билейтін бидің басқа аты бұл „raks sharki”. Оның тарихы, тіпті, Ежелгі Мысырда басталды және бірнеше мыңжылдықты есептейді.