Күн көкөнісі
Ақ сабақтағы ақ қалпағы бар өсірілетін саңырауқұлақ. Ең алдымен, Еуропада және ағылшын тілінде сөйлейтін елдерде өсіріледі.
Күн өнімі
Мексикандық тұздығындағы жүгері қосылған қызыл үрме бұршақ 212 мл. Қанық әрі ащы томат тұздығындағы қызыл үрме бұршақтың жүгерімен ерекше үйлесімі. Жеке тағам немесе гарнир ретінде үстелге қойыңыз.
Сіз білесіз бе...
Соя бұршақтары көптеген аурулардан сақтайды. Бұл факт Жапон және Қытай халықтарының тамақ ішу жолдарын зерттеу арқылы табылған. Себебін білген жөн.
Чапати
дайындау уақыты:
60 min
тағам үлестері:
3
қиындық:
жеңіл
Чапати – таба нанға ұқсас үнді наны, оны қара бидай ұнынан жасайды және темір блахада пісіреді.
Өнімнің сипаттамасы
Таба нандар көкөністер қосылған әр түрлі тамақтарға, күрішке және дхал көжесіне беріледі. Чапатиге дайын тамақты орап, оны қасықтың орнына пайдаланады. Таба нанның өлшемі өңірге және тағамға байланысты болады, бірақ орташа көлемі 10 см-ге жуық диаметрде болады.
Пайдаланушылар бағалары:
Сенің бағаң:
Құрамдас бөліктері
1 ½ стакан қара бидай ұны
½ ш.қ. тұз
1 стакан су
2 ас қас. тортасы айырылған сары май
Дайындау әдісі
- Үлкен ыдысқа ұнды елеп, тұз қосып, араластыру керек. Ортасына саңылау жасап, асықпай су құйып, 7 минутқа жуық илеу керек. Бетін жауып, жарты сағатқа қойып қою керек.
- Дайын қамырды 16 бірдей бөлікке бөлу керек. Әрқайсысын 10-15 см диаметрде жұқа таба нанға жаю керек.
- Табаны қыздырып, оған чапатиді салу керек. Көпіршіктер пайда болғанша бір жағын пісіріп, сонан соң екінші жағына ауыстыру керек. Сүлгінің көмегімен таба нанды абайлап басып, тағы да екінші жағына аудару керек. Чапати жақсы пісірілуі тиіс.
Беру тәсіліЧапатидің бір жағына сары май жағып, жылуын сақтау үшін, таба нанды бірінің істіне бірін қою керек.
Тегтердi бұлт
Күн рецептісі
Caldo Verde – дайындау үшін "couve gallega" қырыққабатының жапырақтары пайдаланылатын дәстүрлі португал сорпасы.
ЕҢ ӘЙГІЛІ 5 рецептілер
Біздің жейтін тамағымыз біздің өмір сүруімізге мүмкіндік береді, сондай-ақ біздің денсаулығымыздың жағдайына және бақытты сезінуімізге әсер етеді. Макробиотикалық емдәм осы принципке негізделеді.













