Қоректiлiктердiң көкөнiс, диеталар, калькуляторы, рецепттер, сау қоректену

www.bonduelle.kz
en ru ro ua bg by kz

Bonduelle

Күн көкөнісі

Саңырауқұлақтардың әсерін тегін көшіріп алу
Ақ сабақтағы ақ қалпағы бар өсірілетін саңырауқұлақ. Ең алдымен, Еуропада және ағылшын тілінде сөйлейтін елдерде өсіріледі.

Күн өнімі

Мексикандық тұздығындағы жүгері қосылған қызыл үрме бұршақ 212 мл. Қанық әрі ащы томат тұздығындағы қызыл үрме бұршақтың жүгерімен ерекше үйлесімі. Жеке тағам немесе гарнир ретінде үстелге қойыңыз.
Мексикандық тұздығындағы жүгері қосылған қызыл үрме бұршақ 212 мл. Қанық әрі ащы томат тұздығындағы қызыл үрме бұршақтың жүгерімен ерекше үйлесімі. Жеке тағам немесе гарнир ретінде үстелге қойыңыз.

Сіз білесіз бе...

Тәрелкедегі түсті қырыққабат
Жазушы гүлді қырыққабат жайлы.

Чех тағамдары

Чех асханасы кнедликтерімен, сондай-ақ сырамен жақсы үйлесетін тойымды тағамдарымен танымал.

Тағамдар тарихпен және салт-дәстүрмен өте қатты байланысты. Тағамдар, мысалы Германия сияқты көрші елдердің асханасының әсерінен жиі түзетілген, көне славян рецептілерімен дайындалады. Чехияның Австро-Венгриялық Империяда ұзақ уақыт болуы да өзінің аспаздық ізін қалдырып кетті. Сонымен қатар, осы жерде қалған көршілердің – Словакияның, неміс Бавариясының және польшалық Силезияның асханасына деген ишараны да оңай табуға болады.

 

Түскі ас – бұл негіз

Күнделікті чех мәзірі үш тамақтанудан – азаңғы астан, түскі астан және кешкі астан тұрады, ал түскі ас тәуліктің негізгі тамақтануы болып табылады.
 
 
    чех кешкі асы
Кемшілігі жоқ сорпа, бас тағам және басытқы, бұл бәрінен бұрын, жиірек, бірақ жұғымдылығы аздау тағамдармен тамақтанудың үлестеріне бола бас тартатын бір нәрсе. Чех асханасы – бұл, ең бастысы, шошқа еті, сиыр еті және құс еті, маймен, қаймақпен немесе майда қуырылған, ұнтақталған кептірілген наннан немесе ұннан дайындалатын дәстүрлі дәмдеуішпен тұздалған, хош иісті тұздықтар, нан мен қаныққан ет немесе балық қайнатпаларында дайындалған сорпалар.

Чех дәмдері

Дәстүрлі сорпадан немесе қызанақты сорпадан басқа, чех дастраханындағы танымал сорпаларға сарымсақты сорпа - «cesnakova polevka», қарындардан дайындалған сорпа - «drstkova polevka» және гуляш сорпасы жатады. Гуляш – «gulas», яғни хош иісті, жақсылап тұздалған тұздықта бұқтырылған ет және, әрине, картоптың немесе күріштің орнына ет тағамдарына қоса берілетін, үстіне қою тұздық құйылған тоқашты, ашытқылы немесе картопты кнедликтер үлкен танымалдылыққа ие. Сонымен қатар, қуырылған гүлді қырыққабат - «smazeny kvatak», картоп құймақтары - «bramboráky» немесе бұршақ езбесі - «hrachova kase» сияқты көкөністі тамақтар да өзіндік тән тағамдар болып табылады.Сондай-ақ, нан ұнтағына аунатылған, тұздықпен және фри картобымен берілетін, ерекше қуырылған сүзбені - «smazeny syr» еске түсірмеуге болмайды. Ал чех «фаст-фуды»  «parek v hladniku» - көшедегі далба дүкендерде сатылатын, қышамен немесе кетчуппен бірге қолданылатын жіңішке шұжығы бар бөлке нан болып табылады. Өз кезегінде, сыраға берілетін ең танымал асарлық «утопенцалар» - сірке суында маринадталған сарделькалар болып табылады. Егер де басытқылар жайында сөз болатын болса, кнедликтердің тәтті нұсқасынан басқа, құймақтар мен құймақшаларды - «palacinky», сондай-ақ Карловарлық облаткаларды – шоколадты немесе жаңғақты салмасы бар вафлилерды немесе тәтті айшық нандарды – rohlicky дастархан үстінен көруге болады.

 Чех көкөністері
 
 

Чех дастарханындағы көкөністер мен көк

Жақыннан бері, салауатты тамақтанудың таралған салтына байланысты, чехиялықтар өз емдәмдерінде көкөністер мен көктің болуына назар аудара бастады. Қызанақтардан, қиярлардан немесе консервіленген көкөністерден басқа, олардың дастарханында біз енді басқа, қанығырақ салаттарды да көре аламыз. Бұршақ тұқымдас көкөністер немесе қырыққабат ерекше бағаланады.

 

Сыраға деген табынушылық

Сыраның шамамен 500 түрі, танымал «Pilsner» немесе «Budweiser», сондай-ақ әйгілілеріне ешнәрсемен де дес бермейтін, онша әйгілі емес жергілікті мақсаттағы сыралар, бұл чех дәстүрінің ажырамас бөлігі. Салт жорасы тек сыраны өңдіру ғана емес, сонымен қатар, оны құю және ішу. Осы саладағы тамақ талғағыштар мен мамандар сыра баяу, ерекше назар аударумен және қастерлеумен құйылуы қажет деп есептейді, өйткені осыған ең маңыздысы – бокалдағы көбіктің мөлшері мен сапасы байланысты.

Күн рецептісі

сіңімді португалдық сорпа
Caldo Verde – дайындау үшін "couve gallega" қырыққабатының жапырақтары пайдаланылатын дәстүрлі португал сорпасы.
Ұзақ өмір сүруге болысатын диета
Біздің жейтін тамағымыз біздің өмір сүруімізге мүмкіндік береді, сондай-ақ біздің денсаулығымыздың жағдайына және бақытты сезінуімізге әсер етеді. Макробиотикалық емдәм осы принципке негізделеді.

Дене белсенділігі

Аэробикалық жаттыгулар қадамын үйрену
Аэробика сөзі "оттегімен" деген мағынаны білдіреді. Аэробикалық жаттығулар қуатты және төзімділікті арттырады, сондай-ақ аурулардан қорғайды.