Қоректiлiктердiң көкөнiс, диеталар, калькуляторы, рецепттер, сау қоректену

www.bonduelle.kz
en ru ro ua bg by kz

Bonduelle

Күн көкөнісі

Саңырауқұлақтардың әсерін тегін көшіріп алу
Ақ сабақтағы ақ қалпағы бар өсірілетін саңырауқұлақ. Ең алдымен, Еуропада және ағылшын тілінде сөйлейтін елдерде өсіріледі.

Күн өнімі

Мексикандық тұздығындағы жүгері қосылған қызыл үрме бұршақ 212 мл. Қанық әрі ащы томат тұздығындағы қызыл үрме бұршақтың жүгерімен ерекше үйлесімі. Жеке тағам немесе гарнир ретінде үстелге қойыңыз.
Мексикандық тұздығындағы жүгері қосылған қызыл үрме бұршақ 212 мл. Қанық әрі ащы томат тұздығындағы қызыл үрме бұршақтың жүгерімен ерекше үйлесімі. Жеке тағам немесе гарнир ретінде үстелге қойыңыз.

Сіз білесіз бе...

Сіздің көздеріңіздің қорғаушысы - брокколи
Жасыл брокколи көздерді қорғайды.

Чизкейк

дайындау уақыты:
90 min
тағам үлестері:
4
қиындық:
орташа
Чизкейк – бұл Германияда ғана емес, сонымен бірге бүкіл әлемде танымал басытқы.
Өнімнің сипаттамасы

Неміс әдебиеттерінде чизкейктің ең ескі рецептісі 1596 жылы жазылған болатын, ол кезде  Анна Алярм  оны өзінің аспаздық кітабында алғаш рет жариялады. Ал 100 жыл өткен соң Нюрнбергтік Рецептер Кітабында осы басытқыны дайындаудың бірнеше тәсілі айтылған .

Чизкейктің негізі ылғи да сүзбе, міндетті түрде тұздалмаған сүзбе болған, оған қант, жұмыртқа,  сүт қосады, сонан соң алынған қоспа қыздырып пісіріледі. Өте жиі чизкейкке жидектерді: таңқұрайды, қара бүлдіргенді, шиені, қызыл және қара қарақатты, қарамықты; сондай-ақ жемістерді: алманы, алхорыны, апельсинді, мейізді, бадамды және т.б. қосқан.

ірімшік тортының германдық мәнері
Пайдаланушылар бағалары:
Таңғажайып
Сенің бағаң:
Құрамдас бөліктері

Қабығы:
2 тостаған еленген ұн
4 қасық сары май, не маргарин
1/2 тостаған түйіршіктелген қант
1 үлкен жұмыртқа
1 қасық  кондитер өнімдеріне арналған ұнтақ

Салмасы:
3 тостаған үгілген сүзбе
1/2  тостаған жүгері  крахмалы
1 қасық ас содасы
1 тостаған түйіршіктелген қант
4 үлкен жұмыртқа
1/2 қасық үгілген лимон қабығы
1/2 қасық ванилин экстракты
1 тостаған қышқыл қаймақ
1 тостаған мейіз

Дайындау әдісі

Қабығы:

  • Үлкен тәрелкеде барлық құрамдас бөліктерді араластырып, май қосып, қамыр біртекті болғанша араластыру керек,
  • Қамырды  2 тең бөлікке бөлу керек,
  • Бірінші жартысымен қаңылтыр табаның  түбін 23 см-ге толтырып, екінші жартысымен бүйірлік сызығының деңгейіне дейін құю керек,
  • Сондай-ақ пішінін қолмен жасап көруге де болады,
  • Толтырудың алдында суыту керек.


Салмасы:

  • Духовканы 190°C дейін қыздыру керек,
  • Сүзбені елек арқылы өткізу керек,
  • Жүгері крахмалын ас содасымен араластыру керек,
  • Үлкен ыдыста сүзбені, қантты, лимон қабығын және ванилинді араластыру керек,
  • Біркелкі масса алынғанша араластыру керек,
  • Жүгері крахмалынан және ас содасынан алынған қоспаны қосу керек,
  • Қышқыл қаймақ мен мейізді қосып, сонан соң араластыру керек,
  • Алынған қоспаны қабықтың ішіне құйып, бір сағат бойы қыздырып пісіру керек,
  • Ортасы жұмсақ болуы тиіс,
  • Духовканы қосып, есігін ашық қалдыру керек,
  • Қамырды бөлме температурасына дейін салқындату керек.


Беру тәсілі
Бөлме температурасында беру керек.

Күн рецептісі

сіңімді португалдық сорпа
Caldo Verde – дайындау үшін "couve gallega" қырыққабатының жапырақтары пайдаланылатын дәстүрлі португал сорпасы.
Ұзақ өмір сүруге болысатын диета
Біздің жейтін тамағымыз біздің өмір сүруімізге мүмкіндік береді, сондай-ақ біздің денсаулығымыздың жағдайына және бақытты сезінуімізге әсер етеді. Макробиотикалық емдәм осы принципке негізделеді.

Дене белсенділігі

Фитнес жаттығулары біздің армандарымызды орындайды
Бұл, әсіресе соғы онжылдықта әйгілі болған миллиондаған адамдардың өмір сүру мәні.