Қоректiлiктердiң көкөнiс, диеталар, калькуляторы, рецепттер, сау қоректену

www.bonduelle.kz
en ru ro ua bg by kz

Bonduelle

Күн көкөнісі

Саңырауқұлақтардың әсерін тегін көшіріп алу
Ақ сабақтағы ақ қалпағы бар өсірілетін саңырауқұлақ. Ең алдымен, Еуропада және ағылшын тілінде сөйлейтін елдерде өсіріледі.

Күн өнімі

Мексикандық тұздығындағы жүгері қосылған қызыл үрме бұршақ 212 мл. Қанық әрі ащы томат тұздығындағы қызыл үрме бұршақтың жүгерімен ерекше үйлесімі. Жеке тағам немесе гарнир ретінде үстелге қойыңыз.
Мексикандық тұздығындағы жүгері қосылған қызыл үрме бұршақ 212 мл. Қанық әрі ащы томат тұздығындағы қызыл үрме бұршақтың жүгерімен ерекше үйлесімі. Жеке тағам немесе гарнир ретінде үстелге қойыңыз.

Сіз білесіз бе...

Дене белсенділігі

Пайдаланушылар бағалары:
Өте жақсы
Сенің бағаң:
Дене белсенділігі салауатты өмір сүрудің қажетті элементі болып табылады. Қандай жаттығулар және қалай жасау қажет? Өзіңіз үшін белсенді дем алудың түрін таңдаңыз.



Дене белсенділігі біздің өмірімізде маңызды роль атқарады, бірақ біздің тек бір бөлігіміз ғана қандай да бір спортпен тұрақты шұғылданамыз. Әрқайсымыздың рахат сезімін сыйлайтын спорттық жаттығуларды табуға мүмкіндігіміз бар. Әсіресе, денсаулыққа пайдалы әсерді таза ауадағы қозғалыс береді. Дем алудың белсенді түрлерінің жоғалып бара жатқан танымалдылығы өзекті мәселеге айналды. Ал, белсенділіктің болмауы темекі шегу немесе холестериннің жоғарғы деңгейі сияқты денсаулықа сондай зиянды әсер етеді.

 

Спорттық жаттығулар мен дене белсенділігінің денсаулыққа әсері

Жүйелі дене белсенділігі көптеген аурулардың алдын алудың тиімді әрі арзан әдісі болып табылады. Ол денсаулықтың күйін әр түрлі қалыпта жақсартады:

  • жүрек бұлшықетінің қызметін төмендетеді
  • жүрек-қан тамырлары ауруларының қауіп-қатерін төмендетеді
  • сүйектің салмағын арттырады
  • боркеміктіктен қорғайды

 

Дене белсенділігі және психика

Дене белсенділігінің жағымды әсері психологиялық өрісте де сезіледі.

Дене белсенділігі қорқу сезімін төмендетеді, күйзеліспен күресуге көмектеседі, ұйқыны жақсартады және көңіл-күйдің субъективті бағасын да көтереді.

 

Сонымен қатар, басқалармен бірге орындалатын дене белсенділігі үлкен ықпалдасу ролін атқарады. Дене белсенділігі күнделікті қиыншылықтарды ұмытудың әдісі болып табылады, күнделікті күйзеліс туралы ұмытуға мүмкіндік туғызады, өйткені Сіз өзіңізді жаттығуға толығымен бағыштайсыз. Дене жүктемесінің арқасында көңіл-күй жақсарады, бұл, әрине, хал-жағдайға жағымды әсер етеді.

 

Дене белсенділігі және емдәм

Дене белсенділігі калориялардың жағылуын күшейтеді, бұл дене салмағының төмендеуіне және қалаған салмақты ұстауға мүмкіндік туғызады. Тұрақты дене белсенділігі негізгі зат алмасуға пайдалы әсер етеді, тәбетті төмендетеді және дененің майлы салмағын азайтуға көмектеседі. Дене жаттығуларының арқасында біз тек ажарлы көрінбейміз, сонымен қатар, өзімізді жақсы сезінеміз және де семіздікпен байланысты көптеген қиыншылықтардан аулақ боламыз.

 

Қосымша пайда Егер дене белсенділігімен және жаттығулармен тұрақты айналысуды бастау үшін адам ағзасына пайдалы әсердің дәлелі жеткіліксіз болса, онда «қарсы емеспін» дәлелі біздің құмартуымызға оңды әсер етуі болуы мүмкін. Спортпен шұғылданған кезде, біздің құштарлығымзды басқаратын гормондар бөлінеді. Спорт, сонымен қатар, біздің дене пішімімізге және қарсы жыныс өкілдері үшін сексуалды тартымдылыққа үлкен әсер етеді.

Деннің саулығын, пішімін және жастықты ұзаққа сақтау үшін спортпен тұрақты шұғылданыңыз. Жаттығулардың таңдалған түрімен танысқан және өзіңіз үшін сәйкес түрін таңдаған жөн.

 

Аэробика - бұл ағзаның оттекке деген қажеттілігін арттыратын бұлшықеттердің көп мөлшеріне бағытталған ырғақты жаттығулар.

 

Аква аэробика спортпен тұрақты шұғылданбайтын тұлғаларға, сонымен қатар, үлкен жастағы тұлғаларға да ұнайды.

 

Калланетик бұл үйде тиімді шұғылдануға болатын тынығатын жаттығудың түрі.

 

Пилатес дене мен сезімді ширататын қайталанбалы қозғалыстардың сериясынан тұрады, дене үйлесімділігіне мүмкіндік туғызады және әр түрлі жастағы және дайындықтың әр түрлі деңгейі бар адамдарға тура келеді.

 

Фитнесс – бұл аэробиканың жаттығуларымен және батпандармен бірге жаттығуларды, сонымен қатар, сәйкес емдәмді біріктіретін жаттығу.

 

Йога – онымен өмір сүру мәнері болатын, өз тәні мен жанын жетілдірудің әдісі ретінде шұғылдануға болар еді.

 

Тай Чи – бұл негізгі екпінді белсенді медитацияға аударатын, дәстүрлі қытай әдістеріне негізделген дене жаттығуларының түрі.

 

Фитбол – бұл, әсіресе, қарттарға, жүкті және босанған әйелдерге ұсынылатын, керемет ойынмен біріктірілген қауіпсіз жаттығу.

 

Степ – бұл аэробиканың түрі, артық калорияларды жандыруға, майдан айырылуға және жүрек-қан тамырлары жүйесінің жұмысын жақсартуға көмектесетін қозғалыстардың қарқынды түрі.

 

Стретчинг бұлшықеттердің ауруға деген сезімталдылығын төмендетеді, жарақаттардың алдын алады және үлкен жүктемеден кейін қайта қалпына келуге көмектеседі.

 

Джогинг – бұл аз ғана жылдамдықтағы жүгіру. Арнайы орынды да, құрылғыларды да, қиын жаттығу жинақтарын да талап етпейтін, өте әйгілі спорт түрі.

 

Ішпен билеу – бұлшықеттерді тиімді нығайтады және денені сергітеді.

Күн рецептісі

сіңімді португалдық сорпа
Caldo Verde – дайындау үшін "couve gallega" қырыққабатының жапырақтары пайдаланылатын дәстүрлі португал сорпасы.
Ұзақ өмір сүруге болысатын диета
Біздің жейтін тамағымыз біздің өмір сүруімізге мүмкіндік береді, сондай-ақ біздің денсаулығымыздың жағдайына және бақытты сезінуімізге әсер етеді. Макробиотикалық емдәм осы принципке негізделеді.

Дене белсенділігі

Ең жақсы жүгіруге арналған тренажер - салмақ төмендетудің ең тиімді тәсілі
Жүгіру қуаныш әкеледі, күйзеліспен күреседі және өзіңе деген сенімділік береді. Ал егер біз арықтағымыз келсе, онда джогинг ең жақсы құрал. Бұл бүкіл өмірге арналған спорт.