Қоректiлiктердiң көкөнiс, диеталар, калькуляторы, рецепттер, сау қоректену

www.bonduelle.kz
en ru ro ua bg by kz

Bonduelle

Күн көкөнісі

Жаңа ұнтақталған ақ бұрыш тағамдарды одан әрі дәмді етеді
Жемістерінің сұрыбына байланысты әр түрлі пішіні, түсі және көлемдері бар жылу сүйетін өсімдік.

Күн өнімі

Томат пастасы 417 мл. Ерітілетін құрғақ заттардың 25-28% массалық үлесі бар жоғарғы сұрыпты томат пастасы. Құрамында тек қызанақтар ғана бар.
Томат пастасы 417 мл. Ерітілетін құрғақ заттардың 25-28% массалық үлесі бар жоғарғы сұрыпты томат пастасы. Құрамында тек қызанақтар ғана бар.

Сіз білесіз бе...

Ұзын қызыл Чилилер кәрзеңкесі
Бұрыштың ащылық шамасы бар.

Диеталар

Пайдаланушылар бағалары:
Өте қызық
Сенің бағаң:
Біздің емдәмдер катологын пайдаланыңыз, қалай тиімді арықтауға және денсаулыққа пайдалы тамақтануға болатынын біліңіз. Емдәм мен диететика туралы қызық әрі пайдалы ақпаратты танып біліңіз.

пайдалы диета жоспары

 

Біз неге емдәмдерді қолданамыз?

Арықтауға арналған емдәмдерді артық килограмдардан құтылу үшін, спортшылар жоғары қуатты емдәмдерді нәтижелерді жақсарту үшін, вегетариандықтар жануарларды сақтау үшін қолданады.

 

Ең әйгілілері, әрине, арықтауға арналған емдәмдер болып табылады. Арықтау стратегиясын біздің қол жеткізгіміз келетін анық мақсаттарға сәйкес құруымыз қажет. Біз өзіміздің жасымыз бен денсаулық күйін ескеруіміз қажет. Бұл өте маңызды, өйткені жақсы емдәм мінсіз тура келуі қажет. Дене салмағының тез төмендеуі ағзаның қуаттан, дәрумендер мен құнарлы құндылықтардан айыру есебінен жүргізілмеуі қажет. Тамақтанудағы барлық қателер теріге, шашқа және тырнақтарға әсер етеді.

 

Денсаулық пен сұлулық жағдайын жақсарту мақсатында, біз шоғырлануды жақсартатын, кейбір онкологиялық аурулардың пайда болу мүмкіндігін төмендететін, күйзеліспен күресуге көмектесетін және көңіл-күйді көтеретін денсаулық емдәмін қолдануды ұсынамыз. Осындай емдәм, сонымен қатар, ойлау амалы болып табылады, теріс қалауларға берілмеген жөн, ал екінші жағынан алып қарасақ, салауатты емдәм бұл адамға арналған емдәм, бірақ, ешқандай да керісінше емес.

Біздің кейбіреуіміз үшін емдәм жәй ғана тамақтану дағдыларының "жаппай өзгеруі". Бұл біз өмір бойы ауыртпалықсыз жалғастыра алатын тамақтану әдісінің анықтамасы.

 

Емдәм кім үшін?

Біздің емдәміміздің дене салмағын төмендету тілегімізге ешқандай қатысы жоқ жағдайлар болады. Кей уақытта біз душар болатын өмірлік жағдай біздің тамақтану салтымызды анықтайды. Біздің әрқайсымыздың талаптарымыз қалай бөлінеді, сонымен қатар емдәр де солай бөлінеді.

 

Өздерінің тамақтану салты баланың денсаулығына қаншалықты орасан зор әсер ететіні туралы есеп беретін жүкті әйелдерге арналған емдәм. Бұл емдәм, еш күмәнсіз, ағзаны кальций мен магнийдің көп мөлшерімен қоректендіретін студентке арналған емдәмнен өзгеше болады. Қарттарға арналған емдәм басқа талаптарға - қартаю үдерісін кідіртуге пайдалы әсер ететін, көңіл-күйді жақсартатын және сергектік сезімін беретін талаптарға жауап беруі қажет. Кей кездері өздерінің күш-жігерлеріне қарамастан, салмақ жетіспеушілік қиыншылықтары бар адамдар да кездеседі, оларға арнайы салмақ жинауға арналған емдәм көмектесе алады.

 

Маусымдық емдәмдер Емдәмді таңдау жыл мезгіліне жиі байланысты, ол тек біздің ағзамыздың басқа құнарлы құндылықтарына деген өзгеретін қажеттіліктеріне ғана әсер етіп қоймады. Жыл мезгілдері, сондай-ақ, біздің емдәміміздің біз таңдаған элементтерінің қол жетімділігін анықтайды. Жаздық емдәм тура бақшадан алынған көкөністерге, шырынды жемістерге, балғын көктерге бай болады. Қыстық емдәм бізді қуатпен қамтамасыз етуі және біздің иммунитетімізді көтеруі қажет. Қыста біздің калориясы жоғары және құнарлы тағамдармен тамақтану қалауымыз пайда болады, өйткені біздің ағзамыз қуаттың көп үлесін қажет етеді. Емдәмді ұзақ ұстану үшін айтарлықтай үлкен ерік күші жоқ адамдар үшін бір күндік емдәм немесе үш күндік емдәм дәл келеді.

 

Емдәмнен шығу

Тиімді емдәмнен басқа, одан ағзаны дұрыс шығарудың үлкен маңызы бар. Емдәмнен шығу сақтаған салмақты ұстауға көмектесетін тиімді үдеріс болып табылуы қажет. Қанағаттанарлық әсерді алу үшін салмақты біртіндеп жоғалту және төмен калориялы тамақтану режімінен кезеңмен шығу жеткілікті. Ұзақ мерзімді әсерді күтуде тамақтанудың жақсы мәнерін және дене белсенділігінің сәйкес үлесін үнемі ұстану қажет. Ағзаның калориядағы күндізгі қажеттілігін анықтау көбіне пайдалы болып табылады, өйткені, негізінен, олар салмақты ұстауға, жоғалтуға және өсуіне жауап береді. Ағзаға калорияның үйлесімді мөлшерінің енуі дұрыс зат алмасуға және йо-йо әсерінің жоқ болуына алып келеді.

 

Сізге сәйкес келетін емдәмді бізбен бірге таңдаңыз.

Күн рецептісі

Ащы көз тартарлық бұқтырылған сиыр еті
Пучеро – Аргентинаға испандық колонизаторлар әкелген тамақ.
Кеңсе қызметкерлеріне арналған тамаша диета
"Аштықтан қалай өліп қалмауды", сонымен бірге кішкене арықтауды біз сізге айтып береміз. Тағамдағы әдеттеріңізді дәл қазір өзгерткен жөн.

Дене белсенділігі

Аэробикалық жаттыгулар қадамын үйрену
Аэробика сөзі "оттегімен" деген мағынаны білдіреді. Аэробикалық жаттығулар қуатты және төзімділікті арттырады, сондай-ақ аурулардан қорғайды.