Күн көкөнісі
Күн өнімі
Сіз білесіз бе...
Емдәмнің арқасында көктемгі әлсіреуді бастан өткізу
Күйзеліске қарсы Қысқа күндер, күн жарығының жетіспеуі және температураның өзгеруі біздің ағзамызға да, көңіл-күйімізге де жақсы әсер етпейді. Біз әлсіздікті, енжарлықты және шаршағандықты сезінеміз. Осы мезгілде, жақсы қалыпты сақтау үшін, біздің ағзамызға қажетті құрамдас бөлшектерді бере отырып, оған көмектескен жөн.

Сондықтан, ашытылған қырыққабат, ақжелкен, брюссель қырыққабаты, үрме бұршақ, брокколи, гүлді қырыққабат, қызыл бұрыш, пияз және сарымсақ сияқты өнімдердің біздің емдәмімізде болуына тырысу қажет. Ерте пісетін көкөністер мен жемістер пайда болғанша, қоректік заттарға бай мұздатылған көкөністер мен жемістерді қолданған жөн. С дәрумені, сондай-ақ, кивидің, цитрустердің немесе жабайы райханның жемісінің құрамында бар. Әр тамақтану барысында құрамында С дәрумені бар өнімдердің біздің ас үлесімізде болуын есте ұстау қажет.
Қанықтырылған май қышқылдары Жүйке жүйесінің дұрыс жұмыс жасауына жауап беретін омега-3 қышқылдары теңіз балығының, сонымен қатар, рапс майының және бидай өсінділерінен алынған майдың құрамында бар. Біздің ағзамыздың инфекцияға қарсыласуын күшейтетін омега-6 қышқылдары соя, күнбағыс майларының және жүзім сүйектерінен алынған майдың құрамында бар. Май қышқылдары біздің ағзамызды, мысалы өзін жылытуға қажетті қуатпен қамтамасыз етеді.

Тірі бактерияларды өсіруАйран, йогурт және қатық біздің ағзамыздың ауруларға деген қарсыласуына өте жақсы әсер ететін және біздің төзімділік жүйеміз үшін қажет пайдалы ферментті бактериялардың нағыз қазынасы болып табылады.
Жылытатын сорпалар Біздің ағзамызды дәмді сорпа сияқты сондай жақсы жылытатын ешнәрсе жоқ. Ал ол, сонымен қатар, пайдалы болуы үшін, майда күйдірілген, ұнтақталған кептірілген нандар мен ұнмен тұздалған немесе өте көп қаймақ қосылған сорпалардан аулақ болыңыз. Бірақ, оларға зімбір, кардамон немесе жұпар жаңғағы сияқты қыздыратын дәмдеуіштерді қосқан жөн.
Кішкене ғана ұсақ-түйек Бал туралы ұмытып кетпеңіз. Оның құрамындағы моносахаридтер – глюкоза мен фруктоза балдан, бәрінен бұрын, нығайтқыш қасиеттері бар, пайдалы тәттіні жасайды. Бал уыт деңгейін төмендете отырып, біздің ағзамызға тазалағыш әсерін тигізеді. Балды шаршаған кезде қолдануға кеңес беріледі, ол бас айналуды жояды және бауырдың жұмысын реттейді. Бал гемоглобиннің және қызыл қан түйіршіктерінің түзілуіне себепші болады және бактериялар мен қабынуға қарсы қатты әсерге ие. Балды 40 градустан артық температурада қыздыруға болмайтынын есте ұстаңыз, өйткені ондай жағдайда, ол өзінің құнды қасиеттерін жоғалтады.
Неден аулақ болу қажетЕң алдымен, құрамында жасанды бояғыштар, консерванттар бар тамақтардан аулақ болу қажет, өйткені олар біздің ағзамызды ластайды және төзімділік жүйемізді әлсіретеді.
Тәттілер мен асарлықтар Біз көңіл-күйді көтеру үшін қандай да бір тәтті жеп рахаттанамыз. Қане, ең болмаса, олар біздің ағзамыз үшін пайдалы өнімдер болуы үшін тырысайық. Қант және ол құрамында бар өнімдер тез әсер етеді, бірақ ұзақ емес. Сондықтан, қане, біздің емдәмімізге күйзеліспен күресу үшін баға жетпес немесе жүйке жүйесінің жұмысын реттейтін құрамында магнийі бар өнімдерді қосуға тырысып көрейік. Ол дәнді өнімдердің, жаңғақтардың, банандардың, какаоның және ащы шоколадтың құрамында бар.
Короткие дни, нехватка солнечного света и изменение температуры не способствуют ни нашему здоровью, ни настроению. Мы чувствуем слабость, апатию и усталость. В этот период стоит помочь нашему организму, давая ему необходимые компоненты для сохранения хорошей формы.













