Қоректiлiктердiң көкөнiс, диеталар, калькуляторы, рецепттер, сау қоректену

www.bonduelle.kz
en ru ro ua bg by kz

Bonduelle

Күн көкөнісі

Жаңа ұнтақталған ақ бұрыш тағамдарды одан әрі дәмді етеді
Жемістерінің сұрыбына байланысты әр түрлі пішіні, түсі және көлемдері бар жылу сүйетін өсімдік.

Күн өнімі

Томат пастасы 417 мл. Ерітілетін құрғақ заттардың 25-28% массалық үлесі бар жоғарғы сұрыпты томат пастасы. Құрамында тек қызанақтар ғана бар.
Томат пастасы 417 мл. Ерітілетін құрғақ заттардың 25-28% массалық үлесі бар жоғарғы сұрыпты томат пастасы. Құрамында тек қызанақтар ғана бар.

Сіз білесіз бе...

Күлімдеген шляпа киген қытай әйел
Кәді - әдемі күлкі үшін.

Ерлерге арналған емдәм

Бұл емдәм өзінің сыртқы келбеті жайлы қам жейтін, бірақ көптеген міндеттемелердің себебінен уақыт жетпеуден қиналатын ерлерге арналған...

Ерлер тәттіні жеуге деген қызығушылықты сирек көрсетеді. Сондықтан олар оңай арықтайды - ең болмаса, теория жүзінде. Бірақ, олар емдәмді тұлғаны жақсарту әдісі ретінде әйелдерге қарағанда төрт есе аз таңдайды.

 
Әдеттерді өзгерт
Тамақтану әдістерін өзгерту, тұрақты жаттығулар мен үлкен ерік күші - міне, ерлерге арналған емдәмнің негізгі ережелері осы.
 
 
 ер адамдар үшін тиімді диета

Бірнеше пайдалы кеңестер...

Ерлерге арналған емдәмнің негізін майсыз, бірақ  дәмді тағамдардан тұратын үш мезгілдік тамақтану құру қажет. Азаңғы ас ағзаны күні бойы қуатпен қамтамасыз ететін, әсіресе, құрамында мол көмірсулары бар тағамдардан құралады, түскі ас ағуызды тағамдардан тұрады, ал кешке көмірсулардың жаңа тағам үлесі майларды жоюға көмектеседі.  
Негізгі тамақтанулардың арасында екінші азаңғы асқа да (қатықтың шағын қорабы, қоректік құндылығы 110 Ккал болатын 100 мл қызанақ шырыны) және бір қасық үй сүзбесімен қоса қытырлақ пісірілген наннан және тілімделіп кесілген қиярдан  (75 Ккал) тұратын бесіндікке де уақыт табылуы қажет.

Көкөністері бар балық еттің орнын өте жақсы алмастырушы. Дегенмен, соңғысынан толық бас тартуға болмайды (бәрінен бұрын бұл физикалық белсенді ерлерге қатысты). Ұмытуға болатын жалғыз нәрсе - құрамында бос калориялар бар, тәбетті ашатын және іштің кебуі мен сіңірмеуді түдыратын қақталған ет пен алкоголь. Бірақ, арасында арақ немесе шарап ішуге өзіңе мүмкіндік беруге болады. Сонымен қатар, қою шәй мен кофені ішуде де шектеулер жасау қажет.

 
Күнделікті жаттығулар жайында ұмытып кетпе!
Емдәмді сақтаудан басқа мүмкіндігінше үлкен физикалық белсенділікке кеңес беріледі. Мүмкіндігінше, жүгірумен шұғылданғанбассейнге барған жөн.
Күнделікті шұғылдануларыңыз жаттығулар қызметін орындауды қалай жасау керектігі туралы біз Сізге кеңес береміз!
 ер адамдарға арналған пайдалы диетаның тиімді кеңестері
 
   
Белсенді жұмыс жаса
Ауа райына қарамастан, машинаңызды жұмыс орнынан алысырақ қойыңыз - бұл Сізге жаяу жүру мүмкіндігін береді.
Егер Сіз отырып жұмыс жасайтын болсаңыз бұлшықеттерді созуға арналған жаттығуларды ұмытпаңыз. Оларды ең кем дегенде, күніне 3-5 минуттан  екі рет орындаңыз. Мүмкіндік туған жағдайда, жеделсатымен ауысудың орнына, баспалдақпен көтеріліп, түсіңіз.
 

Калорияның тәуліктік нормасыФизикалық жеңіл жұмыстарды орындайтын адамдар үшін тәуліктік норма 1500 Ккал, ал үлкен физикалық жүктемені талап ететін жұмыстары бар ерлер үшін ол күніне 1800 Ккал-ға дейін, немесе, тіпті  кейде 2000 Ккал-ға дейін ұлғаяды. Сұйықтықты ішуді - күніне газдалмаған судың, шырынның, шәйдің (алкоголь есептелінбейді) 2 литрін, және ең бастысы - қозғалыс жайында ұмытпау қажет.

Май қатпарларынан қалай құтылуға болады? Емдәм семіру үшін емес, қанықтыру үшін қызмет жасауы маңызды, көбінесе қарқынды жиналатын қарын айналысындағы майлардан құтылуға көмектесуі қажет. Осы үшін шошқа етінен бас тартқан жөн, салаттарды маймен емес, лимон шырынымен дәмдеу қажет, қоюлату үшін сорпалар мен тұздықтарға картоп езбесін қосқан жөн. Бекон қосылған жұмыртқа, пісірілген шұжық және фри картобы бар қуырылған шошқа еті туралы ұмытқан дұрыс.


Емдәм B, C, A, D, E тобының дәрумендерімен, магниймен, кальциймен, ағуызбен және жасұнықпен бай болуы қажет. Емдәмнің мінсіз құрамы - бұл қояншөп, брокколи, гүлді қырыққабыт, саумалдық, қызыл бұрыш, қабығы ашылмай буға піскен картоп, салаттың әр түрі, бидай өсінділерінің сығындысы, сұлы қауызы, майсыздандырылған йогурт, сүт өнімдері, ірілей тартылған ұннан жасалған өнімдер, өсімдік майлары, лимон шырыны.

Мәзір
Азаңғы асқа не жеу керек?
Дайындалуы оңай, дәмді және қуатты қаныққан, тағамдардың төменде сипатталған нұсқаларының біреуін күнделікті азаңғы асқа жеу пайдалы:
№1 нұсқа:
½ ас қасық өсімдік майы бар ірілей тартылған ұннан жасалған нан тілігі, 30 г майсыз ветчина, 100 г қарбыз (205 Ккал)
№2 нұсқа:
½  шәй қасық маймен екі қытырлақ нан және шәй қасық жидекті джем (160 Ккал)
№3 нұсқа:
3 шәй қасық қауыздардан жасалған мюсли (қантсыз), 1 ас қасық үй сүзбесі, 3 қасық сүт. Қоспаға 150 г тәтті қарбызды қосуға болады.

Күн рецептісі

Ащы көз тартарлық бұқтырылған сиыр еті
Пучеро – Аргентинаға испандық колонизаторлар әкелген тамақ.
Кеңсе қызметкерлеріне арналған тамаша диета
"Аштықтан қалай өліп қалмауды", сонымен бірге кішкене арықтауды біз сізге айтып береміз. Тағамдағы әдеттеріңізді дәл қазір өзгерткен жөн.

Дене белсенділігі

Фитнес жаттығулары біздің армандарымызды орындайды
Бұл, әсіресе соғы онжылдықта әйгілі болған миллиондаған адамдардың өмір сүру мәні.