Күн көкөнісі
Күн өнімі
Сіз білесіз бе...
Фитнесс
"Фитнес" түсінігін анықтау өте қиынАғылшын тілінен "дене дайындығы, "жақсы тұлға" деп аударуға болады. Бұл сау тамақтану мен физикалық белсенділік үйлесімді сай келетін өмір салты. Кәсіби спортшылармен әзірленген әдістер қазіргі таңда фитнес клубтарда қолданылады. Аэробикалық жаттығулардан және кір тастарымен жасалынатын жаттығулардан, сонымен қатар сәйкес емдәмнен тұратын жаттығуларды фитнес деп атауға болады.
Фитнес жаттығу қандай болады?- Жаттығу аэробикалық жаттығулардан басталады және аяқталады. Бұл велотренажерды тебу де, жүгіру жолындағы жүгіріс те және т.б. болуы мүмкін. Бұл май қабаттарынан құтылуға көмектеседі.
- Күш түсіретін жаттығу. Кір тастарымен жасалатын жаттығудың жаттықтырушымен жазылған бағдарламасы бұлшықеттердің жеке топтарын дамытуға, оларды тонусқа әкелуге көмектеседі.
- Дененің тұрақты салмағын сақтауға бағытталған емдәм.
Егер жаттығулар жеке және мақсаты анық анықталған (арықтау, тұлғаны құру, дене салмағын көтеру) болса, тез нәтижелерге жетуге болады.













