Күн көкөнісі
Күн өнімі
Сіз білесіз бе...
Француз тағамдары
Француз тағамдары халықтың мәдениетімен тығыз байланысты, аспаздық өнердің бесігі және аспазшылар үшін жұмақ болып есептеледі. Оның бүкіл әлемдік даңқы тіпті әрбір дерлік француздың біліміне немесе әлеуметтік мәртебесіне байланыссыз, аспаздық тақырыпқа оңайлықпен пікірлесе алуынан көрініс табады. Орташа санақтық француз үшін асхана - бұл күнделікті өмірдің ажыратылмас элементі, нақ осы француздардың savoir – vivre - жақсы мінез ережелері өнерін ойлап тапқаны кездейсоқ емес.

Француз жеңсік тағамдары
Ұлулар …
Француз асханасында "Француз тағамдарына мақтаулар" кітабының авторы - Антуану Карэмэнің арқасында ұлулар аса мәлім болды. Май, сарымсақ және ақжелкен қосып дайындалған осы кішкентай моллюск ұлулардың мәлім болғаны соншалықты, тереңдетілген арнайы тәрелкелер, сондай-ақ оның арқасында ұлуларды екі тісті шанышқыға іліп алуға болатын, ыстық қабыршақты ұстауға арналған қысқаштар ойлап табылды.
Осы моллюск ұлуларды жақсы көретіндер ұлуларды тәрелкеге салудың алдында оларды дайындау үдерісінің қаншалықты күрделі екенін тіпті елестете алмайды. Олардың ағзасы тамақтың қалдықтарынан тазартылуы үшін, оларды 10 күн бойы ашықтырады. Сонан соң үш реттік дайындау сәті келеді: алдымен ұлулар пісіріледі, сонан соң суытылады, сонан соң қайта пісіріледі. Ең соңында, суытылған ұлуларды сарымсақ майы жағылған стерилденген қабыршақтарға салады, сонан соң ғана оларға дастарханға беруге болады.
Сырлардың алуан түрлері
Францияның өңірлік алуан түрлілігі, тамаша климаты, ландшафттары, үй жануарларының әр түрлілігі сыр түрлерінің өте көп болуына әсер етеді, оның 370-ге жуық түрі бар.
Өндіру тәсіліне байланысты жаңа әзірленген сырлар, жұмсақ сырлар, ақ зеңмен жабылған қабығы бар сырлар, ешкі сүтінен жасалған сырлар, жетілген сырлар деп бөлуге болады. Олар француз тағамдарының ажыратылмас элементі болып табылады, оларды түскі асқа және кешкі асқа ағаш тақтайға салып береді.

Француздар әрбір ас ішу үшін өнімдерді мұқият таңдайды, ас мәзірі күнтізбедегі мерекеге, салтанаттылыққа, күн мезгіліне немесе жай ғана аспазшының қиялына байланысты болады.
Ас ішу уақыты өңірлерге байланысты түрленеді, бірақ джем қосылған мүйіз тәріздес етіп пісірілген тәтті нанмен бірге қолданылатын кофеден, шайдан немесе ыстық шоколадтан тұратын таңертеңгі асты таңғы жеті мен тоғыздың арасында ішу керек деп есептеуге болады. Түскі ас - тал түсте, ал көжеден басталатын кешкі ас - кешкі сегіздің шамасында.













