Қоректiлiктердiң көкөнiс, диеталар, калькуляторы, рецепттер, сау қоректену

www.bonduelle.kz
en ru ro ua bg by kz

Bonduelle

Күн көкөнісі

Саңырауқұлақтардың әсерін тегін көшіріп алу
Ақ сабақтағы ақ қалпағы бар өсірілетін саңырауқұлақ. Ең алдымен, Еуропада және ағылшын тілінде сөйлейтін елдерде өсіріледі.

Күн өнімі

Мексикандық тұздығындағы жүгері қосылған қызыл үрме бұршақ 212 мл. Қанық әрі ащы томат тұздығындағы қызыл үрме бұршақтың жүгерімен ерекше үйлесімі. Жеке тағам немесе гарнир ретінде үстелге қойыңыз.
Мексикандық тұздығындағы жүгері қосылған қызыл үрме бұршақ 212 мл. Қанық әрі ащы томат тұздығындағы қызыл үрме бұршақтың жүгерімен ерекше үйлесімі. Жеке тағам немесе гарнир ретінде үстелге қойыңыз.

Сіз білесіз бе...

Әсем жасыл әлем
Аязға қарсы тұратын көкөністер.

Фу-юнг омлеті

дайындау уақыты:
20 min
тағам үлестері:
4
қиындық:
жеңіл
Фу-юнг омлеті - омлетті дайындау үшін дәмі аса нәзік болуы, ал тамақ ауызға салғанда еріп кетуі үшін, тауық жұмыртқаларының ағуыздарын ғана пайдаланады. Бұл омлет Штаттарда өте жақсы мәлім.
Өнімнің сипаттамасы

Фу-юнг омлеті - Штаттарда ерекше мәлім, оның атауы тамаша лотос гүлінен шыққан және сөзбе-сөз аударғанда бұл -  "ақ лотостың күлтелері".

Көкөністер мен қызанақ тұздығы молынан қосылған омлет
Пайдаланушылар бағалары:
Өте дәмді
Сенің бағаң:
Құрамдас бөліктері

Омлет:
6 жұмыртқа
200 г пісірілген тауықтың төс еті
200 г  мунг үрме бұршағының жаңа шыққан өсінділері
100 г қозықұйрық
100 г балдыркөк
1 пияз
көк пияз сабақтары
тұз, бұрыш
күнбағыс майы

Тұздық 
½ стакан тауық етінің сорпасы
2 ас қ. соя тұздығы
1 ас қ. күріш шарабы
1 ас қ. жүгері ұны
3 ас қ. су
1 ас қ. күнбағыс майы
ақ бұрыш

Дайындау әдісі
  • Тауықтың етін кішкентай бөліктермен кесу, қозықұйрықты жұқа тілімдермен кесу, балдыркөкті ұсақтау керек. Мунг үрме бұршағының өсінділерін қосып, барлығын араластыру керек. Пиязды ұсақтап, вок табасында  күнбағыс майын қыздырып, алдымен пиязды қуыру, сонан соң қалған ингридиенттерді қосу керек.
  • Араластыра отырып, тұз бен бұрыш қосып қуыру керек. Оттан алып, суытуға қалдыру керек. Жұмыртқаны жарып, қуырылған етке қосу керек. Мұқият араластыру керек.   Тағы да вокта күнбағыс майын қыздырып, дайын массаны құю керек. Қалақшамен екі жағын қозғап тұрып қуыру керек. Омлет қуырылғанда, екінші жағына аударып, шеттері қызарғанға дейін қуыру керек.
  • Тұздық: кастрюльде сорпаны қайнатып, соя тұздығын, шарап пен бұрышты қосу керек. Газды сөндіру керек.  Ұнды сумен араластырып, тұздық қоюланғанша,  үнемі араластырып тұрып, ақырындап кастрюльге құю керек. Күнбағыс майын қосып, тағыды араластыру керек.
  • Тұздықты тағы да қыздырып, араластырып, оны омлеттің үстіне құю керек.


Беру тәсіліЫстық күйінде беру керек

Күн рецептісі

Нәрлендіруші бұрыштар
Паприкаш рецептісі
Ұзақ өмір сүруге болысатын диета
Біздің жейтін тамағымыз біздің өмір сүруімізге мүмкіндік береді, сондай-ақ біздің денсаулығымыздың жағдайына және бақытты сезінуімізге әсер етеді. Макробиотикалық емдәм осы принципке негізделеді.

Дене белсенділігі

Калланетика - рекреациялық жаттығулардың бір түрі
Калланетик үйде айналысуға болатын, рекреациялық жаттығудың түрі.