Күн көкөнісі
Күн өнімі
Сіз білесіз бе...
Голландиялық тағамдар
Ол итальян немесе француз асханасы сияқты соншалықты мәлім болмаса да, оның оңай әзірленетін дәмді тағамдарымен даңқы шыққан.
Голландиялық тағамдарда аса жиі пайдаланылатын балық - бұл майшабақ, макрель, жылан балық, сондай-ақ теңіз сыйлары. Көбінесе рольмопстарды, пияз қосылған жасыл шикі майшабақты (maatjes haring), бөлкедегі макрельді (broodje makreel), сондай-ақ қақталған жалын балықты (gerookte paling) әзірлейді. Сондай-ақ балық аса таңдаулы тағамдардың негізі болып табылады.

Солтүстік қарапайымдылық
Апельсин брендиі
Сондай-ақ көршілес халықтардың, әсіресе неміс және скандинавия халықтары асханаларының әсері сезіледі. Немістер сияқты, голландиялықтар сыраны, әсіресе лагерді жақсы көреді, Heineken, Grolsch немесе Amstel сияқты маркалары Голландияның шекарасынан тыс жерлерде әйгілі. Король отбасының мерекелері кезінде құрамында апельсин бар, "дәстүрлі емес” қызғылт сары бренди ішеді.

Голландиялық асханада шай, кофе және басқа сусындар, сонымен бірге алуан түрлі басытқылар маңызды орын алады. Голландияда шай және кофе өте ертеде пайда болған, оларды Үндістандағы голландиялық колониялардан әкелген, сонан соң олар тек Голландияда ғана емес, сонымен бірге басқа еуропалық елдерде жақсы мәлім болды.
Голландияда "Кофе уақыты" (koffietijd) - бұл таңғы 10-нан 11-ге дейінгі, сондай-ақ кешкі 7-ден 8-ге дейінгі аралық. "Бір шыны аяқ шайға бір пирожный" деген ереже бар, бұл голландиялық үнемділіктің нәтижесі болып есептеледі. Голландиялықтар сүт қосылған кофені "дұрыс емес" деп айтады, нағыз кофені кілегейсіз ішу керек дейді. Сондай-ақ олар ыстық шоколад пен әніс қосылған сүтті өте жақсы көреді.
Сусындармен бірге appelgebak (дәм қабығы қосылған алма құймақшалары), speculaas (дәм қабығы қосылған печенье), stroopwafels (қою шәрбат қосылған домалақ вафли), немесе poffertjes (кішкентай құймақшалар) басытқылардың көп түрі қолданылады.
Голландияның көптеген қалаларында мұндай басыртқылардың маусым кезінде көшеде жиі сатылатыны қызықты, өйткені оларды әркім өз бетімен дайындай алмайды.













