Қоректiлiктердiң көкөнiс, диеталар, калькуляторы, рецепттер, сау қоректену

www.bonduelle.kz
en ru ro ua bg by kz

Bonduelle

Күн көкөнісі

Саңырауқұлақтардың әсерін тегін көшіріп алу
Ақ сабақтағы ақ қалпағы бар өсірілетін саңырауқұлақ. Ең алдымен, Еуропада және ағылшын тілінде сөйлейтін елдерде өсіріледі.

Күн өнімі

Мексикандық тұздығындағы жүгері қосылған қызыл үрме бұршақ 212 мл. Қанық әрі ащы томат тұздығындағы қызыл үрме бұршақтың жүгерімен ерекше үйлесімі. Жеке тағам немесе гарнир ретінде үстелге қойыңыз.
Мексикандық тұздығындағы жүгері қосылған қызыл үрме бұршақ 212 мл. Қанық әрі ащы томат тұздығындағы қызыл үрме бұршақтың жүгерімен ерекше үйлесімі. Жеке тағам немесе гарнир ретінде үстелге қойыңыз.

Сіз білесіз бе...

Гүлді қырыққабат

Латын атауы:
Brassica oleracea var. botrytis
Қырыққабат тұқымдасының біржылдық өсімдігі. Жеуге жарамды бөлігі ақ түсті гүл шоғыры болып табылады. Бір қалыпты ауа райы бар аумақтарда өсіріледі.
Түсті орамжапырақ көкөністері
 
Гүлді қырыққабаттың 100 г – 21 ккал
Құрамында калий, магний, кальций, марганец, темір, мыс, мырыш, фтор, каротин, С, К, В1, В2, В6 дәрумендері бар.

Қатерлі ісік қорқынышты емес

Бұл көкөністі, әсіресе, қатерлі ісік ауруларының алдын алу үшін қолдануға кеңес беріледі.

Гүлді қырыққабаттың көмегімен уыттарды шығару Гүлді қырыққабаттың құрамындағы энзимдер ағзадан уыттардың шығарылуына көмектеседі. Уақытылы жойылмаған уытты қосылыстар жасушалардың зақымдануын тудыруы мүмкін, нәтижесінде бұл ісіктердің пайда болуына әкеліп соғады. Гүлді қырыққабаттың құрамындағы дәрумендер мен минералдардың энзимдермен қосылысы, оның қатерлі ісікке қарсы қасиеттерінің негізінде жатыр.

 
Армансыз жеңіз!
Гүлді қырыққабаттың нәрлілігі төмен, бірақ ол тоқтық сезімін береді, осының арқасында артық килограмдар жинап алудан қорықпай-ақ гүлді қырыққабатты жей беруге болады.
 
 
 Даярланған түсті орамжапырақ

 Кипр қырыққабаты

Гүлді қырыққабат Кипрден шыққан, сондықтан бастапқыда ол "Кипр қырыққабаты" деп аталды. Ол, тіпті, екі жарым мың жылдан астам уақыт бойы танымал. Оны, тіпті, ежелгі Египтте және Парсыда да өсірген. Содан кейін ол Италияға жетті, сол жерден ол XVI ғасырда бүкіл Еуропа бойына тарады.
Заманауи тағамда гүлді қырыққабат сорпалар және көкөністі тағамдар үшін құрамдас бөлік ретінде қолданылады, оны қайнатады немесе салаттарда шикі түрінде қолданады.

 

Дәмді жәрдем

Гүлді қырыққабат фрактал түсінігін түсіндіруге мүмкіндік беретін табиғи нысан болып табылады. 70-інші жылдары оны математикаға енгізген Иель университетінің француз ғалымы Бенуа Мандельбор. Фракталдың өзіндік қасиеті өзінің өзіне ұқсастығы, яғни оның бөлігі - тұтастың кішірейтілген көшірмесі. Сонымен әр гүл шоғыры  тұтас гүлді қырыққабаттың бейнесі болып табылады. Фракталдар медицина, гидрология және  қаржы сияқты әр түрлі салаларда қолданылады.

 

Ғылыми көкөніс

Марк Твен: «Гүлді қырыққабат - бұл қарапайым қырыққабат, тек жоғары білімі бар» деген.

Күн рецептісі

Нәрлендіруші бұрыштар
Паприкаш рецептісі
Ұзақ өмір сүруге болысатын диета
Біздің жейтін тамағымыз біздің өмір сүруімізге мүмкіндік береді, сондай-ақ біздің денсаулығымыздың жағдайына және бақытты сезінуімізге әсер етеді. Макробиотикалық емдәм осы принципке негізделеді.

Дене белсенділігі

Неліктен көпшілік әйелдер аэробика немес фитнестің орнына іш биін таңдайды
Ішпен билейтін бидің басқа аты бұл „raks sharki”. Оның тарихы, тіпті, Ежелгі Мысырда басталды және бірнеше мыңжылдықты есептейді.