Күн көкөнісі
Күн өнімі
Сіз білесіз бе...
Испан тағамдары
Оның ақылға сыймайтын гастрономиялық алуан түрлілігін финикиялықтар, гректер, римдіктер, Карфаген тұрғындары жән арабтар қалыптастырған. Испанияның өңірлік алуан түрлілігінің көрінісі оның тағамдары болып табылады. Олардың ішінде аса әйгілісі баск, каталон, валенсия, эстремадур тағамдары және екі Кастилияның тағамдары болып табылады. Коррида және фламенко, күн мен құмды жағалар, зәйтүн мен зағырыпанның, апельсин мен шараптың хош иістерінің елінде 17 ұлт мекендейді. Шетелдіктерді барлығынан да өңірлер арасындағы тілдегі, мәдениеттегі, көркем дәстүрлердегі, пейзаждар мен саясаттағы айырмашылықтар таң қалдырады.

Жергілікті дәстүрге сәйкес, испандықтар уақытының көп бөлігін үйден тыс өткізеді. Осыған байланысты мейрамханалар мен кафелерде ас ішу қалыптасқан. Азаңғы асты барларда ішу кең таралған әдет болып табылады. Мұндай барда кофехана, сырахана мен мейрамхананың функциялары үйлеседі, оларда күн мезгіліне байланысты сәйкес тамақтар беріледі. Түскі он екіге дейін тәтті тамақтардан тұратын азаңғы ас беріледі, бірақ даяшыдан сырмен немесе қандай да бір шұжықпен бутерброд жасап беруін өтінуге болады. Он екіден он алты сағатқа дейін асхана ыстық тамақтарды береді. Он алты сағаттан бастап асхана кешкі ас бере бастайтын кешкі уақытқа дейін жабық болады. Басытқы маусымдық жемістерден және балмұздақтан басқа, келушілерге пудинг және тәтті нан өнімдерін береді. Бір қызығы, Испанияда басытқыға кофені де жатқызады, бұл жерде оны тамаша әзірлейді. Шайды жақсы көрушілерді оны бұл жерде дерлік ішпейді деген факт қынжылтуы мүмкін.

Көжелер мен салаттарға арналған қатық ретінде зәйтүн майы пайдаланылады, оны диетологтар майлардың ішінде ең пайдалысы деп есептейді.
Көбінесе балықтан, теңіз сыйларынан, қынды өсімдіктерден және күріштен тамақтар дайындалады. Тамақтарға қызанақ, бұрыш, картоп, жұмыртқа, сарымсақ, пияз, зәйтүн, бадам және шарап қосылады.
Зағыпаран иісі
Испания өңірлеріне аспаздық саяхат
Егер оңтүстікте теңіз сыйлары үстемдік етсе, онда елдің түкпірінде - дастархандарда көкөністер мен еттің әр түрлері, ал тауларда қозы еті мен қынды өсімдіктер басым болады.
Астурияға тән тамақ томат тұздығына шошқа етімен бұқтырып пісірілген үрме бұршақ болып табылады – ол астуриялық фабада (fabada asturiana) деп аталады. Биік таулы Кастилияның визит карточкасы – қыздырып пісірілген бұзау еті және қозы еті, сондай-ақ қақталған шошқа еті (серрано (serrano)) және чорисо (chorizo) татымды шошқа шұжықтары аса мәлім болып табылады. Каталонияда балықпен тамақтанады, оны көптеген нұсқада көкөністермен (жаңа піскен, пісірілген немесе маринадталған) әзірлейді. Галицияда зарзуэла де марикос (zarzuela de maricos) – қызанақтан, пияздан, сарымсақтан, зәйтүн майынан және шараптан жасалған ащы тұздықта бұқтырып пісірілген, қуырылған балық тілімдері беріледі. Валенсия - бұл паэльидің отаны, бұл үлкен темір табада көкөністермен, тауық етінің тілімдерімен немесе теңіз сыйларымен бұқтырып пісірілген күріштен дайындалатын ең әйгілі испан тамағы.
Бүкіл испанияда «ақ сарымсақ» (ajo blanco) – ақ және гаспачо - қызыл – ұнтақталған көкөністерден дайындалған суық көжелер пайдаланылады. Бұл тамақтардың шығу тегі бүгінгі Андалузия аумағында пәтерлерге орналастырылған римдік легионерлердің күндізгі стандарттық құрғақ азығын құраған, рим билігі кезінен басталады. Испанияға тән көжелер бұл: пучеро (puchero) – сүрленген шошқа еті, шұжық, клёцки, ақжелкен және сарымсақ қосылып дайындалған көже, сондай-ақ қою олья подрида (olla podrida), оның негізін қой еті, бұзаудың сан еті, сиырдың құйымшағы, сүрленген шошқа еті, сүрленген шұжық, бұршақ және көкөністер құрайды. Дайын болған соң ұсақ тілімдерге бөлінген ет сарымсақпен және дәмділіктермен дәмделген көжеде беріледі. Бүкіл елде тортильи (tortillas) - қуырылған омлеттер те жақсы мәлім, олар суық күйінде де, ыстық күйінде де беріледі.
Жағалауда озықтық пальмасын балық пен теңіз өнімдерінен жасалған тамақтар ұстап тұрады. Әрбір дерлік теңіз жағасындағы қаланың көзге көрінері болып табылатын орасан сауда павильондары сауда пункттерінің қызметін атқарады, онда әр күні макрель, тунец, ас шаяны, сегізаяқ, мидия және лангусттар көп мөлшерде сатылады.













