Күн көкөнісі
Күн өнімі
Сіз білесіз бе...
Испандық тағамдар сөздігі

Бутифара (Butifarra) - шошқа етінің шұжығы, оны фри картобына немесе көкөністерге қосып, кейде жұмыртқамен немесе омлетпен береді.
Чорисо (Chorizo) - татымды шошқа етінің шұжығы.
Гаспачо (Gazpacho) - ұнтақталған көкөністерден дайындалған аса әйгілі испандық суық көже болса керек.
Абас а ля Каталана (Habas a la Catalana) - сүрленген шошқа еті және бутифара қосылған қайнатылған ас бұршақ. Егер сүрленген шошқа етімен ғана берілсе, салқын тамақ ретінде болуы мүмкін.
Паэлья (Paella) - зағыпыран, тауық , шошқа еті, теңіз сыйлары, қызыл бұрыш, жасыл бұршақ және дұрысын айтқанда, аспазшының көңіл-күйі мен қиялына... байланысты, әр түрлі басқа құрамдас бөлшектер қосылған, күріштен дайындалған тамақ. Өте үлкен табада жаңа пісірілген күйінде беріледі.
Тапас - бүкіл әлемге әйгілі испандық тамаша тамақ. Оны көбінесе испандық тамаша шараптарға немесе сыраға қосынды ретінде береді.
Тортилья - бүкіл әлемге әйгілі жүгері ұнынан пісірілген нан. Тортильяны берудің көптеген тәсілдері бар және олар ең алдымен шыққан өңіріне байланысты болады. Тортильяны тартылған етпен де, көкөністермен де немесе екеуімен де береді.
Зарзуэла (Zarzuela) - испанша ол опереттаны білдіреді, бұл тамақтың жылдам дайындалуын және дәмін тамаша айқындайды. Тамақ теңізде аулауға болатын балық атаулының барлығынан: таңқы шаяндардан, ас шаяндарынан, сегізаяқтардан және ақ балықтан тұрады. Осы құраушылардың барлығы шарап пен коньякта дайындалған тамаша тұздықта қалқып жүреді. Тамақ өте дәмді ғана емес, сонымен бірге таңқаларлықтай жұғымды.













