Күн көкөнісі
Күн өнімі
Сіз білесіз бе...
Дене салмағы индексінің калькуляторы (BMI)

BMI өз көрсеткішіңізді есептеңіз!
BMI неге есептейміз?
Атеросклероз, қант сусамыры, жоғарғы қысым, миокард инфарктісі немесе жүректің ишемия ауруы сияқты артық салмақпен байланысты аурулардың қауіп-қатерін бағалауға көмектеседі. Ағзадағы май тіндерінің артықшылығын немесе жетіспеушілігін анықтауға мүмкіндік береді.
BMI қалай есептейді?
бойды (метрмен) квадраттаймыз, яғни
бой (м) * бой (м)
әрі қарай салмақты (кг-мен) алынған нәтижеге бөлеміз.
BMI коэффициенті қандай?
WHO (Денсаулықтың Дүние Жүзілік Ұйымының) хаттамасына сәйкес:
- ең дұрыс салмақ, егер әйелдер үшін BMI 21, ал ерлер үшін 23 болса,
- дененің қалыпты салмағы, егер BMI 19 бен 25 аралығында болса,
- артық салмақ - егер BMI 25-тен артық болса,
- семіздік - егер BMI 30-дан артық болса.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: BMI = 25-29 бар адамдар мұқият талдауды қажет етеді, өйткені олардың жағдайында артық салмақ май тіндерінің артықшылығының нәтижесінен (мысалы, антропометрлік циркуль немесе магнетикалық резонанс көмегімен), болмаса бұлшықет массасынан (спортшыларда), болмаса - әйелдер мен ерлерде әр түрлі - генетикалық мұраға қалған сүйек салмағының нәтижесінен болғанын анықтау қажет. Осындай жағдайда тағы да WHR коэффициентін есептеу қажет.
Кім үшін BMI аурулар қаупінің анық көрсеткіші болып табылмайды?
- Жүкті әйелдер
- Спортшылар немесе дамыған бұлшықет жүйесі бар адамдар
- Балалар (өсу барысындағы)
- Үлкен жастағы адамдар (бойды анық өлшеу қиыншылығы) Люди
BMI көрсеткішін қалай түсінеміз?
BMI неғұрлым үлкен болса, онда атеросклероз, қант сусамыры немесе жүректің ишемия аурулары сияқты аурулардың пайда болу қауіп-қатері соғұрлым жоғары. Өте төмен көрсеткіш тәбетсіздік қаупін тудырады. Дәрігерлердің пікірінше, BMI коэффициенті жақсы адамдар ұзағырақ өмір сүреді,
ал BMI кэффициентініе сәйкес келмейтін адамдар қауіп-қатерде болады.













