Күн көкөнісі
Күн өнімі
Сіз білесіз бе...
Каперстер

100 г каперсте – 23 ккал
Олардың құрамында антиоксиданттардың көп мөлшері (биофлавоноид рутин), натрийдің елеулі мөлшері және С дәруменінің шам алы мөлшері бар.
Каперстер гүлдері әр түрлі тәсілдермен маринадталады – өсімдік майы, сірке суы, маринад пайдаланылады. Осы түрде әзірленген каперстер Жерорта теңізі асханасында көптеген тағамдарда пайдаланылады. Өзінің өзгеше, күшті және қарқынды дәмінен, олар негізінде салаттарға, тұздықтарға және пиццаға дәмдеуіштер ретінде пайдаланылады. Таңдаулы француз асханасында каперс тұздығы немесе бір қасық каперс қосылған ақ тұздық пісірілген етке беріледі. Каперстерді жоғары температураларда бұқтырып пісіруден аулақ болу керек, себебі олар өзінің қайталанбас дәмін жоғалтады. Оларды, мысалы, тұздық жылы болғанда қосқан жақсы.
Халықтық афродизиак
Каперстер іштің ісінуін азайтуға көмектеседі, бауырдың жұмысын жақсартатын, ревматизмге қарсы қасиеттері бар. Бұталардың тамырлары мен қабығынан қайнатындылардың дәрілік қасиеттері бар және анемия мен артритті емдеуде пайдаланылады. Халықтық медицинаға сәйкес, каперстерді ерлер емдәмінде пайдалану белсіздікті емдеуде көмектесуі мүмкін.
Уақыттың жылдам өтуінің библиялық символы
Каперстің гүлі тек бір күн ғана гүлдейді – таңертеңнен түстен кейінгі уақытқа дейін. Дәл осы күні оның жемісі қалыптасады. Сондықтан каперстер уақыттың жылдам өтуінің библиялық символы болып табылады. Бір қызығы, бұл өсімдік қырыққабаттың жақын туысы болып табылады.

Каперстердің күйдірілген тамырларынан қалған күл тұз көзі ретінде пайдаланылуы мүмкін.













