Күн көкөнісі
Күн өнімі
Сіз білесіз бе...
Kариб тағамдары

Тұздықтар„Тұздық” сөзі „salsus” деген латын сөзінен шыққан, ол тұздалған және дәмделген дегенді білдіреді. Ежелгі уақытта тұздықтарды тамақ өнімдерін консервілеу үшін пайдаланған, ал қазіргі уақытта олардың негізгі міндеті тамақтардың иісі мен дәмінің алуан түрлілігінен және жақсартылуынан тұрады. Вест-Индия тұрғындары тұздықты отқа қақталған немесе қуырылған етке, балыққа және теңіз өнімдеріне қосады. Кейбір тұздықтар алдымен маринад ретінде пайдаланылады (ет пен балықты маринадтау караиб тамағын дайындаудың міндетті кезеңі болып табылады), ал кейінірек олар дайын тамақтың үстінен құйылады. Өте танымал қою тұздықтар – Дип тұздықтары. Олар қаймақ, майонез немесе йогурт негізінде дайындалады. Сондай-ақ ащы және хош иісті Чатни жақсы танымал. Олар маусымдық көкөністер мен жеміс-жидектерден, сондай-ақ дәмдеуіштерден, қышадан және сірке суынан дайындалады. Караиб тұздықтарында дәмдеуіштердің алуан түрлері пайдаланылады, олар алуан түрлі тәсілмен ең күтпеген қоспаларда пайдаланылады.
Тәтті жеміс-жидектер дәмінің дәмдеуіштер мен пияздың ащылығымен үйлесімі, сондай-ақ кокос сүтін, ромды және Әлемнің аса татымды қоспаларын пайдалану караиб тағамдарының тұздықтары үшін ортақ болып табылады.

Үрме бұршақ – бұл негізіКариб бассейні аралдарындағы негізгі көкөніс үрме бұршақ болып табылады. Ол тек дәмдік қасиеттерімен ғана бағаланбайды, ол сондай-ақ денсаулық үшін пайдалы, себебі үрме бұршақтың құрамында өте көп белок бар. Сонымен қоса, ол сақтағанда өте ыңғайлы. Әсіресе Караиб климаты үрме бұршақтың өсуіне мүмкіндік туғызады, сондықтан үрме бұршақ сорттарының алуан түрлері осындағы тамақтардың кең гаммасының негізі болып табылады. Үрме бұршақ нақ осы жерден – Еуропаға, сонан соң басқа континенттерге әкелінген болатын.

Ром және коктейльдерВест-Индия бүкіл әлемде өзінің тамаша коктейльдерімен әйгілі. Олардың негізін ром, Курасао немесе ащы Ангостура құрайды. Төменде Вест-Индиядан шыққан ең әйгілі ішімдіктер берілген:
- Cuba Libre
- Daiquiri
- Havana Special
- Mojito
- Pina Colada
Кариб бассейнінің аралдары ромның отаны болып табылады. Әрбір дерлік аралдың осы алкогольді ішімдікті дайындау үшін өзінің рецептурасы бар. Куба және Пуэрто-Рико жеңіл түссіз немесе янтарь түсті ромды шығарады. Гаитида дайындалған ром ванильдің хош иісімен ерекшеленеді, ал Ямайкада бұл – ауыр және күшті ішімдік. Ром көптеген ликерлердің және экзотикалық коктейльдердің негізі болып табылады. Ром кондитерлік салада кеңінен пайдаланылады және кремдердің, пирожныйлардың және торттардың жиі құраушысы болып табылады.













