Күн көкөнісі
Ақ сабақтағы ақ қалпағы бар өсірілетін саңырауқұлақ. Ең алдымен, Еуропада және ағылшын тілінде сөйлейтін елдерде өсіріледі.
Күн өнімі
Мексикандық тұздығындағы жүгері қосылған қызыл үрме бұршақ 212 мл. Қанық әрі ащы томат тұздығындағы қызыл үрме бұршақтың жүгерімен ерекше үйлесімі. Жеке тағам немесе гарнир ретінде үстелге қойыңыз.
Сіз білесіз бе...
Пияздың көзді қатты жасаурататындығы мен ащы дәмі бәрімізге таныс. Сондай-ақ, пиязды қолданудың неше түрлі жолдары бар екенін білеміз. Ендіше пиязды пайдалану жолдарына тоқталып өтейік.
Картоптан жасалған салат
дайындау уақыты:
30 min
тағам үлестері:
4
қиындық:
жеңіл
Салаттың негізі пісірілген картоп болып табылады, оған ең алуан түрлі құрамдас бөліктер: бекон немесе пияз, қызанақ немесе жасыл бұршақ, жұмыртқа, жүгері немесе тіпті апельсин қосады.
Өнімнің сипаттамасы
Картоп салатының әр түрлері сәйкесінше әр түрлі беріледі. Германияның оңтүстігінде картоп салаттарын дастарханға - жылы немесе тіпті ыстық күйінде, қалған аймақтарда бөлме температурасында береді. Солтүстікте оларды көбінесес суық күйінде қолданады. Мұндай салаттарға берілетін тұздықтар да алуан түрлі: майонез, қаймақ, қыша, сірке суы тұздығы, винегре тұздығы және т.б.
Пайдаланушылар бағалары:
Сенің бағаң:
Құрамдас бөліктері
1 кг бүлінбеген жақсы картоп
1 қасық зире
2 орташа пияз
200 мл сорпа (кубик болуы мүмкін)
100 мл сірке суы (алма сірке суы болуы мүмкін)
100 мл күнбағыс майы немесе жүзім сүйектерінің майы
2 шоқ жас көк пияз
майсыз ысталған беконның 5 - 6 жіңішке тілімі
тұз, бұрыш
Дайындау әдісі
- Картопты қабығымен және зире қосып, 25-30 минут пісіру керек,
- Пиязды кішкентай төртбұрыштап кесу керек,
- Картопты қабығынан тазалап, жолақпен кесу, сонан соң үстіне пияз себу керек,
- Сорпаны жарты сірке суын қосып пісіріп, бірден ыстық болып тұрғанша, оны картоптың үстінен құю керек.
- Барлығын тұзбен және бұрышпен дәмі бойында дәмдеу керек, сонан соң араластырып, 30 минут қалдыру керек,
- Картопқа құйған сорпаның бір бөлігін төгіп тастауға болады,
- Беконды ұсақ тілімдерге кесіп, табада қуырып, салатқа қосу керек,
- Қалған сірке суына май қосып, крем массасын жасап, кесілген жас пияздың жартысын қосып, осы массаны салаттың үстінен құю керек,
- Қалған жас пиязды дастарханған қоярдың алдында салаттың үстіне себу керек.
Тегтердi бұлт
ЕҢ ӘЙГІЛІ 5 рецептілер
Біздің жейтін тамағымыз біздің өмір сүруімізге мүмкіндік береді, сондай-ақ біздің денсаулығымыздың жағдайына және бақытты сезінуімізге әсер етеді. Макробиотикалық емдәм осы принципке негізделеді.













