Күн көкөнісі
Күн өнімі
Сіз білесіз бе...
Кеудемен емізетін аналар үшін емдәм
Кеудемен емізу - өте маңызды аналық элемент. Ол баланың төзімділігін нығайтады, оның дамуына оң әсерін тигізеді, жақындық пен қауіпсіздік сезімін береді, сонымен қатар сәби мен ана арасында тығыз байланыс орнатады. Бұл уақытта анасы жейтін зат тек қана оған ғана емес, балаға да пайдасын тигізуі туралы қам жеу қажет.
Кеудемен несіне еміземіз?
Ана сүтінде бактериялар жоқ, оның құрамында балаға қажетті барлық қоректік заттар, сонымен қатар, төзімділікті нығайтатын және аллергияға қарсы әсер беретін антиденелер бар.

Егер ана мен бала тамақтанудың әр түрлеріне жақсы төзсе, онда ананың емдәмін шектеу үшін ешқандай да негіз жоқ. Бала анасы жеген тамаққа қалай жауап қайтарады, соған көңіл аудару қажет. Тіпті, тамақтану күнделігін жүргізген дұрыс. Бірақ, егер біз балада, мысалға, іш өтуі, шаншулар, аллергиялық бөртпелер сияқты асқа төзбеушіліктің белгілерін байқасақ (тері жабындарында қызарушылықтар, құрғақтық, қышу байқалады), бұл жағдайда осындай реакцияға не алып келгенін талдауымыз және осы өнімдерді ана мәзірінен алып тастау қажет. Осы белгілердің пайда болуы кезінде де баланы ана кеудесінен айырмаған маңызды. Аллергиялық реакцияларды болдырмау үшін балалар дәрігерімен ақылдасу ұсынылады.

Сабырлылық үшін
Анасы ішкен жаужапырақ тұнбасы оның көңіл-күйіне оң әсер етеді, сонымен қатар баланы тыныштандырады. Сатылымда кеудемен емізетін аналар үшін арнайы шәйлар қол жетімді, бірақ оларды қолдану туралы балалар дәрігерімен ақылдасу ұсынылады.
Қандай өнімдер?
Тамаққа тек жаңа дайындалған, салауатты, оңай сіңірілетін және әр түрлі өнімдерді қолдану қажет. Тамақтануды өнімдердің барлық топтарының элементтері кіретіндей етіп құрған жөн:
- дәнді: яғни нан, макарондар, ботқалар, сонымен қатар күріш,
- көкөністер мен жемістер,
- жануарлар немесе өсімдіктер ағуызы, мысалға, бұршаққындылар, жұмыртқалар, сүт және сүт өнімдері, ет және балық,
- жануарлар және өсімдіктер майлары,
- көмірсулар.
Дұрыс сүт шығуы үшін сұйықтықтың көп мөлшерін пайдаланған өте маңызды, ең жақсысы - минералды су, шырын немесе арнайы өсімдік шайы.
Ұлғайған тәбет туралы қам жемеуіңізге болады, өйткені әдетте, сүттің шығуы зат алмасуды жылдамдатады. Тіпті, егер осындай қажеттілік туындаса, тәулік бойы қосымша тамақтануды енгізуге болады. Жиі, бірақ лықа тойып емес тамақтану пайдалы. Бос минут кезінде тоңазытқыштан қолымызға не түссе, соны ала отырып, "қор үшін" деп артық тамақтанбау үшін 5 рет тамақтануды жоспарлаған жөн. Таңғы ас, түскі ас және кешкі астан басқа, өз мәзіріңізге екінші таңғы ас пен бесінді - йогурттарды, көкөністер мен жемістерді қосыңыз.

Цитрустілерді байқап қолданған жөн, өйткені олардың құрамында аллергендер бар; ауыр қорытылатын және майлы тағамдарды (қуырылған және пісірілген ет, сүрленген еттердің кейбір түрлері мен ірімшік, нан) көп жемеу қажет; газ түзілуіне көмектесетін (бұршаққындар, пияз бен сарымсақ, ақбасты және гүлді қырыққабат) өнімдерге көңіл аудару қажет, құрамында консерванттар бар өнімдерді (жасанды бояғыштар, хош иістендіргіштер) шектеу қажет. Қою шәй мен кофені, тұзды, қантты және ащы дәмдеуіштерді пайдалануды шектеген жөн. Сүт өнімдерін үлкен көлемде қолдануға кеңес берілмейді, өйткені олар ағуыз диатезіне әкеліп соғуы мүмкін.
Тыйым салынады
Емізетін ана өз мәзірінен алкоголь, темекі, есеңгірететін құралдар сияқты ынталандырғыштарды мүлдем алып тастауы қажет. Бұл заттар ана денсаулығына, сонымен қатар баланың дамуы мен денсаулығына қолайсыз әсер етеді.
Мәзір
Азаңғы ас
Таңдауыңыз бойынша:
- сүт сорпасы, ірімшігі немес сүрленген еті бар бутерброд, қызанақ,
- дәнді кофе, паштеті немесе мүкжидегі бар бутерброд.
Екінші азаңғы ас
таңдауыңыз бойынша:
- қақталған балығы бар бутерброд, көкөніс салаты, жеміс йогурты,
- сары ірімшігі бар бутерброд, алма, шәй.
Түскі ас
таңдауыңыз бойынша:
- жеміс сорпасы, картобы бар котлет, қызылша/қиярлардан жасалған салат,
- көкөніс сорпасы, грильде немесе буда дайындалған тауық кеудесі, картоп, ашытқан қырыққабат.
Бесін
таңдауыңыз бойынша:
- жемістері бар сүзбе,
- жемісті йогурт, қытырлақ нандар.
Кешкі ас
- жұмыртқа, айран, жемістер,
- сүзбесі бар құймақтар, сәбіз.












