Күн көкөнісі
Күн өнімі
Сіз білесіз бе...
Көкөністер мен денсаулық
Көкөністер құрамындағы қосылыстар жақында ашылды. Олардың біздің денсаулығымызға әсері құтқарушы болуы мүмкін!

Биофлавонoидтар Көкөністер мен жемістерде бар.
XX ғасырдың 70-інші жылдарында да бұл қосылыстардың ешқандай да тағамдық құндылықтары жоқ деп есептелінді.
-қатерлі ісіктердің кейбір түрлерінің түзілуінің алдын алуы мүмкін күшті антиоксиданттар болып табылады,
- күре тамырлардың қабырғаларын нығайтады (рутиндерді),
- вирусқа қарсы әрекет көрсетеді (кверцетин),
- аллергиялық реакция белгілерін азайтады.
СульфорафенБрюссель қырыққабатында, брокколиде және гүлді қырыққабатта болады,
- қатерлі ісікке қарсы қасиеттері бар.
Полиацетилендер Сәбізде және балдыркөкте бар,
- қатерлі ісік жасушаларының түзілуінің алдын алып, антиоксидантты әсер береді.
Монотерпендер мен фенол қышқылдары Олардың әсіресе бай көздері сарымсақ пен соя болып табылады,
- олар астағы нитраттардан қарын-ішек жолдарында түзілетін нитрозаминдердің мөлшерін азайтады.
Сульфидтер Қырыққабат және шалғам сияқты крест тәріздес гүлді көкөністерде бар,
- артериалдық қысымды азайтуға көмектеседі,
- тромбтардың түзілуінің алдын алады.
Стериндер Ең мол кездесетін көкөніс қиярлар болып табылады,
- қандағы холестерин деңгейінің азаюына әсер етеді.













