Қоректiлiктердiң көкөнiс, диеталар, калькуляторы, рецепттер, сау қоректену

www.bonduelle.kz
en ru ro ua bg by kz

Bonduelle

Күн көкөнісі

Саңырауқұлақтардың әсерін тегін көшіріп алу
Ақ сабақтағы ақ қалпағы бар өсірілетін саңырауқұлақ. Ең алдымен, Еуропада және ағылшын тілінде сөйлейтін елдерде өсіріледі.

Күн өнімі

Мексикандық тұздығындағы жүгері қосылған қызыл үрме бұршақ 212 мл. Қанық әрі ащы томат тұздығындағы қызыл үрме бұршақтың жүгерімен ерекше үйлесімі. Жеке тағам немесе гарнир ретінде үстелге қойыңыз.
Мексикандық тұздығындағы жүгері қосылған қызыл үрме бұршақ 212 мл. Қанық әрі ащы томат тұздығындағы қызыл үрме бұршақтың жүгерімен ерекше үйлесімі. Жеке тағам немесе гарнир ретінде үстелге қойыңыз.

Сіз білесіз бе...

Пияздың көзді қатты жасаурататындығы мен ащы дәмі бәрімізге таныс. Сондай-ақ, пиязды қолданудың неше түрлі жолдары бар екенін білеміз. Ендіше пиязды пайдалану жолдарына тоқталып өтейік.

Қозықұйрық

Латын атауы:
Agaricus bisporus
Ақ сабақтағы ақ қалпағы бар өсірілетін саңырауқұлақ. Ең алдымен, Еуропада және ағылшын тілінде сөйлейтін елдерде өсіріледі.
Құнарлы саңырауқұлақ диетасы
 
Қозықұйрықтың 100 г – 15 ккал
Құрамында жасұнық, D, Е, РР дәрумендері және В тобының дәрумендері, сонымен қатар темір, калий, фосфор және мырыш бар.
 

 Қорғаныш қалпақ

Құрамындағы натрийдің аз мөлшерінің арқасында, тұзсыз емдәмнің керемет құрамдас бөлігі болып табылады. Қозықұйрықтардың құрамында қант пен май болмағандықтан, оларды сусамырмен ауыратындар асқа қолдануына әбден болады. Қозықұйрық құрамындағы мырыш біздің төзімділік жүйемізді жұмылдырады.
 

... және басымыз ауырмайды!

Қозықұйрықтың құрамында В тобының дәрумендері басқа жаңа піскен көкөністерге қарағанда көп. Бастың сақинасы ұстағанда бас ауруының ұстамасын тоқтататын рибофлавиннің, яғни В2 дәруменінің мөлшері бойынша көшбасшы болып табылады. Бас ауруының себебі, сонымен қатар, қозықұйрықтар құрамындағы пантотен қышқылы басатын шаршағандық болуы да мүмкін.

 

Сау келбет

Қозықұйрықтар сондай-ақ біздің теріміздің жағдайына да әсер етеді. Кімді -кім өзінің сыртқы келбеті туралы қам жейтін болса, сол өзінің тағам мәзіріне міндетті түрде қозықұйрықтарды қосуы қажет. Әсіресе, олардан белде артық сантиметрлер пайда болмайтын ескерген жөн (қозықұйрықтардың нәрлілігі өте төмен).

 
Тек өлмейтіндер үшін
Саңырауқұлақтар, тіпті, Фараондар заманында да "құдайлар асы" болған. Мысырлықтар қозықұйрықтарды асқа пайдалану тек Фараондарға ғана лайық ажалсыздықты береді деп сенген. Қарапайым адамның, тіпті, оны жемек түгілі, ұстауға да құқығы болмаған.
 
 Пайдалы саңырауқұлақ көкөністері


Тікелей Парижден

Еуропада қозықұйрықтарды өсіруді француздар XVII ғасырда бастаған - оны Париж төңірегінде қауындар өсіретін бағбандар өсірген, сондықтан қозықұйрықтарды тағы да "париж саңырауқұлақтары" деп те атайды. XVII ғасырда бір француз бағбаны ең жақсысы қозықұйрықтарды жерасты жайларында өсірген дұрыс екенін байқады. 

 

Таңдамалылар үшін

Көптеген ғасырлар бойы қозықұйрықтар байларға ғана арналған жеңсік тағам деп есептелінді. IV Георгтың Лондондағы өз сарайында қозықұйрықтарды өсіруге арналған арнайы ғимараты болған дейді.

Күн рецептісі

Нәрлендіруші бұрыштар
Паприкаш рецептісі
Ұзақ өмір сүруге болысатын диета
Біздің жейтін тамағымыз біздің өмір сүруімізге мүмкіндік береді, сондай-ақ біздің денсаулығымыздың жағдайына және бақытты сезінуімізге әсер етеді. Макробиотикалық емдәм осы принципке негізделеді.

Дене белсенділігі

Тай Чи - негізі белсенді медитацияға бағытталған дәстүрлі Қытай тәжірибесі
Негізгі назарды белсенді медитацияға аударатын дәстүрлі қытай әдістеріне негізделген дене жаттығуларының түрі.