Қоректiлiктердiң көкөнiс, диеталар, калькуляторы, рецепттер, сау қоректену

www.bonduelle.kz
en ru ro ua bg by kz

Bonduelle

Күн көкөнісі

Саңырауқұлақтардың әсерін тегін көшіріп алу
Ақ сабақтағы ақ қалпағы бар өсірілетін саңырауқұлақ. Ең алдымен, Еуропада және ағылшын тілінде сөйлейтін елдерде өсіріледі.

Күн өнімі

Мексикандық тұздығындағы жүгері қосылған қызыл үрме бұршақ 212 мл. Қанық әрі ащы томат тұздығындағы қызыл үрме бұршақтың жүгерімен ерекше үйлесімі. Жеке тағам немесе гарнир ретінде үстелге қойыңыз.
Мексикандық тұздығындағы жүгері қосылған қызыл үрме бұршақ 212 мл. Қанық әрі ащы томат тұздығындағы қызыл үрме бұршақтың жүгерімен ерекше үйлесімі. Жеке тағам немесе гарнир ретінде үстелге қойыңыз.

Сіз білесіз бе...

Дәмді фрактал көкөнісі
Гүлді қырыққабат пен романесконың қаржы және медицина саласымен не байланысы бар ... ?

Күйзеліске бейім адамдарға арналған емдәм

Күйзеліс жүйке жүйесіне зиянды әсер етеді, адамның ағзасын аздырады, оның жұқпалы ауруларға төзімділігін төмендетеді және шаршағандық сезіміне, ұйқысыздыққа және денсаулық қиыншылықтарына алып келеді. Күйзкелісті жою үшін сәйкес емдәмді қолдануға болады.

Желаяқ күйзеліс

Күйзеліс минутын қандай да бір уақытта кешпеген адамды табуға бола ма екен, ал күйзелісті күнделікті сезініп жүргендері қаншама. Сәйкес емдәм туралы ойланған жөн және күйзелістің  салдарын  барынша азайтуға тырысу қажет.

 

Төзімділікті нығайтады

Қара қарақат - біздің ағзамызды жұқпалы ауруларға деген төзімділігін жоғарылататын С дәруменінің көзі.

 
 
 Шоколад
 

Дәрумендер

Жүйке жүйесінің дұрыс қызмет жасауына В тобы дәрумендері жауап береді – олар жайландыратын  әсер етеді, ағзаның энергетикалық қуаттануына мүмкіндік туғызады және дәрілер туралы ұмытуға мүмкіндік береді. Оларды төмендегі өнімдерден табуға болады: ет, балық, сүт, ашытқы, ботқалар, дәнді, бұршаққынды өсімдіктердің өсінділері, қырыққабат, сәбіз, саумалдық, картоп, авокадо, банандар, грек жаңғақтары немесе бадам. С дәрумені төзімділікті нығайтады, бұл жұқпалы аурулардан қорғауға немесе аурудың өтуін жеңілдетуге көмектеседі. Оны біз ашытылған қырыққабатта және келесідегідей көкөністерден кездестіреміз: саумалдықта, брокколиде, гүлді және брюссель қырыққабатында, қызанақтарда, пиязда, сонымен қатар, цитрустілерде, таңқурайда, қожақатта.

 Емдік шөптер
 
 
Шөптер

Күйзеліске шөптер де жақсы әсер етеді: мысалы, жаужапырақ, насыбайгүл, емдік шүйіншөп, сүйелшөп, құлмақ, жебіршөп, майоран, жұпар жағағы сияқты шөптер. Осылардан дайындалған қайнатпаларды ішуге, жаңа піскен шөптерді салаттарға қосуға немесе олармен дайындалған тағамдарды  дәмдеуге де болады.

 
 

Жеңіл тамақтанулар

Күйзеліс сәттерінде үнемі жеңіл тамақтану қалауы жиі пайда болады, осындай жағдайларда тәттілер мен чипстерге жүгірмеңіз, керісініше, қол астында сәбіздің, кольрабидің, кептірілген жемістердің немесе жаңғақтардың болғаны жақсы. Сонымен қатар көп су ішу қажет, ол күйзелістің, шаршағандықтың пайда болуын оңайлатады және жоғалған қуатты қайтарады.

 
Бақыт гормоны

Шоколад күйзелісті жеңілдетеді,  ми жұмысын белсендіреді және көңіл-күйді жақсартады. Бұл жүйке жүесінің жасушаларының қызметін реттейтін магнийдің еңбегі. Мырыш пен селен эндорфиндердің немесе былайша айтқанда, бақыт гормондарының бөлуіне ықпал жасайды, сонымен қатар, көңіл-күйді жақсартатын және қуат беретін серотониннің бөлінуіне көмектеседі. Осылай, анда-санда жеген шоколад плиткасының еш зияны жоқ.

 
 
 Қара қарақат
 

Неден аулақ болу қажет?

Көңіл-күйді уақытша көтеретін, бірақ жүйке жүйесін жоятын алкогольден бас тартуымыздың қажеттілігі анық. Сонымен қатар, кофеинді көп қолдануға болмайды: қою кофе немесе шәй тынышсыздық сезімін күшейтеді және зейін қоюға мүмкіндік туғызбайды. Күйзеліс кезінде ағза май қорларын жасауға қатты бейім болғандықтан, майлы тамақ жеу жүрек аурулары қауіп-қатерлерін ұлғайтады.

Мәзір

Азаңғы ас:

таңдауыңыз бойынша:

- сүрленген еті/қақталған арқан балығы және салат жапырақтары, майы бар қара нанның 2 тілімі, грейпфрут шырыны,

- мюсли және жемістер/мейіз қосылған табиғи йогурт,

- табиғи йогурт және аскөк/шөптер қосылған асылған жұмыртқадан жасалған паста,

- тауық паштеті, жаңа піскен паприка немесе қызанақ қосылған 2 тілім қара нан.

Екінші азағңы ас:

таңдауыңыз бойынша:

- банандар мен жаңғақтар қосылған сүт коктейлі,

- ішетін йогурт, алма,

- грейпфрут, лимон қосылған минералды су,

- банан, лимон қосылған минералды су.
Түскі ас:

таңдауыңыз бойынша

- аз мөлшердегі тұз, бұрыш және шөптер қосылған, зәйтүн майында қуырылған балық, лимонмен және желкекпен беріледі,

- бұқтырылған бұзау еті, ботқа, үккіден өткізілген қызылша,

- буда піскен балық, қабығымен пісірілген картоп, саумалдық,

- жүгеріден/жасымықтан жасалған сорпа

Бесіндік:

таңдауыңыз бойынша

- табиғи йогурт қосылған қызыл үрме бұршақтан, хош иісті балдыркөктен, паприкадан, пияздан, аскөктен жасалған салат,

- салат жапырақтарындағы қақталған арқан балықтың бірнеше түйірі, алма,

- сәбіз шырын, майсыздандырылған сүзбе және шалғам,

- тұзбен, бұрышпен, шөптермен және табиғи йогуртпен дәмделген тауық етінен, балдыркөктен, грек жаңғақтарынан дайындалған салат.

Кешкі ас:

таңдауыңыз бойынша

- көкөністер қосылған тауық етінен жасалған құйма, ірілей тартылған ұннан дайындалған нан,

- паприка, бұршақ және консервіленген жүгері (мексикандық қоспа), күріш және қышқыл қияр қосылған тунецтен дайындалған салат,

- зәйтүн майында қуырылған қозықұйрықтар және паприка қосылған омлет,

- қызанақтар мен қиярдан жасалған салат қосылған күрке тауықтың пісірілген белдемесі.

Күн рецептісі

Нәрлендіруші бұрыштар
Паприкаш рецептісі
Ұзақ өмір сүруге болысатын диета
Біздің жейтін тамағымыз біздің өмір сүруімізге мүмкіндік береді, сондай-ақ біздің денсаулығымыздың жағдайына және бақытты сезінуімізге әсер етеді. Макробиотикалық емдәм осы принципке негізделеді.

Дене белсенділігі

Аэробикалық қадамдар мен белсенді қозғалыс
Бұл артық калорияларды жоюға, майдан құтылуға және жүрек-қан жүйесін жақсартуға көмектесетін қозғалудың қарқынды пішіні, аэробиканың түрі.