Күн көкөнісі
Күн өнімі
Сіз білесіз бе...
Күніне бес рет көкөністер мен жемістер
Еуропалық Одақтың әр елдеріндегі қоғамдық денсаулыққа жауапты ғалымдар жасы, жынысы, жыл мезгілдері және өмір салтына байланысты салауатты тамақтану бойынша жалпы ұсыныстарды анықтады.
Бұл күніне 5 алма жеу керек дегенді білдірмейді, қайта өз ас үлесіңе қандай да бір жемісті немесе көкөністі күніне кем дегенде 5 рет қосуды ұмытпауға тырысу керек: сорпаға, салатқа (мысалы: сәбізбен қоса апельсин, ақ қырыққабатпен қоса алмалар, авокадомен қоса құлпынай); немесе сорпа, көкөністі езбе, шырын, маринад немесе күрішке, макарондарға гарнир ретінде. Жәй ғана аз жеу қажет, бірақ жақсырақ: көбірек көкөністер мен жемістер. Бұл оңай. Сіз бұл туралы әрқашанда да білдіңіз. Ал енді санаңыз, кеше Сіз бутерброд, котлет, картоп фриі және тұзды асарлық арасындағы үзілістерде қанша рет көкөністер мен жемістер жедіңіз...?
ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ: «Күніне 5 рет» - әр күні соншама рет көкөніс немесе жеміс жеңіз.
Жынысы мен жасына байланысты жемістер мен көкөністердің шамалас күндік үлестеріТөменде көрсетілген ұсыныстарды тек қана ас үлесінің негізгі тағамдарына қосымша ретінде ғана қарастыру қажет.
Әйел
1/2 грейпфрут
Қызанақтардан жасалған салат және цуккиниден жасалған пісірме
Шалғамның бір үлесі немесе кішкене көк қияр
Сорпа немесе жемісті компот
Ер адам
Грейпфрут шырыны
Ешкі ірімшігі, бұршаққынды үрме бұршағы және еті бар жылы салат
Банан немесе тұздалған сабақты балдыркөк
Шашыратқы мен сүрленген еттен жасалған пісірме, көк салат, шарапта маринадталған алмұрт.
Жеткіншек
Жаңа піскен жемістері бар мюсли
Көк қиярлардан жасалған салат, көк ас бұршағы бар тауық, алма бәліші
Банан, жаңа піскен сәбіз, авокадо
«4 жыл мезгілі» пиццасы (қызанақ, бөрікгүл, қозықұйрықтар, болгар бұрышы), көк салат, жемістері бар пудинг
Бала
Апельсин шырыны
Үгітілген сәбіз, картоп езбесі, брокколи
Жемісті компот немесе жаңа піскен жемістер
Сорпа, жеміс компоты













