Күн көкөнісі
Күн өнімі
Сіз білесіз бе...
Қыстық емдәм
Қыста және жазда қолданылатын калориялар нормаларының арасында айтарлық айырмашылықтың жоқтығына қарамастан, жаздық және қыстық тағам үлесі бір бірінен біршама ерекшеленуі қажет.

Пайдалы кеңестер: нені жеу керек және неден бас тарту керек?
• күніне неше рет біз тамақтанатынымыз маңызды. Күніне ең кем дегенде төрт рет жеу керек. Әр 3 сағат сайын тамақтану біздің ағзамызға қажет температураны ұстап тұруға мүмкіндік береді
• құнарлы таңғы ас бізді салқын тиюден сақтайды. Күннің бірінші жартысында майлар тез тарайды және қоректік заттар тез сіңіріледі
• көкөністер мен жемістер: құрамында A, C және E дәрумендері бар (бұл дәрумендер тамақпен келетін қуатты пайдалануға көмектеседі, төзімділік жүйесін ынталандырады) қызанақтарды, тәтті бұрышты, қояншөпті және брюссель қырыққабатын, салатты, балдыркөк жапырақтарын, апельсиндерді, грейпфруттарды, лимондарды, кивиді әр тағамға қосу қажет
• сүт өнімдері, жабайы құс, балық, сиыр еті, үрме бұршақ, дән, өсінділер, жаңғақтар В тобы дәрумендерінің көзі болып табылады және төзімділікті жоғарылату және күйзелісті болдырмау үшін өте маңызды
• ет, бұршақтар, жасымық және ботқалардың әр түрі ағзаны темірдің қажетті мөлшерімен қандырады, яғни қаназдық және төзімділіктің төмендеуі қаупінің алдын алады
• еленбеген ұннан, ірілей тартылған ұннан пісірілген нанды өнімдер, ботқалар - бұлар қоректік өнімдер, сонымен қатар олар қыста 50% көмірсулар беруі қажет қуат көзі
• балық, жабайы құс, жұмыртқа, қояншөпті қырыққабат, жүгері, ас бұршағы ағзаны хроммен қанықтырады, ол тәттіні жеу тәбетін басады
• бұршақтар, соя, зығыр дәндері, күнжіт дәндері, ірілей тартылған ұннан пісірілген өнімдер, балық, жаңғақтар, асқабақ тұқымдары және қояншөпті қырыққабат өздерінің құрамындағы магнийдің арқасында зат алмасуды жақсартады
• сүтте және сүт өнімдерінде, қарамықта, бұршақтарда, сояда, сүйегі бар балықтарда тоқтық сезімін беретін кальций өте көп
• ақ нандар мен тәтті кондитер тағамдарын пайдалануды шектеу бізді артық қанттан құтылуға көмектеседі, ал оның көп болуы семіздікке әкеліп соғады

Азаңғы ас:
2 тілім нан, жас жасыл пияз қосылған сүзбе, асылған жұмыртқа, қызанақтардан жасалған салат, таңқурай шырыны бар шәй
Екінші азаңғы ас:
күрке тауығының сүрленген етімен қоса ірілей тартылған ұннан пісірілген екі тоқаш, жаңа піскен апельсиндер шырыны
Түскі ас:
буда дайындалған тауық төсі, брокколи, қабығымен піскен картоп, шырын қосылған минералды су
Кешкі ас алдында:
банандардан, алмалардан, апельсиндерден және кивиден жасалған жеміс салаты
Кешкі ас:
пісірілген үрме бұршақ, ірілей тартылған ұннан, макрельден пісірілген тоқаш, лимон қосылған шәй













