Күн көкөнісі
Ақ сабақтағы ақ қалпағы бар өсірілетін саңырауқұлақ. Ең алдымен, Еуропада және ағылшын тілінде сөйлейтін елдерде өсіріледі.
Күн өнімі
Мексикандық тұздығындағы жүгері қосылған қызыл үрме бұршақ 212 мл. Қанық әрі ащы томат тұздығындағы қызыл үрме бұршақтың жүгерімен ерекше үйлесімі. Жеке тағам немесе гарнир ретінде үстелге қойыңыз.
Сіз білесіз бе...
Лазанья
дайындау уақыты:
120 min
тағам үлестері:
4
қиындық:
қиын
Лазанья – Италиядағы ең әйгілі тамақтардың біреуінің рецептісі.
Өнімнің сипаттамасы
Лазанья – макароннан, ет турамасынан және көкөністерден дайындалған итальяндық пісірме.
Пайдаланушылар бағалары:
Сенің бағаң:
Құрамдас бөліктері
3 банка қызанақ
1 банка томат пастасы,
1 цуккини,
1 баялды,
2 орташа пияз,
3 бөлік сарымсақ,
2 бұрыш,
500 гр турама ет
500 гр ащы сыр,
250 гр сары қатты сыр
Лазаньяға арналған макарондар
Сыр тұздығы:
2 қасық сары май
4 қасық ұн
2 стакан сүт
Дәмдеуіштер:
үгілген жұпар ағаш жаңғағы, насыбайгүл, орегано, бұрыш, тұз, бір шымшым ұнтақталған бұрыш
Қосымша:
қаңылтыр табаға жағуға арналған сары май
Дайындау әдісі
- Макарондарды сәл тұздалған суда 5 мин бойы әзірлейміз. Оларды тәрелкеге саламыз және жабысып қалмауы үшін бөлек қоямыз.
- Кастрюльге кесілген қызанақ саламыз, насыбайгүл мен ореганоны, әрі қарай баялдыны, цуккиниді және төртбұрыштап кесілген бұрышты қосамыз. Баяу отта бұқтырамыз.
Соным ен бірге пиязды төртбұрыштап кесеміз, тұз бен бұрыш қосып, қуырамыз. - Аяғында ұнтақталған сарымсақ қосып, бір минут қуырамыз, сонан соң осының барлығын тұздыққа қосамыз.
- Кастрюльден етті шығарып, оған пияз қосамыз. Әлсіз отта 8-12 мин жуық әзірлейміз. Ет қуырылғанда, томат пастасын қосамыз да, тағы бірнеше минут бұқтырамыз.
- Етке тұздық қосамыз, дәмі бойынша дәмдейміз және плитадан аламыз.
- Енді ірімшік тұздығын дайындайық.
- Кастрюльде сары майды ерітіп, ұн қосамыз. Ұн ақ болғанша, бірнеше минут қыздырамыз, ал әрі қарай, баяу, үнемі араластырып тұрып, қою қаймақты еске салатын, қою масса алынғанға дейін сүт қосамыз. Сонан соң ірімшік қосамыз да, ол еріген сәтке дейін әзірлейміз.
- Дәмі бойынша бұрышпен және үгілген жұпар ағаш жаңғағымен дәмдейміз.
- Қаңылтыр табаның ішіне май жағамыз. Түбіне кезекпен: макаронды, оның үстіне сыр тұздығын, ет салмасын саласыз, сары сырдың бір бөлігін себеміз де, өнімдер таусылғанша осының барлығын қайталаймыз.
- Үстіне үгілген сыр мен насыбайгүл себеміз.
- Духовкада 190 C температурада 30 мин. бойы қыздырып пісіреміз.
Тегтердi бұлт
ЕҢ ӘЙГІЛІ 5 рецептілер
Біздің жейтін тамағымыз біздің өмір сүруімізге мүмкіндік береді, сондай-ақ біздің денсаулығымыздың жағдайына және бақытты сезінуімізге әсер етеді. Макробиотикалық емдәм осы принципке негізделеді.













