Күн көкөнісі
Күн өнімі
Сіз білесіз бе...
Майо емханасының емдәмі
Емдәм 14 күнге созылады және аптаға екі мәзірден тұрады.

Майо емдәмі жайында маңызды ескертулер
Сіз жететін нәтижелер оңай байқалады, бәрақ, өкінішке орай, сол өнімдерді барлық уақыт бойы қолдануыңыз қажет. Екінші аптада мәзірді шамалы түрлендіру қажет, бірақ ас алдыңғыдай қалады.
Міндетті ережелерді ұстаныңызМайо емханасының емдәмі біргеше ұстанымдарға негізделеді. Күнделікті 4-6 жұмыртқа жеп, артынан шамамен 2 литр сұйықтық ішу қажет. Минералды су, шөп тұнбалары, кофе немесе ашық шәй ішуге болады. Тұз бен қанттан, майлылығы жоғары сүт өнімдерінен, бұршаққынды өсімдіктерден, жемістер мен алкогольден бас тартыңыз.
Көкөністерге: салатқа, сәбіз бен брокколиге, қияр мен қызанаққа назар аударыңыз. Ең жақсы нәтижеге жету үшін, мәзірден картоп, майлы ет, тәттілер, жеміс шырындары және газдалған сусындар сияқты өнімдерді алып тастау қажет.

Сонымен қатар, бір жұмыртқада 250 мг ға дейін холестерин бар екендігін де есте ұстау қажет. Және дәл осындай үлес ересек адамдарға арналған рұқсат етілген күндізгі үлес болып табылады.
Жұмыртқалардың құрамында өте көп мөлшерде жоғары сапалы ағуыз бар. Оны, сонымен қатар, "мінсіз протеин" деп те атайды. Адам ағзасы осындай ағуызды 100% сіңіреді. Осындай ағуызды көп мөлшерде пайдалану материяның өзгеру үдерісін жылдамдатады, метаболикалық жолдарды белсендіреді және майларды жоюды жеңілдетеді. Сонымен қатар, жұмыртқалар көптеген минералдардың көзі болып табылады.
Көкөністер туралы ешқашан ұмытпаңыз
Көкөністер - Майо емханасы емдәмінің екінші ұстанымдық құрамдасы, олар бізді пайдалы дәрумендермен және минералдармен қамтамасыз етеді. Бұл элементтер метоболикалық үдерістерге түрткі болу және олардың тиімділігін қамтамасыз ету үшін қажет. Көкөністер тағы да олардың құрамындағы көп мөлшерлі жасұнықпен пайдалы, олар ішектердің толқи қимылдауын жақсартады, нәжіс шығаруға мүмкіндік туғызады және бізді зиянды уыттардан босатады. Жасұнық, сонымен қатар ағзадан ауыр металдармен және қышқылдармен бірге бос радикалдарды шығарады. Ол емдәм ұстанатын кез келген адам үшін өмірдей қажет, өйткені ол тойғандық сезімін тудыра отырып, "асқазанды" алдай алады, осының арқасында бізде аштық сезімі пайда болмайды.
2 асылған жұмыртқа, қара кофе шыныаяғы.
Түскі ас:
2 асылған жұмыртқа, 200 г пісірілген көкөністер.
Түскі ас:
2 асылған жұмыртқа немесе 150 г пісірілген ет, лимон шырыны қосылған салат жапырақтары.
қара кофе шыныаяғы, аз ғана қытырлақ пісірілген нан.
Түскі ас:
150 г қуырылған ет, лимон шырыны қосылған үккіден өткізілген сәбіздің шыныаяғы.
Кешкі ас:
асылған 2 жұмыртқа немесе 100 г майсыз сүрленген ет, 150 г майсыздандырылған йогурт.













