Күн көкөнісі
Күн өнімі
Томат пастасы 417 мл. Ерітілетін құрғақ заттардың 25-28% массалық үлесі бар жоғарғы сұрыпты томат пастасы. Құрамында тек қызанақтар ғана бар.
Сіз білесіз бе...
Пияздың көзді қатты жасаурататындығы мен ащы дәмі бәрімізге таныс. Сондай-ақ, пиязды қолданудың неше түрлі жолдары бар екенін білеміз. Ендіше пиязды пайдалану жолдарына тоқталып өтейік.
Мексикалық тағамдар
Испандық конкистадорлар сондай-ақ аспаздық өнерді... қосқанда, көптеген салаларда өзінің ізін қалдырды. Екі мәдениеттің түйісуі тамаша жемісін - хош иісті және бай мексикалық тағамдарды әкелді.
Испандықтар Мексикаға келгенге дейін не май, не зәйтүн майы белгілі болмаған. Тамақты суда немесе буда пісірген, кейде жерде қазылған шұңқырларда әзірлеген. Испандық колонизаторлар өмірдің стилін және жергілікті адамдардың тамақтануын қабылдап, жылдам американдандырылды. Жаңа аспаздық әдістер - қуыру, гриль және т.б. көптеген таң қаларлық рецепілердің пайда болуына мүмкіндік туғызды.
Тәннен және жүгеріден жаралған адамдар

Тортилья немесе начос …?Жүгері массасынан мексикалық нан – тортильяны пісіреді. Қамыр дайындау үшін құрғақ дәндерді кальций қосылған суға бұқтырады, дайын болғанша пісіреді, сонан соң түнге қалдырады. Келесі күні дәндерді сүзіп алып, жуады және ұнтақтайды. Ұнтақталған массадан жұқа таба нандар жасап, комаль деп аталатын, қыздырылған балшық плитаға салады. Таба нандардың басқа түрі - тотопос - жұқа, тілімшелермен кесілген, оларды тұзбен және ащы чили бұрышымен араластырылған, пісірілген және ұнтақталған жүгері ұнынан дайындайды. Американдықтар оларды "Начос" деген атаумен мәлім етті.

Үрме бұршақ мачосы
Үрме бұршақ жүгерімен үйлескенде адам ағсасын ағуыздарды шығару және теңестірілген түрде тамақтану үшін қажетті сәйкес амин қышқылдарымен қамтамасыз етеді. Үрме бұршақты хош иісті шөптер қосып дайындауға немесе дайындаған соң ұнтақтауға және паста түрінде жасауға болады, оны тортильяның ішіне салады.
Ыстық темперамент құпиясы …
Мексикада ащы чили бұрышы дәмдеуіштердің королі болған және болады. Мексикалықтардың ащы бұрышты жақсы көріп кеткендері соншалықты, чили бұрышымен дәмделмесе, тіпті ең таңдаулы тамақтың өзі аяқталмаған болып есептеледі. Көбінесе мексикалықтар чили тұздықтарын әзірлейді
– қызыл және жасыл қызанақ қосылған, ұнтақталған ащы бұрыш, қою болуы үшін күнбағыс, асқабақ, жер жаңғағы дәндерінен немесе какао түйірлерінен жасалған пастаны, сондай-ақ әр түрлі дәмділіктерді қосады. Шамамен ащы бұрыштың әр түсті, пішінді және дәмді 90 сорты белгілі.
Мексика: сүтпен абай болыңыз!
Ең жақсы мәлім мексикалық алкогольді сусын – бұл, әрине, текила. Алайда бұл сусынды сүтпен араластыратын рецепт жоқ. Сүттің құрамындағы химиялық қосылыстар текиланың әсерін күшейтеді және тіпті екі сусынның да шамалы мөлшері болғанда күшті алкогольді мастық күйге әкеледі.
Тегтердi бұлт
ЕҢ ӘЙГІЛІ 5 рецептілер
"Аштықтан қалай өліп қалмауды", сонымен бірге кішкене арықтауды біз сізге айтып береміз. Тағамдағы әдеттеріңізді дәл қазір өзгерткен жөн.













