Қоректiлiктердiң көкөнiс, диеталар, калькуляторы, рецепттер, сау қоректену

www.bonduelle.kz
en ru ro ua bg by kz

Bonduelle

Күн көкөнісі

Жаңа ұнтақталған ақ бұрыш тағамдарды одан әрі дәмді етеді
Жемістерінің сұрыбына байланысты әр түрлі пішіні, түсі және көлемдері бар жылу сүйетін өсімдік.

Күн өнімі

Томат пастасы 417 мл. Ерітілетін құрғақ заттардың 25-28% массалық үлесі бар жоғарғы сұрыпты томат пастасы. Құрамында тек қызанақтар ғана бар.
Томат пастасы 417 мл. Ерітілетін құрғақ заттардың 25-28% массалық үлесі бар жоғарғы сұрыпты томат пастасы. Құрамында тек қызанақтар ғана бар.

Сіз білесіз бе...

Тағам жасыл бұршақпен бола алады
Қандай көкөніс банкіге бірінші түсті...?

Мысыр тағамдары

Түрік, араб немесе грек тағамдарымен көп ортақ Мысыр тағамдары.

Мысыр тағамдары өте „ауыр” болып есептеледі.  Бірақ бұл онымен толығырақ танысудан бас тарту үшін себеп болып табылмайды. Бұл айтарлықтай өзіндік тағамдар, олардың дәмін туристердің барлығы жақсы көре бермейді. Дәстүрлі египет тамақтары  негізінде көкөністер мен ет қосылған күріштен құралады. Оларды  май қосып әзірлейді және тұзбен, бұрышпен, пиязбен және сарымсақпен, сондай-ақ хош иісті көкпен, мысалы, зиремен, аскөкпен немесе жалбызбен дәмдендіреді.

 
Пышақ пен шанышқысызМысырда нан – әрбір дастархандағы міндетті ас. Мысырлықтар жұқа нан тілімдерінен үшбұрыш жасап, оларға тамақ салады. Сондықтан Мысырда көже ішкенде болмаса, асхана  құралдарын  пайдаланбайды деуге болады.
 
 мысырлық пицца рецепті


Мысырлық ас мәзірі

Мысырда таңертеңгі ас пен ланчқа саумалдыққа ұқсас moloheja өсімдігінен дайындалған көже береді. Сондай-ақ голубцыға ұқсас тамақ  mahszi да көпке  мәлім. Оның ішіне күріш пен көк қосылған сиыр етін салады. Махшиді алуан түрлі тәсілдермен орайды. Егер бұл жапырақтар жүзім немесе қырыққабат жапырақтары болса - mahszi kromb. Егер де ет қосылған күріштен дайындалған салмамен қызанақты толтырса -  mahszi tomatom, егер цуккини - mahszi kusa, кәді - mahszi bitengen аламыз. Мұндай тәсілмен дайындалған көкөністер пеште қыздырып пісіріледі де, бірден дастарханға беріледі, өйткені суып қалған тамақ өзінің дәмін жоғалтады.


Мысырлықтар таңертеңнен бастап taamejа бутербродтарын да жейді. Әдетте олар  екі нан кесегінің арасына салынған котлеттен құралады. Таамеяға арналған котлеттерді дәмдеуіштер қосып, үрме бұршақтан немесе түрік бұршағы. Жаңа пісірілген котлетті салат жапырақтарымен бірге нанға салады. Foul - ұнтақталған және қуырылған атбас бұршақтан дайындалған дәстүрлі тамақ. Мұндай салманы әдетте  питаға ұқсас shammy нанына салады.  Мысыр мейрамханаларында таамея мен фулдардың орасан көп мөлшерін табуға болады, оларды май, ет, жұмыртқа немесе қиярдан жасалған torshi қосып береді.


Паста қосылған нан – Мысырда мәлім жеңіл тамақ. Мысырлықтар нанды a'aish деп атайды және оның көптеген түрлері бар, көбінесе a'aish baladi - тәрелке өлшемді тегіс нан кездеседі. Біздің бөлкелерімізге ұқсайтын а'aish fransawi да бар, басқаша - француз наны. Нанды сезам тұздығымен береді – tahina, оған лимон шырыны мен сарымсақ қосылады.  Нанға берілетін екінші тұздық -   babaganuk, сарымсақ пен және ақжелкен қосылып, баялдыдан жасалады.

 Дәстүрлі мысырлық тағамдар
 
 
Мысырлық  пицца
Мысырда өзінің меншікті пицца fiteer бар, ол жұқа қамырда пісіріледі. Оны ылғи да  клиенттің қатысуымен дайындайды және өзіңіз қосқыңыз келген қосымша бөліктерді өзіңіз таңдай аласыз. Таңдау айтарлықтай үлкен: жұмыртқа, сыр, қызанақ, ет және алуан түрлі көкөністер. Салманы қамырдың ішіне немесе сыртына салуға болады, қамыр татымды және тәтті болуы мүмкін.
 
Мыңжылдық көжелерМысырда көжелер өте жақсы мәлім. Түскі асқа көбінесе суп moloheja или ads,-  үрме бұршақтан дайындалған қою көжені қолданады. Көкөністерді, әсіресе баялды мен қызанақты әдетте  сарымсақ қосып томат тұздығында қуырады, сондай-ақ макарон қосылған тамақтар, мысалы бешамель тұздығындағы турама қосылған лазанья мәлім. Вегетариандықтар musaga,-  кәдіден, қызанақтан, сарымсақтан, май мен дәмдеуіштерден дайындалған, духовкада қыздырып пісірілген қоспаны артық көреді.

 

Ет көбірек және балық азырақ

Өте көп мөлшерде қосындылары бар салаттар, нан және ет – египеттік түскі астың негізгі құраушылары. Мысырда жақсы  мәлім түскі ас тамақтары арасында  грильде қақталған тауықты (firekh)  немесе күріш және дәмдеуіштер салынған көгершінді  (hamam) ерекше атап кету керек.

Бірақ мысыр тағамдарының ішінде  аса жақсы мәлімі және танымалы  kofta және kebab ,- шампурларда дайындалған ет және грильден алынған ет екені күмәнсыз.  Әдетте kofta ет турамасынан әзірленеді, ал кебебті негізінде қозы етінен жасайды, бұл тамақтар ақжелкенмен немесе пияз қосып қуырылған қызанақпен, кейде нанмен, салатпен және сезамнан жасалған пастамен беріледі .
Александрияда,  Мысырдың ең үлкен портында, сондай-ақ теңіз жағасында орналасқан басқа қалаларда  балық пен теңіз өнімдерінен әзірленген тамақтардың орасан көп түрін береді, бірақ бұл тамақтар  басқа теңіз жағасындағы елдердің тамақтарына онша ұқсас емес.

Күн рецептісі

Ащы көз тартарлық бұқтырылған сиыр еті
Пучеро – Аргентинаға испандық колонизаторлар әкелген тамақ.
Кеңсе қызметкерлеріне арналған тамаша диета
"Аштықтан қалай өліп қалмауды", сонымен бірге кішкене арықтауды біз сізге айтып береміз. Тағамдағы әдеттеріңізді дәл қазір өзгерткен жөн.

Дене белсенділігі

Аквааэробика
Суда жаттығулар жасау бұрыннан бері қолданылып келеді, бірақ соңғы жылдары олардың әуенмен үйлескен жаңа түрі пайда болды.