Қоректiлiктердiң көкөнiс, диеталар, калькуляторы, рецепттер, сау қоректену

www.bonduelle.kz
en ru ro ua bg by kz

Bonduelle

Күн көкөнісі

Саңырауқұлақтардың әсерін тегін көшіріп алу
Ақ сабақтағы ақ қалпағы бар өсірілетін саңырауқұлақ. Ең алдымен, Еуропада және ағылшын тілінде сөйлейтін елдерде өсіріледі.

Күн өнімі

Мексикандық тұздығындағы жүгері қосылған қызыл үрме бұршақ 212 мл. Қанық әрі ащы томат тұздығындағы қызыл үрме бұршақтың жүгерімен ерекше үйлесімі. Жеке тағам немесе гарнир ретінде үстелге қойыңыз.
Мексикандық тұздығындағы жүгері қосылған қызыл үрме бұршақ 212 мл. Қанық әрі ащы томат тұздығындағы қызыл үрме бұршақтың жүгерімен ерекше үйлесімі. Жеке тағам немесе гарнир ретінде үстелге қойыңыз.

Сіз білесіз бе...

Нандағы калориялар мөлшері

Пайдаланушылар бағалары:
Қызық
Сенің бағаң:
Сіз осы жерден нан-тоқаш өнімдеріндегі, соның ішінде тәттілеріндегі ақуыз бен көмірсулар мөлшерінің кестесін таба аласыз.
Пісірілген тағамдардағы калориялар

Нан – біршама жұғымды және энергетикалық құндылығы бар өнім болып табылады, сондықтан ол тамақтанудың балалар пирамидасының негізі болып табылады. Ең бастысы, оның құрамында біз үшін энергияның көзі болып табылатын дұрыс күрделі көмірсулар, сонымен қатар жүйке жасушаларының жұмысы үшін қажет В тобы дәрумендері, фолий қышқылы, мырыш, магний, кальций, ағуыздың белгілі мөлшері, сондай-ақ орасан маңызды балласт заты бар.

Нан нәрлілігінің кестесі
ӨнімдерСан
Энергетикалық құндылығы (ккал)
 Ағуыздар (г)Майлар (г)
Көмірсулар (г)
Багет 100 г 282 7,9 1,7 60,1
Бидай наны 100 г 249 6,8 1,4 56,0
Бидай тоқаш наны 100 г 272 7,3 1,5 58,5
Бүйрекше нан 100 г 296 5,6 13,0 38,8
Дәндері бар нан 100 г 228 8,6 1,4 43,9
Қара бидай наны 100 г 223 5,6 1,7 51,5
Кәдімгі нан 100 г 245 5,4 1,3 57,0
Кепкен нан 100 г 305 8,1 4,7 58,8
Көкнәр қосылған тоқаш наны  100 г 304 7,5 5,2 55,5
Өрме нан 100 г 333 7,0 7,0 61,6
Повидло қосылған қаусырма 100 г 284 5,3 61,0 2,1
Сүзбе қосылған ватрушка 100 г 318 10,6 12,3 40,1
Тәтті тоқаш наны 100 г 299 8,0 5,3 53,7
Тоқаш нан 100 г 235 8,0 0,9 48,9
Тосап қосылған тоқаш наны 100 г 293 6,5 4,2 57,1


Нан – құнарлы қасиеттері Қоректік құндылықтары жағынан алып қарасақ, ең пайдалысы елеуіштен бір рет еленген ұннан немесе құрамында көбірек дәрумендер мен минералды тұздары, сонымен қатар дәннің сыртқы қабығында кездесетін балласт заты бар қара бидайдан дайындалған нан. Ақ нан аз ғана жұғымды құнарлыққа ие, сонымен бірге, әдетте, килокалориялардың көп мөлшерімен сипатталады. Майлы өсімдіктердің: күнбағыстың, асқабақтың, күнжіттің, зығырдың, сояның, көкнәрдің, жүгерінің тұтас дәндерін, сонымен қатар зеренің дәмқосарларын қосу арқылы дайындалған нан дәрумендердің, минерал тұздардың және қанықтырылмаған май қышқылдарының қосымша көзі болып табылады.

 

Салауатты емдәмдегі нанның қатысы

Қара нанның құрамындағы балластық заттар ішекті тағам қалдықтарынан тазартады, ішектің перистальтикасын жеңілдетеді, бізді бірнеше сағат бойы тойымдылық сезімімен қамтамасыз ете отырып, суды сіңіреді. Бұл тәбетті тежейді және дене сымбаттылығын сақтауға мүмкіндік береді. Одан басқа, қан құрамындағы холестириннің шоғырламасын төмендетуге көмектеседі, өйткені ол асқазан-ішек жолдарынан оның сіңірілуін шектейді. Қара нанды қолданудың қарсы көрсетілімдері асқазанның және ұлтабардың жарасы, сонымен қатар бауыр мен ішек аурулары болып табылады, өйткені ол қышқыл түзеді және іш желденуінің пайда болуына әкеліп соғуы мүмкін. Астық тұқымдастардың тұқымдарында дән маңызы бар. Целиакиямен ауыратын адамдар «кәдімгі» нанды жей алмайды. Бұл табиғи ағуызды көтере алмайтын фенилкетонуриямен ауыратын адамдарға да қатысты. Ақ нан нәзік және тез қорытылады. Ол кішкентай балалармен, жуанішегінің тітіркену әйгіленісінен, асқазан жарасынан немесе ұйқыбезінің ауруларынан жапа шегетін адамдармен қолданылу үшін кеңес беріледі. Егер біз оны шектен тыс пайдаланбасақ, онда анық толмаймыз.

 

Сақтаудың кеңес берілетін тәсілдері

Нанды ең жақсысы зығыр материалына орай отырып, ағаш немесе пластмасс сыйымдылықтарда сақтаған жөн. Бұл мақсат үшін полиэтилен қапшықтары сәйкес келмейді, өйткені нан онда ылғалданады және көгереді.  Нан бар сыйымдылыққа алманы немесе шикі картопты салған жөн – нан өз балғындығын ұзағырақ сақтайды. Нанды тіпті үш айға да мұздатуға болады. Ол хош иісін жоғалтпауы үшін, оны нығыздап ораған жөн. Оны мұздатқышта сақтамаған жөн, өйткені ол онда көгеріп кетеді.

Күн рецептісі

Нәрлендіруші бұрыштар
Паприкаш рецептісі
Ұзақ өмір сүруге болысатын диета
Біздің жейтін тамағымыз біздің өмір сүруімізге мүмкіндік береді, сондай-ақ біздің денсаулығымыздың жағдайына және бақытты сезінуімізге әсер етеді. Макробиотикалық емдәм осы принципке негізделеді.

Дене белсенділігі

Аэробикалық жаттыгулар қадамын үйрену
Аэробика сөзі "оттегімен" деген мағынаны білдіреді. Аэробикалық жаттығулар қуатты және төзімділікті арттырады, сондай-ақ аурулардан қорғайды.