Күн көкөнісі
Күн өнімі
Сіз білесіз бе...
Он күндік емдәм

Күніне 1,5 литр су ішіңіз Әрқашан минералды су ішіңіз. Тамақ арасында ішіңіз (шөлдемесеңізде ішіңіз, су ішкенді ұнатпасаңыз бал немесе лимон қосып ішіңіз). Судың орнына қантсыз, жемісті шай ішуіңізге болады.
Ұйықтар алдында жеміс жеңіз Таңертең белсенділігіңіз жоғары болған кезде, орташа көлемді жеміс жеңіз. Көкөністерге қарағанда құрамында қант көп болса да, тез қорытылады. Алма, цитрустық жемістер, бүлдірген жеңіз, банан мен жүзім жемеңіз.
Өсімдік сорпалары Түскі аста бір кесе сорпа ішіңіз. Сорпаға өсімдік, жаңа піскен шөптер, ақжелкен, аскөк қосыңыз. «vegeta» маркасының сорпасы мен тұзын қолданбаңыз, құрамында натрий болғандықтан, ағзада суды көп ұстап, салмақты тез түсірмейді. Сорпаны қара бидай кеспесі мен картоптан жасаңыз.
Келбетіңіз түзеледі
Сіз ішетін тағам барлық қажетті заттарды құрайды, балдырлар мен ашытқышқа қарсы заттар да бар. Емдәм сіздің денсаулығыңызды жақсартып, күш береді.

Диетикалық ережелер:
- Бәрінен де таңғы ас пен түскі асты кішкентай ыдыста, ені 17-18 сантиметр, тамақтанған дұрыс. Бұл калорийді есептегеннен жақсы. Ескерту! Бұл деген өзіңізді ыдыс мөлшерімен шектеу деген емес.
- Жиі тамақтаныңыз. Әдетте күніне 5 рет (қарныңыз ашпаса да)
- Бұл ағзаңызда глюкоза көлемін дұрыс сақтап, қарныңызды аштырмайды.
- Асыңызды әзірлеңіз – ыдысыңыздың тең жартысы көкөністерден құралсын: салат, қызылша, қияр, шалғам, бұрыш, цикорий, брокколи, гүлді капуста (шикі не піскен). Ыдысыңыз 30% көміртегіге бай тағамдардан құралсын: қара нан, күріш, макарон, картоп және 20% белок құрайтын тағамдардан: майлылығы төмен сүт тағамдары, ет, жұмыртқа, теңіз балығы.
- Шайды күнімен ішуіңізге болады
Мәзір:
Таңғы ас: 2 түйір қара бидай нан, көкөністі салаты
Түскі ас: брокколей көжесі, 2 картоп, 150гр. балық аллюмин жылтыр қағазда пісірілсін, 2 ас қасық қышқыл қырыққабат қосылған аралас салат.
Кешкі аста: салат ірімшік пен нан, 2 жапырақ салат, қызылша, жарты бұрыш













