Күн көкөнісі
Күн өнімі
Сіз білесіз бе...
Өнім және өнімдер

Консервіленген көкөністердегі витаминдер мен минералдық заттардың барынша мүмкін мөлшерін сақтау үшін, Бондюэль егістіктен жинау сәтінен бастап көкөністерді банкаларға жабу сәтіне дейін 4 сағаттан артық емес уақыт ішінде көкөністерді қайта өңдеу ережелерін қатаң сақтайды. Мұндай қатаң стандартты және көкөністерді қайта өңдеудің озық технологияларын пайдалану біздің тұтынушыларымызға ең жоғары сапалы пайдалы және дәмді өнімді ұсынуымызға мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасының рыногына жеткізілетін Бондюэль компаниясының өнімі меншікті Бондюэль зауыттарында және серіктес-өндірушілердің Ресейде, Венгрияда, Польшада, Францияда, Испанияда, Үндістанда, Қытайда және Украинада орналасқан зауыттарында өндіріледі. Барлық зауыттар өнімнің сапасына қалт етпейтін назар аударады. Бондюэль сарапшылары дәннен бастап дайын өнімге дейін өндірудің әрбір кезеңінде бақылау жүргізеді.













