Күн көкөнісі
Күн өнімі
Сіз білесіз бе...
Өнімдерді сақтау әдістері
Аппертиздеу
Біз аппертиздеу деп атайтын асты консервілеу әдісі 1810 жылы Николя Аппердің арқасында пайда болды. Оның мәні суға батырылған және герметикалық жабылған сыйымдылықта асты ұзақ дайындау. Бұл пастерлеу әдістерінің біреуі. Консервілеу үдерісі ауаның қатысуынсыз жабық кеңістікте жүргізіледі.
Аппертиздеу үдерісі кезінде өнімдерге зиянды микроағзалардың дамуы баяулайды. Бұл оның дәмін өзгертпей, өнімдерді мүлде қауіпсіз етеді. Осындай әдіспен ет өнімдерін және көкөністерді сақтайды.
ПастерлеуПастерлеу әдісін Луи Пастер ферменттеу үдерістеріне тәжірибелер жүргізу кезінде ойлап тапты. Пастерлеу кезінде өнімді микроағзалар жойылатын температураға деін қыздырады. Пастерлеудің классикалық әдісі 60ºC-тан асатын, бірақ 100ºC-тан аспайтын температурада өтеді. Пастерлеудің өнімдер құрамындағы дәрумендерді жоғалтпай, олардың дәмдік және қоректік қасиеттерін сақтап қалуға мүмкіндік беретіні маңызды.
Мұздату
Мұздату ең заманауи, сондықтан да азық-түлік өнімдерін консервілеудің ең сапалы әдісі. Өнімдерді әр түрлі температурада мұздатады. Көкөністер мен жемістерді - 30-тан - 40 °C-қа дейінгі, етті - 20 °C-тан - 40 °C-қа дейінгі температурада мұздатады.
Алынған мұздатылған өнімдер өздерінің емдәмдік, қоректік және органолептикалық қасиеттерінің көпшілігін сақтайды. Осы әдістің арқасында өнімдер біздің ағзамыз үшін маңызды дәрумендер мен минералды тұздар, сонымен қатар ағуыздар мен майлар сияқты қоректік заттардың ең көбін сақтайды. Мұздатылған өнімдер қайтадан мұздатылуға жатпайтынын есте ұстаған жөн. Мұздату өнімдерді сақтаудың ең тиімді әдісі болып саналады.
АшытуАшыту – бұл өнімдерді сақтаудың биологиялық әдісі. Оның мәні сүтті ферменттеу нәтижесінде сүт қышықылын бөлуде. Ашыту әдісі бірінші кезекте өсімдік өнімдерін сақтау үшін қолданылады. Ашыту олардың қоректік қасиеттеріне әсер етпей, өнімдерді сақтауға мүмкіндік береді. Еуропалық елдердің көптеген тағамдарында қырыққабатты ашыту өте танымал болды. Дұрыс ашытылған қырыққабатты жаншу және арнайы бөшкеге салу қажет. Ашытудың барлық үдерісінде тұздық суды құйып отырған маңызды. Тұздық су қырыққабаттан сөлдің бөлінуіне әсер етеді және сүтқышқылды бактериялардың дамуын тездетеді.
Кептіру
Өнімдерді сақтаудың әдісі ретінде кептіру барлық жерде қолданылады, яғни тек үйде ғана емес, сонымен қатар азық-түлік өнімдерін шығаратын фабрикаларда да. Жүздеген жылдар бойы белгілі екендігіне қарамастан асты кептіру үнемі жетілдірілуде. Кептіру өнімдерді судан босатады. Бұл оларды зиянды микроағзалардың дамуынан тамаша қорғайды. Бұл әдіс шәй, кофе, макарон өнімдерінде, сонымен қатар кептірілген жемістерді алу үшін қолданылады.
ЫстауЕт, балық немесе ірімшік сияқты өнімдерді ыстау оларды арнайы ыстағыштарда түтін әсеріне қою арқылы болады. Ыстауға қажетті түтінді жапырақты ағаштарды жағу арқылы алуға болады. Ыстаудың арқасында біздің өнімдер өзіндік дәм мен иіс алады.













