Күн көкөнісі
Ақ сабақтағы ақ қалпағы бар өсірілетін саңырауқұлақ. Ең алдымен, Еуропада және ағылшын тілінде сөйлейтін елдерде өсіріледі.
Күн өнімі
Мексикандық тұздығындағы жүгері қосылған қызыл үрме бұршақ 212 мл. Қанық әрі ащы томат тұздығындағы қызыл үрме бұршақтың жүгерімен ерекше үйлесімі. Жеке тағам немесе гарнир ретінде үстелге қойыңыз.
Сіз білесіз бе...
Пекинше үйрек
дайындау уақыты:
360 min
тағам үлестері:
4
қиындық:
қиын
Пекинше үйрек – қытай асханасының ең жақсы мәлім тамағы, оны тек пекиндік мейрамханаларда ғана емес, сонымен бірге бүкіл әлемде береді.
Өнімнің сипаттамасы
Пекиннен алыс емес фермаларда өсірілген үйректің еті өзінің дәмімен жаулап алады. Үйректі дайындау үдерісі өте күрделі: етке арнайы шәрбат жағады, сонан соң одан ауаны шығарып, қайнаған сумен толтырады. Отқа жеміс ағаштарының әр түрлерінен сала отырып, ашық отта пісіреді.
Пайдаланушылар бағалары:
Сенің бағаң:
Құрамдас бөліктері
Үйрек:
1 үйрек (2 кг жуық)
2 ас қас. соя тұздығы
2 ½ ас қас. қоңыр қант
1 ас қас. шарап сірке суы
12 дана көк пияз
1 қияр
Хоишин тұздығы:
250 г алхоры повидласы
3 ас қас. соя тұздығы
1 қасық шери
дәс қабығы, ұнтақталған қызыл бұрыш,
ұнтақталған зімбір
Жайма құймақ:
4 стакан ұн
1 ½ стакан қайнаған су
2 ас қас. күнбағыс майы
тұз
Дайындау әдісі
- Үйректі 3 минутқа қайнаған суға салу керек. Алып шығып, сорғытып, толығымен кебуі үшін, іліп қою керек.
- Соя тұздығын, қоңыр қантты және шарап сірке суын араластырып, үйректің тұтас етіне жағып, тағы да 4 сағатқа іліп қою керек.
- Духовканы 190ºС дейін қыздырып, үйректі қағаздың үстіне салып, оның астына су құйылған ыдысты қою керек. 30 минут қыздырып пісіру керек. Температураны 150ºС дейін азайтып, тағы 1 сағат қыздырып пісіру керек.
- Жайма құймақ: тұз бен ұнды араластырып, су қосып, қамыр илеу керек. 15 минутқа қалдыру керек. Қамырдан диаметрі 5 см табан нан жасап, оны қалыңдығы 1 см дөңгелектерге кесу керек. Әрбір дөңгелекті 8 см дейінгі диаметрде жаю керек. Әрқайсысының бір жағына күнбағыс майын жағып, екіге бүктеп, тағы да 15 см дейінгі диаметрде жаю керек. Жайма құймақты ыстық табада күнбағыс майында қызарып кетпейтіндей, 1 минутқа жуық қуыру керек. Екіге бүктеп, үйрек дайын болғанша, жылы күйінде сақтау керек.
- Тұздық: соя тұздығын, повидлоны, шериді және дәмдеуіштерді жақсылап араластыру керек. Үнемі араластырып тұрып, табада қыздыру керек. Суытып, тоңазытқышқа қою керек.
- Көк пияз бен қиярды ұзын тілімдермен кесу керек.
- Дайын болған үйректі тілімдермен кесу керек. Қасықпен алхоры тұздығын құйып тұрып, жайма құймаққа қиярмен және көк пиязбен бірге бірнеше тілімнен салу керек.
Беру тәсілі
Жайма құймақты орама түтікшелерге орап, қолмен жеу керек.
Тегтердi бұлт
ЕҢ ӘЙГІЛІ 5 рецептілер
Біздің жейтін тамағымыз біздің өмір сүруімізге мүмкіндік береді, сондай-ақ біздің денсаулығымыздың жағдайына және бақытты сезінуімізге әсер етеді. Макробиотикалық емдәм осы принципке негізделеді.













