Күн көкөнісі
Күн өнімі
Сіз білесіз бе...
Пияз

100 г. пиязда – 40 ккал бар.
Пиязда жасұнық, ағуыздар, магний, фосфор, темір, натрий, кальций, калий, A, B1, B2, B6, C, PP дәрумендері бар.
Бактерияларды жойғыш
Пияздың бактерияларға қарсы әсері, сонымен қатар оның індеттердің алдын алатын қасиеттері қатты бағаланады. Пияз шырынында фитонцидтер бар, олар – бактерияға қарсы табиғи заттар. Шикі пияз бактерияларға қарсы қосылыстырға бай екенін білген жөн. Тіпті, бұқтырылған немесе пісірілген күйдегі пияз әлі көп нәрсе ұсына алады.
Холестерин деңгейін азайтады, жүректі күшейтеді және қатерлі ісік ауруынан қорғайды
Пияз холестеринмен күресуге көмектеседі, өйткені ол оның деңгейін едәуір түрде азайтады. Қанды сұйылту әсерін береді, соның арқасында күретамырдағы іркілістердің пайда болу қаупін азайтады, қан қысымын түсіреді және жүректі қорғайды. Қазіргі кезде пиязды және одан жасалған өнімдерді күнделікті пайдалану қатерлі ісік ауруларының пайда болуын азайтатын дәлелдеуді мақсат еткен кең көлемді зерттеулер жүргізілуде.
Жылатады
Пиязды турағанда біз неге жылаймыз? Бұның бәрі пияздан бөлінетін LFS энзимдерінің құрамында күкірті бар аминқышқылдармен араласу кезінде түзілетін сульфон қышқылдарының жұмысы, олар шырышты қабықты және жас бездерін тітіркендіреді және бұл жас тамшыларының бөлінуіне әкеліп соғады. Егер ақжелкенді немесе қуырылған кофе дәнін шайнасаңыз, бұл ұнамсыз құбылыс жоғалады.

Пиязсыз Мысыр пирамидалары болмас еді …
Пияз тарихы кем дегенде 3000 жылды құрайды, ал оның отаны Орталық Азия және Үндістан болып табылады. Римдіктердің арқасында ол Еуропаға келді, ал Христофор Колумб оны мұхиттың ар жағына таратты. Пияз суреттері, тіпті, мысыр пирамидаларында да табылды – олардың құрылысын салған құлдардың тағамы пияз болған, өйткені індеттер таралуының тиімді алдын алады. Бүгінде пияз бүкіл әлемде өсіріледі және барлық құрлықтардың тағамдарында үлкен ынтамен қолданылады.












