Қоректiлiктердiң көкөнiс, диеталар, калькуляторы, рецепттер, сау қоректену

www.bonduelle.kz
en ru ro ua bg by kz

Bonduelle

Күн көкөнісі

Саңырауқұлақтардың әсерін тегін көшіріп алу
Ақ сабақтағы ақ қалпағы бар өсірілетін саңырауқұлақ. Ең алдымен, Еуропада және ағылшын тілінде сөйлейтін елдерде өсіріледі.

Күн өнімі

Вакуумды орамадағы дәнді тәтті жүгері 212 мл. Алтын жалатылғандай, қытырлақ, тәтті және шырынды. Салаттарға арналған әйгілі құрамдас бөлік.
Вакуумды орамадағы дәнді тәтті жүгері 212 мл. Алтын жалатылғандай, қытырлақ, тәтті және шырынды. Салаттарға арналған әйгілі құрамдас бөлік.

Сіз білесіз бе...

Пияздың көзді қатты жасаурататындығы мен ащы дәмі бәрімізге таныс. Сондай-ақ, пиязды қолданудың неше түрлі жолдары бар екенін білеміз. Ендіше пиязды пайдалану жолдарына тоқталып өтейік.

Польша тағамдары

Дәмі бойынша өте керемет және жоғарғы сапасы бар шұжықты өнімдер және ысталған өнімдер, сонымен қатар, тәттілер мен басытқылар, әсіресе ұннан дайылған өнімдер польша асханасының фирмалық тағамдары болып табылады. Бигос, қырыққабат және саңырауқұлақ болмаса ет қосылған варениктер, голубецтер, «журек» ұнды ашытқыдағы сорпа және сиыр еті зразылары – бұл міндетті түрде дәмін татып көру қажет тағамдар…

Тойлау бай әрі алуан түрлі польша асханасының ажырамас элементі болып табылады. Жүздеген жылдар бойы өткен тарихи өзгерістер польша асханасында үлген рөль атқарды. Қарқынды тарихтың ұзақ жылдары бойы басып алынған, тәуелсіздіктен айырылған ел өз мәдениеті мен салт-дәстүрін өмірдің барлық саласында дерлік бағалады және әлпештеді. Осы себеппен польша асханасында көрші мемлекеттерден және қоныс аударушылардан алынған әр түрлі тағамдар бірге дамыды, оның қазіргі күнге дейін жергілікті тағамдардың алуан түрлілігі мен байлығында өз бейнесі бар.

 

Табиғаттың сыйлары

Әдеттегі польша тағамдарының, оларда қолданылатын өнімдердің қол жетімділігімен байланысы бар. Польша, жоғарғы ағаш өсіру мүмкіндігі бар аграрлық өлке ретінде, ең жақсысын табиғаттан алды. Сондықтан, осында дәнді тағамдарды – нанды, ботқаларды және әр түрлі ұннан дайындалған тамақтарды – варениктерді, клёцкиді немесе құймақты атап айтқан жөн.
 
 
 Биго- поляк тағамы

Көкөністер мен көктің байлықтары қолданылған сорпалар немесе шаруашылықта өсірілген көкөністер мен еттен дайындалған басқа тағамдар немесе орман алабынан ұсталған жабай құс еті маңызды орындарды алады. Орманнан, сонымен қатар, жеткілікті бағаланатын саңырауқұлақтар, жемістер мен шөптер алынады. Тұщы суды мекендейтін балықтар, ал теңізге қол жетімділік жағдайында, сондай-ақ теңіз балықтары да маңызды орынға ие. Көптеген жылдар өткенмен және бүгінгі күнге дейін, көптеген өнімдердің қол жетімділігіне қарамастан, дәстүрлі польша тағамдары өзгеріссіз қалды және көне рецептуралармен дайындалады.

 

Тойлау

Достық пікір-таластармен, кейде ән айтумен бірлескен той-думандар жылдар бойы поляктарға серік болды. Олар мәдени, діни, саяси, бірақ бәрінен бұрын, ұлтжанды қызметтерді орындады. Мүмкін, тіпті, қазіргі күнге дейін салтанатты қонақасы немесе таныстармен достық кездесу бойынша, немесе отбасы шеңберінде тойланатын мерекелер мен сән-салтанаттар поляктардың өмірінде үлкен роль атқаратыны сондықтан болар.
 Кәдімгі поляк тағамдары
 
 

Жылдар бойы танымал әйгілі тағамдар

Ең танымал польша тағамдарына: әр түрлі ет пен саңырауқұлақтар қосылған, бұқтырылған ашытылған қырыққабат – бигосты, томат немесе кілегей тұздық қосылған, етпен және күрішпен жентектелген қырыққабат жапырақтары – голубецтерді немесе төс ет және қышқыл қияр салынған, оралған сиыр етінен дайындалған зразыларды сеніммен жатқызуға болады.
 
Қызылша қайнатпасында, көбінесе құлақшалармен – ет қосылған шағын варениктермен дайындалатын – борщ, ақ шұжықпен, асылған жұмыртқамен және ақжелкекпен берілетін, ұнды ашытқыда дайындалынатын - «журек» сорпасы немесе орман саңырауқұлақтарынан дайындалатын саңырауқұлақ сорпасы, сондай-ақ назар аударуға тұрарлық. Керемет шұжық өнімдері мен ысталған өнімдер өте өзгеше болып табылады, ал асарлық ретінде майдағы, сірке суындағы немесе қаймақтағы майшабақты міндетті түрде жеп көру керек. Сонымен қатар, кез келген тамақ талғағышты қанағаттандыратын, бүгінгі таңда алуан түрлі әдістермен жасалынатын, ет, сүзбе немесе жеміс қосылған дәстүрлі варениктер ұсынуға тұрарлық. Сондай-ақ, өңделген жемістер - джемдер, повидлолар, конфитюрлер және нәрсулар да танымал болып табылады. Басытқыларға қатысты келесілер: бұлар, ең бастысы, жеміс қосылған ашытқылы қамырдан дайындалған өнімдер, сондай-ақ көкнәр қосылған қаусырма, пряник немесе сүзбеден жасалынған пісірме. Сонымен қатар, дәстүрлі қызғылт салмасы бар бүйрекше нанды да жеп көрген жөн.

 

Ашытылған қырыққабат – қышқыл, бірақ пайдалы

Ашытылған қырыққабат польша тағамдарының және де керемет салаттардың  баға жетпес құрамдас бөлшегі болып табылады. Тұздалып, ферментацияланатын, туралған қарапайым ақ қырыққабаттан дайындалады. С, РР дәруменінің және В тобының көп дәрумендерінің бай көзі ретінде бағаланады. Ашытылған қырыққабат та, сондай-ақ тұздалған қияр да, польша дастарханының көбінде әлі де кездеседі.

 

Ғасырлық сыра және керемет жеміс шараптары

Дәстүрлі польша спиртті ішімдігі таза арақ болып табылады деген пікір бар. Бірақ сыра қайнатудың жүз жылдық дәстүрі бар екенін білген жөн, және польша сырасы тек қана өз отанында ғана емес, сонымен қатар одан тыс жерлерде де бағалананады. Алуан түрлі жеміс шараптарын және орман немесе маусымдық жеміс-жидектерден тұндырмаларды дайындау өнерін поляктар сияқты ешкім де игермеген шығар, ал оларды дайындау рецептурасы қатал сақталынады және ұрпақтан ұрпаққа беріледі.

Күн рецептісі

зәйтүн майында дайындалған түйінделген кәді
Бұл тамақтың шығуымен байланысты көптеген аңыздар бар. Оның біреуінде исламдық имам алғаш рет осы тамақтың дәмін көргенде есінен танып қалған делінген.
Ұзақ өмір сүруге болысатын диета
Біздің жейтін тамағымыз біздің өмір сүруімізге мүмкіндік береді, сондай-ақ біздің денсаулығымыздың жағдайына және бақытты сезінуімізге әсер етеді. Макробиотикалық емдәм осы принципке негізделеді.

Дене белсенділігі

Тай Чи - негізі белсенді медитацияға бағытталған дәстүрлі Қытай тәжірибесі
Негізгі назарды белсенді медитацияға аударатын дәстүрлі қытай әдістеріне негізделген дене жаттығуларының түрі.