Қоректiлiктердiң көкөнiс, диеталар, калькуляторы, рецепттер, сау қоректену

www.bonduelle.kz
en ru ro ua bg by kz

Bonduelle

Күн көкөнісі

Саңырауқұлақтардың әсерін тегін көшіріп алу
Ақ сабақтағы ақ қалпағы бар өсірілетін саңырауқұлақ. Ең алдымен, Еуропада және ағылшын тілінде сөйлейтін елдерде өсіріледі.

Күн өнімі

Вакуумды орамадағы дәнді тәтті жүгері 212 мл. Алтын жалатылғандай, қытырлақ, тәтті және шырынды. Салаттарға арналған әйгілі құрамдас бөлік.
Вакуумды орамадағы дәнді тәтті жүгері 212 мл. Алтын жалатылғандай, қытырлақ, тәтті және шырынды. Салаттарға арналған әйгілі құрамдас бөлік.

Сіз білесіз бе...

Тәрелкедегі түсті қырыққабат
Жазушы гүлді қырыққабат жайлы.

Португал тағамдары

Португал тағамдары – бұл араб және еуропа тағамдарының тамаша қосындысы. Португалияда теңіз сыйларынан, еттен және көкөністерден жасалған тағамдар өте танымал.

Португал тағамдары - құрлықтың ең "батыс" тағамдары

Португалия – ұлы теңіз жүзушілері мен саяхатшылар ұрпақтарының елі. Оның заманауи тағамдары бір жағынан жаулап алушылардың әсерімен, атап айтқанда римдіктер мен арабтардың, екінші жағынан - португал теңіз жүзушілері Жаңа Әлемнен әкелген экзотикалық дәмдеуіштердің әсерімен жасалды. Португал үстеліндегі тағамдар өз бойына қарапайым дәм мен жергілікті дәмдеуіштердің экзотикасын қосады. Римдіктер португал тағамдарына сарымсақ, ал арабтар - күріш, бадам, лимондар, құрмалар мен шабдалыларды әкелді. 

 

Жасыл сорпа, жасыл шарап Солтүстікте caldo verde - жасыл сорпа өте танымал, ол дәстүрлі португал сорпасы болып табылады және оны дайындау үшін couve gallega қырыққабатының жапырақтары пайдаланылады. Жасыл сорпамен бірге португал тағамдарында жылы жазғы кештер үшін тамаша болып табылатын жас жасыл шарап verde де жүреді.  Егер осының бәріне broa de milho жүгері нанын және бүкіл әлемге әйгілі chorizo шұжықшаларын қоссақ, онда нағыз тамақ талғағыш үшін тағамдардың мінсіз жиынтығы шығады.

 
Дүниедегі ең жақсы шарап
Португалия туралы айтқанда Дору алқабы және оның ең әйгілі өнімі - Porto шарабы туралы ұмытуға болмайды. Көптеген адамдар оны дүниедегі ең жақсы қызыл шарап деп ойлайды.
 
 
 Португал тағамдары

 

Шошқа еті және теңіз сыйларыОрталық Португалия тағамдарының басты ерекшелігі ет тағамдары болып табылады. Ең әйгілісі - Leitão Assado, немесе пісірілген торай. Бұл аймақта ет сондай маңызды, өйткені Португалияның бұл бөлігі - ауылшаруашылық және адамдарға жұмыс жасау үшін көп қуат қажет. Наннан және теңіз сыйларынан жасалған Açorda de Marisco да еске түсірген жөн, оның құрамы көбінесе аспазшының қолында не барлығына байланысты.

 

Тозды емен өсетін жерЕлдің оңтүстігінде екі аймақ: Алентежу және Алгарве бар. Бұл Португалияның ең көркем жері. Тозды емендерді, зәйтүнді және цитрусті плантацияларды кездестіруге болатын жерлерде португалдықтар емен жаңғақтарымен қоректендіретін шошқа сұрыбын  өсіретін жер. Алентежуде болсаңыз, міндетті түрде Carne de Porco à Alentejana дәмін татыңыз, ол устрицалармен бірге берілетін, күнзе мен пияз қосылған шарапта бұқтырылған шошқа еті.

Португалия оңтүстігінің фирмалық белгісі деп олардың тағамдарында мол мөлшерде бар осы аймақтың жемістерін айта аламыз. Тәттілерді жақсы көретіндер Dom Rodrigo  бадам кәмпиттерін және morgado деп аталатын бадам салмалары бар ақ қантты домалақтарды жеп көруі қажет. Кәмелетке толғандарға жергілікті бал брендиі - brandymel шамалы ішіп көрулері керек.

 

Тропикалық аралдардаПортугалияның теңіздің ар жағындағы аумақтары - Азор аралдары мен Мадейраны ұмытпаңыз. Осы аумақтардың мамандануы – ет, әсіресе, құрлықта танымал емес сиыр еті. Негізгі жергілікті тағамдар - бұл cozido à Furnas – жерге көмілген пештерде бұқтырылған әр түрлі көкөністер мен ет түрлерінің қоспасы, сонымен қатар, morcela.

 

Халық мақтанышыПортугал тағамдарының ең әйгілісі Bacalhau деп есептеледі, ол кептірілген және тұздалған нәлім, оны әр түрлі әдістермен дайындайды. Португалдықтар білетін Bacalhau дайындау әдістерінің саны жылдағы күндер санымен бірдей деген наным бар. Негізінен, бұл брокколи, жүгері, пияз, бұрыш, гүлді қырыққабат немесе ас бұршағын қолданатын рецептілер.

 Португалиялық қызыл шарап
 
 
Португалия белгісі - әтеш
Барселуш әтеші – Португалия белгісі, бірақ әркім оның тарихы аспаздықпен байланысты екенін біле бермейді.
 
 

Көп жылдар бұрын бір қажыны ол өлтірмеген адамды өлтірді деп айыптапты. Қазы үкімге қол кезінде әтешті жеп отырыпты. Айыпталушыға сөз берілген кезде ол, егер ол кінәлі болмаса әтеш тіріледі деп айтты. Әтеш көтерілді де азан шақырды, ал қажыны сол сәтте ақ босатты. Осы жағдайдан кейін әтеш ашық хаттар мен пошта маркаларында орын алған ел белгісі болды.

 

Португал тағамдарындағы көкөністер Португалдықтар тек қана жаңа дайындалған көкөністі салаттарды ғана емес, сонымен қатар етпен, балықпен немесе теңіз сыйлықтарымен бірге бұқтырылған, асылған немесе пісірілген көкөністерден дайындалған тағамдарды да жақсы көреді. Көкөністерді осында бірінші кезекте аштық сезімін басу үшін қолданады. Көп жағдайларда олар тағам негізі болады, бірақ етке немесе балыққа қосымша ретінде де боуы мүмкін. Көкөністер тағамдарды қоректірек және пайдалы заттарға толы етеді. Дәстүрлі португал тағамы feijoada да еске түсірген жөн. Ол негізінен үрме бұршақтан, еттен және басқа көкөністерден тұрады. Португал тағамдарында қызанақтар да өте әйгілі. Олардың Португалияда сіңісіп кеткендігі соншама, тіпті басқа елдердің тағамдарында "португалша" деген қызанақтармен дегенді білдіреді.

 

Шарап тығындарының патшалығы
Португалия сонымен қатар, бүкіл әлемге ең жоғары сапалы тығын өнімінің арқасында әйгілі. Бүкіл әлемде қолданылатын тығындардың үштен екісі Португалияда шығарылған. Шарап өнімдерінде басқа тығындарды қолдану жағдайында шарап өз хош иісін жоғалтса, ал осы тығындардың арнайы қасиеттерінің арқасында шарап өз ерекше хош иісін жоғалтпайды деп саналады.

Күн рецептісі

зәйтүн майында дайындалған түйінделген кәді
Бұл тамақтың шығуымен байланысты көптеген аңыздар бар. Оның біреуінде исламдық имам алғаш рет осы тамақтың дәмін көргенде есінен танып қалған делінген.
Ұзақ өмір сүруге болысатын диета
Біздің жейтін тамағымыз біздің өмір сүруімізге мүмкіндік береді, сондай-ақ біздің денсаулығымыздың жағдайына және бақытты сезінуімізге әсер етеді. Макробиотикалық емдәм осы принципке негізделеді.

Дене белсенділігі

Пилатес жаттығу бағдарламасы - инновациялық жаттығу
Бұл тәнге және жанға арналған жаңартылған жаттығулар.