Күн көкөнісі
Күн өнімі
Сіз білесіз бе...
Редиска

100 г редискада – 14 ккал
Редисканың құрамында натрий, күкірт, кальций, темір, магний, фосфор, мыс, хлор, сондай-ақ A, B1, B2, C, E және PP дәрумендері бар.
Редиска шикі түрінде аса пайдалы
Салаттарға және бутербродтарға қосымша ретінде, шикі түрінде қолданылатын редиска аса пайдалы. Сондай-ақ оны бұқтырылған немесе пісірілген түрінде қолдануға болады. Сондай-ақ салат жапырақтарымен немесе жас қиярмен және көк пиязбен үйлескенде, редиска жапырақтары да жеуге жарамды болып табылады. Редиска жапырақтары тамыр сабақтары сияқты, тура сондай қоректік қасиеттерді, сондай-ақ дәмдік қасиеттерді иеленеді.
Денсаулық үшін
Редиска асқазанның қорытпауын болдырмайды және қыжылды жояды. Асқазанның жоғары қышқылдылығын емдейді, бүйректі тазартады, бүйректе тастар түзілуін болдырмайды. Редиска көру қабілетіне жақсы әсер етеді және жөтелге қарсы әрекет етеді. Оны ревматизмнен зардап шегетін адамдар емдәміне қосуы тиіс.
Тамаша жад
Халық медицинасына сәйкес, редиска анық ойлауды жақсартады және жадтың жақсы болуына мүмкіндік туғызады, Миды артық ақпараттан тазартады және оның жұмысына дем береді.

Сұлулық үшін
Редиска, шалқан сияқты, әдемі шаш көкөнісі деп аталады. Ол шаштың қалыңдығы мен жылтырлығына әсер етеді. Сондай-ақ тері мен тырнақтың күйін жақсартады. Редисканы біраз артық салмағын жоғалтқысы келетіндер қолдануы тиіс, ол жұғымды, бірақ семіруге мүмкіндік туғызады. Редиска арықтауға арналған диеталарда ауыстырылмайтын көкөніс болып табылады.













