Қоректiлiктердiң көкөнiс, диеталар, калькуляторы, рецепттер, сау қоректену

www.bonduelle.kz
en ru ro ua bg by kz

Bonduelle

Күн көкөнісі

Саңырауқұлақтардың әсерін тегін көшіріп алу
Ақ сабақтағы ақ қалпағы бар өсірілетін саңырауқұлақ. Ең алдымен, Еуропада және ағылшын тілінде сөйлейтін елдерде өсіріледі.

Күн өнімі

Вакуумды орамадағы дәнді тәтті жүгері 212 мл. Алтын жалатылғандай, қытырлақ, тәтті және шырынды. Салаттарға арналған әйгілі құрамдас бөлік.
Вакуумды орамадағы дәнді тәтті жүгері 212 мл. Алтын жалатылғандай, қытырлақ, тәтті және шырынды. Салаттарға арналған әйгілі құрамдас бөлік.

Сіз білесіз бе...

Саңырауқұлақтарда калориялар мөлшері

Пайдаланушылар бағалары:
Өте жақсы
Сенің бағаң:
Осы жерден Сіз саңырауқұлақтың құрамындағы ағуыздар, майлар және көмірсулар мөлшерінің кестесін таба аласыз.

Саңырауқұлақтардағы калориялар

Саңырауқұлақтар, негізінен, судан тұрады (көкөністің құрамында қанша болса, оның да құрамында сонша), сондықтан олар төменкалориялы. Саңырауқұлақтар дене салмағын төмендетуді қалайтын адамдар үшін жақсы. Саңырауқұлақтар бізге олар өсетін топырақ минералдарға бай ма, әлде жоқ па екендігіне байланысты минералды тұздардың аз ғана мөлшерімен қамтамасыз етеді.

Саңырауқұлақтарда калориялар мөлшері
ӨнімдерСанЭнергетикалық құндылығы (ккал)Ағуыздар (г)Майлар (г)Көмірсулар (г)
Жас ақ саңырауқұлақтар 100 г 25 3,2 0,7 1,6
Жас қайың саңырауқұлағы 100 г 31 3,3 0,5 3,4
Жіңішке саңырауқұлақ 100 г 17 2,2 1,2 0,5
Кептірілген ақ саңырауқұлақтар 100 г 211 27,6 6,8 10,0
Кептірілген қайың саңырауқұлағы 100 г 231 23,5 9,2 14,3
Кептірілген терекқұлақ 100 г 239 35,4 5,4 12,9
Қозықарын 100 г 16 1,8 0,5 0,8
Қозықұйрық 100 г 15 2,1 0,5 0,5
Майқұлақ 100 г 9 2,4 0,7 0,5
Сазқатпа 100 г 15 1,7 0,7 1,5
Терекқұлақ 100 г 32 2,3 0,9 3,7
Түлкішек 100 г 20 1,6 1,1 1,5

 

Саңырауқұлақтардың құрамындағы дәрумендер мен минералды құрам бөлшектер

Сонымен қатар, олардың құрамында каротин түріндегі А дәрумені және де B1 мен B2 дәрумендерінің біраз мөлшері бар. Қызығы, сондай-ақ, саңырауқұлақтардың құрамында көк өсімдіктерде кездеспейтін, мешел ауруына қарсы D дәрумені бар. Қалған дәрумендер аз мөлшерде кездеседі. Саңырауқұлақтарда микроэлементтердің ішінен, негізінен, шытыралары мен түтіктерінде кездесетін калий, фосфор, кальций және темір басым.

Сонымен қатар, саңырауқұлақтар ағуыз көзі (жануар және өсімдік ағуызының ортасындағы) болып табылады, саңырауқұлақтардың ауыр қорытылуына байланысты тек 60%-ы ғана сіңіріледі. Саңырауқұлақтардың құрамындағы ағуыздардың сүт өнімдеріне, етке және жұмыртқаға қарағанда төмен, бірақ сәбізмен салыстырғанда төрт есеге жоғары құндылығы бар.

 

Жеуге жарамды саңырауқұлақтардың асханада қолданылуы

Саңырауқұлақтардан дайындалған тағамдар құрылыс материалы – хитиннің салдарынан ас қорыту үшін ауыр деп есептелінеді. Асқазанды қосымша артық жүктемеу үшін, саңырауқұлақтар оңай қорытылатын гарнирмен және қосымшалармен (картоп, салат) үйлесуі қажет. Үрме бұршақ, балдыркөк, қияр сияқты ауыр қорытылатын тағаммен үйлестіруден аулақ болған жөн. Көптеген зерттеулер саңырауқұлақтардан дайындалған тағамның алкогольмен үйлесуінің қарсы әсерін көрсетті, ол майлардың таралуына себебін тигізеді, бірақ асқазан сөлі әрекетіне одан берік болатын ағуызды асқазанда қоюландырады. Үш жасқа дейінгі балалар, сонымен қатар, саңырауқұлақтарға аллергиясы бар адамдар оларды тағамда, тіпті, пайдаланбауы қажет. Қытай және жапон медицинасында ғасырлар бойы саңырауқұлақтарды қатерлі ісік ауруларымен, сондай-ақ диабетпен және қан айналымы жүесінің бұзылуларымен күресу үшін пайдаланылады. Саңырауқұлақтардың көптеген түрі адамның иммунды жүйесін нығайтуға көмектеседі.

 

Саңырауқұлақтарды сақтау

Егер жеуге жарамды саңырауқұлақтар дұрыс сақталмаса, дайындалмаса немесе егер біз көне, зақымданған немесе аурулармен зақымданған саңырауқұлақтарды жинаған болсақ, онда жеуге жарамды саңырауқұлақтармен де уланып қалуға болады. Саңырауқұлақтарды себет сияқты желдетілетін сыйымдылықта жинау қажет. Полиэтиленді пакетте олар көгеріп кетуі мүмкін. Оларды термиялық өңдеуден  кейін және жаңадан дайындалған күйінде ғана жеу керек, көп рет жылытпаған жөн және оларды дайындалған күні жеп қойған дұрыс. Дайындау алдында да, одан кейін де саңырауқұлақтарды дұрыс сақтаған жөн, өйткені олар ауру тудыратын бактериялар үшін керемет мекен болып табылады. Саңырауқұлақтарды жинаудан оралғаннан кейін, оларды таңдап, жуып, пісіріп, сосын суды төгіп тастаған жөн.

author: Нурлан

Күн рецептісі

зәйтүн майында дайындалған түйінделген кәді
Бұл тамақтың шығуымен байланысты көптеген аңыздар бар. Оның біреуінде исламдық имам алғаш рет осы тамақтың дәмін көргенде есінен танып қалған делінген.
Ұзақ өмір сүруге болысатын диета
Біздің жейтін тамағымыз біздің өмір сүруімізге мүмкіндік береді, сондай-ақ біздің денсаулығымыздың жағдайына және бақытты сезінуімізге әсер етеді. Макробиотикалық емдәм осы принципке негізделеді.

Дене белсенділігі

Пилатес жаттығу бағдарламасы - инновациялық жаттығу
Бұл тәнге және жанға арналған жаңартылған жаттығулар.