Күн көкөнісі
Ақ сабақтағы ақ қалпағы бар өсірілетін саңырауқұлақ. Ең алдымен, Еуропада және ағылшын тілінде сөйлейтін елдерде өсіріледі.
Күн өнімі
Вакуумды орамадағы дәнді тәтті жүгері 212 мл. Алтын жалатылғандай, қытырлақ, тәтті және шырынды. Салаттарға арналған әйгілі құрамдас бөлік.
Сіз білесіз бе...
Сарымсақ қосылған багет
дайындау уақыты:
30 min
тағам үлестері:
4
қиындық:
жеңіл
Сарымсақ қосылған багет – жазғы жылы кештерде бір бокал шараппен бірге ішетін тамаша жеңіл тамақтың рецептісі.
Өнімнің сипаттамасы
Багет немесе ұзын бөлке, - Францияның, ал дәлірек айтқанда Париждің символдарының бірі. Эйфель мұнарасы, шарап, берет немесе сыр сияқты, Франциядан тыс жерлерде багеттің алуан түрлері бар болса да, багет өзіндік символ болды.Соған қарамастан багеттер бүгінгі күні бүкіл әлемде жақсы мәлім.
Пайдаланушылар бағалары:
Сенің бағаң:
Құрамдас бөліктері
2 багет
сарымсақтың 4 үлкен бөлігі
2 қасық ұсақтап кесілген ақжелкен
2 қасық кесілген насыбайгүл
1 стакан үгілген Чеддар, Пармезан сыры немесе басқа қатты сары сыр
1 қасық немесе дәмі бойынша тұз
6 қасық сары май
6 қасық зәйтүн майы
Дайындау әдісі
- Алдымен сары майды жақсылап ұнтақтау керек. Зәйтүнді, кесілген сарымсақты және дәмі бойынша тұз қосу керек. Осының барлығын біртекті масса алынғанша ұнтақтау керек.
- Әрі қарай осы массаға ақжелкенді қосу және мұқяит араластыру керек.
- Енді багеттерді екіге бөліп кесіп, екі бөліктің әрқайсысында тереңдігі 2-3 см тіліктер жасау керек. Сонан соң тіліктерге және багеттердің жоғарғы бөлігіне сарымсақ пастасын жағу керек.
- Әрбір тілімді жеке алюминий жұқалтырға орап, 180° C температурада 10-12 минутқа духовкаға қою керек
- Әрі қарай багеттерді духовкадан алып, жұқалтырды ашу керек, олардың үстінен көп мөлшерде сыр сеуіп, багеттер қызарғанша, тағы 5 минутқа жуық пісіру керек.
Беру тәсілі
Сәл қызарған багеттерді духовкадан алып, ұсақ тілімдерге кесу керек. Дастарханға жылы күйінде беру керек.
Тегтердi бұлт
Күн рецептісі
Бұл тамақтың шығуымен байланысты көптеген аңыздар бар. Оның біреуінде исламдық имам алғаш рет осы тамақтың дәмін көргенде есінен танып қалған делінген.
ЕҢ ӘЙГІЛІ 5 рецептілер
Біздің жейтін тамағымыз біздің өмір сүруімізге мүмкіндік береді, сондай-ақ біздің денсаулығымыздың жағдайына және бақытты сезінуімізге әсер етеді. Макробиотикалық емдәм осы принципке негізделеді.













