Күн көкөнісі
Күн өнімі
Сіз білесіз бе...
Саумалдық

Саумалдық құрамындағы темір қауіпсіз әрі табиғи, ал темірді фармакологиялық түрінде тым көп қабылдап қою, әсіресе, балалар үшін өте қауіпті болуы мүмкін.
Күш-жігер кілті
Саумалдық - бұл темірдің керемет көзі, ол ағзаның барлық жасушаларын оттегімен қамтамасыз ететін және қуатты өндіру мен зат алмасуға жауапты жүйенің құрамына кіретін гемоглобиннің бөлігі болып табылады. Әсіресе әйелдерге, балаларға және жасөспірімдерге ұсынылады.

Мультфильмдегі консерві банкісі
Саумалдық Парсыдан шыққан, Еуропаға ол IX ғасырда маврлармен келді. Саумалдық жақтастарын өте баяу жинады. Американдықтар жарнамалаған саумалдық Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін ең кең танымалдылыққа ие болды. Бұл көкөністің елшісі мультфильм кейіпкері - Попай теңізшісі болды, оның қолында әрдайым саумалдығы бар консерві банкісі болды. Ол оны бір-ақ жұтыммен босатты, сосын әрқашан қарсыласын есінен тандырумен аяқталатын шайқасқа түсетін.
Он еселенген саумалдық
Саумалдық құрамындағы мол темірмен танымал. Алғашқы есептеулер XIX ғасырда үтірді дұрыс қоймай, қателескен Е. фон Вольфом атты дәрігермен жасалды. Саумалдықтың құрамында оның есептеулерінің нәтижесінен 10 есе аз темір бар! Қате тек 1937 жылы ғана байқалды. Ешнәрсеге қарамастан, ол бұрынғысынша құрамындағы темірдің ғана емес, сонымен қатар С, Е, дәрумендерінің, фолий қышқылының, мырыштың, магнийдің және калийдің арқасында да өте пайдалы көкөністер тізімінде екендігі саумалдықты сүюшілер үшін жақсы жаңалық болып қала берді.













